Алматы энергетика және байланыс институты Физика кафедрасы


Конденсаторлар мен оқшауланған өткізгіш энергиясы



бет37/49
Дата07.02.2022
өлшемі427,65 Kb.
#87686
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
Байланысты:
Алматы энергетика және байланыс институты

12.2 Конденсаторлар мен оқшауланған өткізгіш энергиясы
Өткізгіштің заряды мен   потенциалы болсын. Өткізгіштің беті эквипотенциал болғандықтан (12.4)  потенциалды интегралдың сыртына шығаруға болады. Сонымен, зарядталған өткізгіш энергиясы 
(12.5)
түрінде жазылады.
Зарядталған өткізгіш энергиясы оны зарядтауға кеткен сыртқа күштердің жұмысына тең.
Зарядталған конденсатор үшін келесі өрнек алынады
(12.6)
12.3 Электростатикалық өріс энергиясы
Зарядталған жазық конденсаторды қарастырамыз. Оның энергиясы  (13.6) формуласымен, ал электр сыйымдылығы
.  (12.7)
өрнегімен анықталады.
Егер конденсатор астарларының   ара қашықтығы оның өлшемдерінен айтарлықтай аз болса, онда конденсатор энергиясын біртекті деп қарастыруға болады. Сонда  , осы және (12.5) өрнектерін (12.6) формуласына қойып, алатынымыз:
(12.8)
мұндағы   жазық конденсатордағы өрістің алып тұрған көлемі. Бұл формулада конденсатор энергиясы электр өрісін сипаттайтын 
өріс кернеулігімен өрнектелген. Осы жағдайда энергия таралған көлем бойынша осы энергияны тасымалдаушы рөлін өріс атқарып тұр. Тұрақты өріс және оған себепші зарядтар бір-бірімен тікелей байланыста. Алайда уақыт бойынша өзгеретін өріс өзін тудырушы зарядтарға байланыссыз болады да кеңістікте электромагнитті толқын ретінде тарай береді. Тәжірибе электромагнитті толқын энергия тасымалдайтынын көрсетті.
Атап айтқанда, Жер бетіндегі тіршілікке керекті энергия Күннен электромагнитті толқындар арқылы (жарықпен) жеткізіледі, радиоқабылдағыштардағы сөйлететін энергиялар орталық станциядан электромагнитті толқындармен жеткізіледі т.с.с. Осы фактілер энергия тасымалдаушылар өріс екендігін білдіреді.
Электростатикалық өріс энергиясының көлемдік тығыздығын (12.8) өрнегін пайдаланып мына түрде алуға болады
. (12.9)
Изотропты диэлектриктерде   және   векторларының бағыттары бағыттас, сондықтан (12.9) формуласындағы  -ны  -ге алмастырып, алатынымыз:
. (12.10)
Бірінші қосынды вакуумдегі, екіншісі диэлектрикті үйектеуге кеткен өріс энергия тығыздығын сипаттайды.
Әрбір нүктедегі өріс энергиясының тығыздығын білсек, төмендегі интеграл көмегімен бүкіл V көлемдегі энергияны табуға болады.
. (12.11)
Бұл біртекті және біртекті емес электростатикалық өрісті, сонымен қатар айнымалы потенциалды емес өрісті есептеуге пайдалынатын әмбебап формула.
13 дәріс. Тұрақты электр тогы
Дәрістің мақсаты:
 тұрақты электр тогының негізгі сипаттамаларын оқып үйрену;
 металдардың электр өткізгіштігінің классикалық теориясын меңгеру және одан электр тогының негізгі заңдарын қорыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет