Зиянкестер Кəдімгі өрмекші кене – tetranychus urticae koch. (Arachnida класы, acariformes отряды, tetranychidae тұқымдасы). Өрмекші кене өте ұсақ, ұзындығы 0,4-тен 0,6 мм дейін болады. Кененің денесі сопақша келген, оның түсі бозғылт сарыдан янтарь түске дейін немесе қызғылт реңкті жасыл түске айналады. Ересек дарақтарында 4 жұп аяқ, ал баланқұрттарда – 3 жұп аяқ болады. Ұрықтанған аналық кенелер өсімдік қалдықтарының астында, топырақ кесектерінің астында немесе құрылыс саңылауларында қыстайды. Ашық алаңда олар жыртылған жерлерде өліп қалады жəне кенелер жолдың жиегінде, сондай-ақ ағаштар мен бұташықтар түбінде сақталады. Күресу шаралары. Кенемен аса көп зақымданатын дақылдарды (қияр), аз зақымданатын (қызанақ) жəне зақымданбайтын дақылдармен (гүлді капуста) араластырып отырғызу қажет. Жабық алаңда қорғау шараларын бірлі-жарым дарақтар байқала бастағанда жүргізеді. Зиянкестің алғашқы ошағы біліне бастағанда, өсімдікке жыртқыш кенені – фитосейулюсті, яғни жыртқыштың 15-60 дарағын бір өсімдікке шаққанда жібереді, бірақ жыртқыш пен оның құрбанының арақатынасы 1:80 кем болмауы тиіс. Өрмекші кене өсімдіктерді жаппай басып кетсе, фитосейулюсті есеппен 50100 дарағын 1м2 алаңға жібереді. Акарицидтермен өңдеу регламенті бойынша жүргізіледі. Ашық алаңда өндірістік себу үшін өткен жылғы егістерден, жылыжайлардан, асқабақ дақылдарынан 1000 м аса ара қашықтықты сақтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |