Байланысты: Алматы энергетика және байланыс институты
16.2 Заттардың магниттелуі. Магниттеліну. Кез-келген зат магнетик болып табылады. Олар сыртқы магнит өрісінде магниттелініп, өздерінің магнит өрістерін тудырады. Сыртқы магнит өрісі болмағанда атомдардың магнит моменттері ретсіз орналасады, сондықтан магнит мометінің қорытқы орташа мәні нөлге тең. Заттардағы қорытқы магнит өрісінің индукция векторы:
(16.6)
мұндағы – сыртқы магнит өрісінің индукция векторы (өткізгіштік ток өрісі);
– магниттелген заттың тудыратын меншікті (ішкі) магнит өріс индукциясы.
Заттың магниттелуі бірлік көлемдегі магнит моментімен сипатталады, оны магниттелу векторы деп атайды. Берілген элементар көлемдегі магниттелу векторы:
(16.7)
мұндағы – магнетиктің қарастырылған нүктесінің аймағынан алынған элементар көлем;
– осы көлемдегі жеке молекулалардың магнит моменті.