Алматы энергетика


 дәріс. Өндірістік шаруашылық әрекеттерді экологиялау



Pdf көрінісі
бет21/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
eoiup 1

 
7 дәріс. Өндірістік шаруашылық әрекеттерді экологиялау 
Дәрістің мақсаты: қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық мәселелерді 
шешу жолдарын қарастыру. Өндірісті экологияландыру қағидаларымен 
танысу. 
Дәрістің мазмұны: 
1) Бүгінгі таңдағы экологияның мәселесі. 
2) Өндірісті экологиялау мағынасы. 
3) Өндірістің экологиялық дәрежесін бағалау көрсеткіштері. 


35 
7.1 Бүгінгі таңдағы экологияның мәселесі 
 
Экология мәселесі бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды 
мәселелерінің бірі болып отыр. Аталмыш мәселенің пайда болуының басты 
алғышарты - қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік техногендік 
ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауға 
болады. XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында адамзаттың 
шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми – 
техникалық жаңару биігіне көтерілуі – экономикалық реформалардың ерекше 
сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды. 
Экономикалық дамудың кешенді стратегиялық бағытын таңдауға мәжбүр 
болған көптеген мемлекеттердің жоспарлы әрекеттері, әсіресе табиғат 
ресурстарының байлықтарын ысырапсыз игеру үрдістерін қалыптастырды. 
Шаруашылық-өндірістік нысандарда экологиялық қауіпсіздік шараларын 
қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерге қарамастан, антропогендік – 
техногендік ықпалдар – глобальді масштабты қамтып, жер планетасының 
табиғи балансының ауытқуына қауіп төндіруде.
Экономикалық қажеттіліктерден туындаған адамзат перзентінің ғылыми 
техникалық жетістіктерге сүйене отырып, жер қойнауындағы байлықтарды 
молынан игеруге күш салуы – экологиялық сауатсыздықтың белгісі екені 
анық. Аталмыш үрдістер, қазба байлықтарды ысырапсыз пайдаланумен 
шектелмей, ғарыш кеңістігін игеруде, атомдық станциялар мен электр желісі 
жүйелері өнеркәсібін дамытуда, шикізат қорларын өңдейтін химиялық 
өндірістік орындардың ашылып, қарқынды түрде жүргізілуін жеделдетті. 
Адамзаттың ғарышты зерттеп, атомдық кешенді қондырғыларды іске қосуы – 
ғылыми – техникалық прогрестің бұрынғыдан гөрі қарыштап дамуын 
жеделдеткенімен – ол жетістіктер экологиялық проблемаларды шешудің 
басты алғышарттары бола алмады. Әлем кеңістігінде белең ала бастаған 
экологиялық апаттар жыл өткен сайын кеңейе тусуде. Әсіресе, жер 
шарындағы атмосфералық жауын-шашын мөлшерін реттеп отыратын әлемдік 
мұхит экожүйесінің ластануы – биогеоценоз айналымының тежелуіне ұйытқы 
болуды. Сондай-ақ, ірі өнеркәсіп орындарының зиянды қалдықтарының ауа 
қабатына араласуы, жасыл желек алқаптарының жойылуы, флора мен фауна 
дүниелерінң деградациялануы сияқты көріністер жыл өткен сайын жиі 
қайталануда.
Тірі организмдердің таралуы бірінші кезекте өздері мекендейтін 
ортаның жағдайымен анықталады. Барлық тірі және өлі объектілер, жануарлар 
мен қоршаған өсімдіктер, олармен өзара тікелей байланыста болатын мекен 
ортасы деп аталады.
Қоршаған орта (немесе қоршаған табиғат ортасы) терминінде адамның 
ықпалы жайылатын табиғаттың сол бөлігі ретінде түсініледі.
Тірі организмдерге әсер ететін ортаның элементі - экологиялық фактор 
деп аталады. Өзінің ықпал ету ерекшеліктеріне қарай ол үш негізгі топқа 
бөлінеді: 


36 
- абиотикалық факторлар - бұл өлі табиғаттың тірі организмдерге 
тікелей немесе жанама түрде әсер етіп, олардың өмір сүру жағдайын белгілеу 
қасиеті (температура, жарық пен басқа сәулелі энергия, ылғалдылық, ауаның 
құрамы, атмосфералық қысым, жауын-шашын, жел, су құрамы, топырақ, жер 
бедері т.б.) 
- тіршілік факторлары - бұл тіршілік иелерінің бір-біріне әсер етудің 
барлық формалары. Әрбір организм басқа жеке дараның тікелей немесе 
жанама түрдегі ықпалын бастап кешіреді, өздерінің немесе өзге түр 
өкілдерімен өзара қатынаста болады немесе оларға тәуелді болып, не болмаса 
өздері әсер етеді.
- антропогенді факторлар - организмдердің мекен ортасына, табиғаттың 
өзгеруіне, олардың өмір сүру жағдайына тікелей ықпал жасайтын адам 
қызметінің барлық факторлары. Мұндай факторларға жататындар: өнеркәсіп, 
ауыл шаруашылық өндірістері, көлік пен шаруашылықтың өзге салалары. 
Әсіресе, соңғы жылдары антропогенді түрде табиғатқа әсер ету жылдамдығы 
арта түсуде.
Экологиялық факторлардың әр алуандылығына қарамастан олардың 
организмдерге әсер ету қасиеті мен тіршілік иелерінің жауап беру 
реакциясының бірқатар ортақ заңдылықтары бар.
Материалдық өндіріс табиғатпен тығыз байланысты. Оны табиғат → 
табиғи ресурстар → материалдық өндіріс → тұтыну өнімдері және қалдықтар 
желісі ретінде қарастыруға болады. Материалдың өндіріс артқан сайын табиғи 
ортаға жүктемелер, оның ішінде зиянды әсерлерді азайту үшін өндірісті 
шектеу, тоқтату мүмкін емес. Мәселені шешудің бір ақ жолы бар, ол өндірісті 
экологиялау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет