Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді:
жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу жасаудың тиімділігін арттырады;
жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;
- сапаны бақылауға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмүнына төмендегі факторлар әсер етеді:
көрсетілетін қызметтің сипаты;
аудиторлық қорытынды есептің нысаны;
клиент бизнесі;
ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;
аудитті орындау процессінде қолданылатын әдістеме.
Жұмыс құжаттарының мазмұны. Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі (растауы) болып табылады. Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Егер жұмыс құжаттарының файлдары стандартталған болса, аудиторға ақпараттарды жинау процессін бақылау және орындалған жұмыстардың бүкіл спектріне мұқият шолу жасау женілірек болады. Жұмыс құжаттарына төмендегілер кіреді:
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны және ұйымдық құрылымы туралы ақпараттар;
Заңдық құжаттардан, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардын көшірмесі;
Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процессінің негіздемесі;
Аудиторлық тексеруді өткізу бағдарламасы;
Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақыты және көлемі, сонымен бірге олардың нәтижелері туралы жазулар;
Ассистенттер орындаған жұмыстарды аудитордың тексергендігінің және алдағандығының дәлелдеулері;