Алматы облысы Қапшағай қаласында қызанақты зиянкестері және ауруларынан қорғау шаралары Орындаған: Алшынбай Дәулетияр



бет5/9
Дата25.01.2022
өлшемі1,66 Mb.
#114281
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
семестрлік Алшынбай Д
4, музей, osh fo himija 9-klass kaz

Тұқымдарды отырғызу. Қызанақтың өскінін 19 мамыр күні екі ыдысқа салдым. Бірінші ыдысқа құнарлы топырақ салып, күннің көзі мол түсіп тұрған, жылы бөлмеге қойдым. Екінші ыдысқа жай топырақ салып, күннің көзі нашар түсетін бөлмеге қойып, су құйып бақыладым. 6 күннен кейін бірінші ыдыстағы қызанақтың өскінінің алғашқы жапырағы шықты. 15 күннен кейін күн көзі нашар түсетін бөлмедегі қызанақтың өскінінің алғашқы жапырағы шықты.

Көшеттерді жүйектерге отырғызу. Үйде өсірілген көшеттерді маусымның 2-сі күні ауладағы бақшаға отырғыздым. І-ші жүйекке құнарлы топырақ және марганец түйіршектері салынған сумен алдын ала суғарып, тыңайтқыштар қостым. Іі-ші жүйекке отырғызылған көшеттердің топырағы құнарсыз және бұл жүйекке күн сәулесі нашар түседі. Қызанақтың күтімі. Жүйектердің топырағын қопсытып, арам шөптерін жұлып, жаңа өскен сабақтарын қыстырып, суардым. Кейіннен қопсыту жұмыстары әр 10 күн сайын қайталап тұрдым. Қопсыту жұмыстарымен бірге арамшөптерін жұлдым. Бірақ тамыр сабағына абай болу керек. Қызанақты бірқалыпты суарады. Судың жетіспеушілігі қызанақтың тез өсуіне кедергі болады, сондықтан қызанақты кешке қарай, күні бойы күн астында тұрған жылы сумен де суғардым. Бұл қызанақтың тамырларының суып кетуіне жол бермейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет