Дәріс жоспары қазақстанның стратегиялық даму жоспары және елді жүйелі жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру



бет1/2
Дата23.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#132947
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Елубаев СОЦ 14


Орындаған : Елубаев Сәуір, Ануарбек Даулет
Тобы: ЭЭК 20-9
Тексерген : Орынбекова Д.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН СТРАТЕГИЯЛАРЫ МЕН МОДЕРНИЗАЦИЯ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

ДӘРІС ЖОСПАРЫ
1. Қазақстанның стратегиялық даму жоспары және елді жүйелі жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру.
2. Институционалды және нормативті реформаларды жүргізу –Қазақстанды заманауи және дамыған мемлекет ретінде жаңғырту стратегиясын жүзеге асырудағы басым бағыт.
3. Цифрлік технологияларды енгізу және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының түбегейлі жаңа траекториясына өту.

Қазақстанның стратегиялық даму жоспары және елді жүйелі жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру
2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыруға арналған орта мерзімді даму жоспары болып табылады. Ол жинақталған ұлттық жоспарлау тәжірибесіне сәйкес әзірленген және Қазақстан үшін жаңа жаһандық сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер ескеріле отырып, ең жаңа әлемдік жағдайларда дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын жалғастыруда.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын алмастырады, ол жаһандық қаржы дағдарысының салдарын бәсеңдетті және экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсуіне көшуді жеделдетті.
Бүгінгі таңда 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары өзінің басты мақсаттарын орындады
Біз экономиканы өсіру мақсатына қол жеткіздік. 2017 жылдың болжамды қорытындысы бойынша ЖІӨ көлемі 2009 жылға қарай 41% өседі, бұл нысаналы мәнінен 7,7 пайыздық тармаққа жоғары.
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы елімізде 3 жылға 2016 жылы 72,3 жасқа дейін ұлғайды, бұл халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша шаралардың нәтижелілігін көрсетеді. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8,2%-дан 2,6% төмендеді.
Біз TIMSS-2015 бастауыш білім беру сапасын бағалау рейтингінде көшбасшы елдердің қатарына кірдік, 2015 жылы PISA орта білім беру сапасын бағалау рейтингінде біздің оқушылар 2012 жылмен салыстырғанда, нәтижелерін 28-30 балға жақсартты.
Ғылымды қажетсінетін экономиканы қолдау үшін 2015-2016 жылдары 117 инновациялық грант берілді, 45 стратап командасы акселерацияны аяқтады және 8 «Инновациялық технологиялар паркі» ЕЭА қатысушысы болды. Еліміздің жетекші оқу орынына айналған халықаралық деңгейдегі Назарбаев Университеті құрылды.
2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі бағдарламалық міндеттері мен нысаналы индикаторлары мерзімінен бұрын орындалды, қалғандары мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары арқылы іске асырылуда. Ал ел алдына жаңа амбициялық міндеттер қойылды. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру басталғаннан бері Мемлекет басшысы орта мерзімді перспективаға арналған стратегиялық міндеттерді іске асыру тәсілдерін қайта қарауды талап ететін: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы, Ұлт жоспары - 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам», «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы мен «Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы сияқты стратегиялық сипаттағы маңызды саяси құжаттарға бастамашылық жасады.
Институционалды және нормативті реформаларды жүргізу –Қазақстанды заманауи және дамыған мемлекет ретінде жаңғырту стратегиясын жүзеге асырудағы басым бағыт

Әлем бүгінде дамудың ақпараттық кезеңіне, білім-ғылым экономикасына қадам басты. Осындай сындарлы сәтте Елбасымыз мемлекетті ғаламдық үдерістерден ажырағысыз бірлікте өркендету міндетін жүктейтін «5 институционалдық реформаны» ұсынды. Аталған реформа аясына басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, экономикалық өсімді ынталандыру, қазақстандық біртектілікті нығайтып, мөлдір әрі есеп беретін үкімет сияқты кешенді мақсаттар кіреді. Сөйтіп, Қазақстан мемлекет құрудың жаңа кезеңіне табан тіреп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет