Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінің



Дата27.05.2020
өлшемі157,15 Kb.
#71345
түріСабақ
Байланысты:
Қазақ тілі ҚМЖ
7-сынып 3-тоқсан(алгебра) (1), Саясаттану 15 3


Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылындағы

қазақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Аман-Турлина Гульнар Турганбаевна


№ 54 сабақ

Қазақ тілі



Мектеп: Қырғауылды ОМ

Күні: 31. 01.2020 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Аман-Турлина Г.Т

Сабақтың тақырыбы:


Әлеуметтік желідегі сауатсыздық

СЫНЫП: 7 Б


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Т/А5 Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

ӘТН4.3 Шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану.



Сабақ мақсаты


Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап береді;

Өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырып, талқылайды;

Шылау түрлерін ажыратады, орынды қолданады;


Бағалау критерийі

  • Проблемалық сұрақтарға өз ойын айтады;

  • Осы сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді;

  • Жауабын өзгелермен салыстыра талдайды;

  • Шылау түрлерін ажырата біледі, орынды қолданады;

Тілдік құзіреттілік

Әлеуметтік желі, сауатсыздық, тіл сауаттылығы, парақшалар ...

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

информатика

Алдыңғы оқу

Әлеуметтік желіні пайдаланамын

Сабақтың жоспары

Жоспарланған

уақыт

Сабақ барысы

ресурстар

Басталуы

5 минут


Сәлемдесу.

Оқушылар «Әлеуметтік желілер» логотипі бойынша топқа бөлінеді.





Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Амандасу


Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.



Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Жаңа сабақ тақырыбын анықтау мақсатында оқушыларға диалог ұсынылады.

I-түрі

 - Сәлем досым, хал қалай?



- Шүкір жақсы, өзің қалайсың?

- Бүгінгі кешке дайындығың қалай?

- Ата-анам жұмыстан келгесін баратын болдым.

-Жарайды, ендеше кешікпе, күтеміз!

- Кездескенше!

II- түрі

- Салам кент каксын

- тема озин

-тема гой че там кешке неистейсин келесинба

- проблема кеш барам

- дывай кешикпе ждем

Оқушылар ойларын ортаға салады. Бүгінгі сабақ тақырыбы: Әлеуметтік желідегі сауатсыздық екенін анықтайды.

ҚБ. Жарайсыңдар


1-топ:

В Контакте

2-топ:

Instagram



3-топ:

Faceebook

4-топ:

Whatsapp


Логотиптері

Слайдтан көрсетіледі

http://old.baq.kz/kk/blog/352/blog-


Жаңа білім

5 минут




Оқылым алдындағы тапсырма.

Ж.

«Бос микрофон» ойыны.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.

-Әлеуметтік желінің пайдасы қандай?

-Әлеуметтік желінің зияны қандай?

-Әлеуметтік желіде қандай сауатсыздық болуы мүмкін?

Оқушы пікірлері тыңдалады. Оқушыларға дескрипторлар таныстырылады. Егер тапсырманы орындадым не дайынмын десе, жеттім деген белгі бойынша бір қолын көтереді; егер талпындым десе, екі қолын көтереді; (бағалау ретінде смайлик жапсырып отырамын)

Дескриптор: Әлеуметтік желінің 2 пайдасы туралы айтады.

Әлеуметтік желінің 2 зияны туралы айтады.

Әлеуметтік желідегі кездестірген 2 сауатсыздық туралы айтады.

ҚБ. Тамаша



Микрофон
слайд




Ортасы

10 минут



Оқылым тапсырмасы. Оқушыларға әлеуметтік желілерден келген мәтіндер таратылады. Мәтінмен танысады.

Әлеуметтік желідегі сауатсыздық.

Проблемалық сұрақтар:

  • Жастардың басқаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлеуі неден деп ойлайсыздар?

  • Әлеуметтік желідегі тілбұзар сөздер мен орашолақ сөйлемдерге қалайша жол бермеуге болады?

  • Ғаламтордағы тілдік нормалардың бұзылуы неден және оған кім кінәлі?

  • Ғаламтордағы тіл тазалығына мән бермеу сауатсыздық па, әлде салғырттық па?

Дескриптор: Мәтінді оқып танысады, топта талдайды;

Проблемалық сұрақтарға жауап береді;

Өз жауабын өзгелердің жауабымен салыстырып, талдайды;

ҚБ.Керемет



http://anatili.kazgazeta.kz/ А.Жұмашев мақаласы 20 - Сәуір, 2017 ж. «Ана тілі» газеті

слайд


Сергіту сәті

3 минут


«Бұзық телефон» ойыны

Оқушылар ортаға шығады. Шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім сыбырлап айтқан сөйлемді келесі адамға жалғастырады. Егер соңғы айтқан адам қате айтса, телефон бұзық болғаны.

Биыл Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл.


телефон

Аяқталуы

Сабақты бекіту

8 минут


Ж.

Мәтіннен шылау сөздері бар сөйлемдерді табу керек.

Мысалы:


  1. Ғаламтор жүйесі өмірімізге енбей тұрған кезге дейін жарық көріп жатқан кітап, баспа өнімдері редактор, корректор мамандарының қырағы көзінен өтетін.

  2. Мәселен, әлі күнге дейін әлеуметтік желілердегі қате сөздер мен орашолақ сөйлемдерге қалайша жол бермеуге болады?

  3. Құпия мағын­ада сөйлесуі сәнге айналған заманда жаргон сөздердің қолданыс аясы да кеңейіп келе жатқанын байқау қиын емес.

Дескриптор: шылау сөздерді табады, түрлерін ажыратады;

ҚБ. Жарайсың



мәтін

Бағалау

3 минут
Кері байланыс

3 минут
Үйге тапсырма

3 минут


Бағалау критерийі бойынша мұғалім бағалауы.

  • Проблемалық сұрақтарға өз ойын айтады;

  • Осы сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді;

  • Жауабын өзгелермен салыстыра талдайды;

  • Шылау түрлерін ажырата біледі, орынды қолданады;



Мұғалімнің парақшасына кері байланыс қалдырады.

оқиды.

Үйден «Әлеуметтік желідегі менің достарым» эссе жазуға


чат


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Қабілеті жоғары оқушыларға үндеу жаздыртуға тапсырма беремін.

Қосымша көмекті қажет ететін оқушыға ресурс, мәтін бойынша жеке қолдау көрсету арқылы саралау жүргізіледі.



Оқушылардың жетістіктерін өздері жеттім не талпындым деп бағалап отырады. Сабақ соңында мұғалім бағалауы жүзеге асады.

Информатика пәнімен байланыс болады. АКТ-мен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережелері сақталады. Оқушы бойынша тіл байлығымызды сақтау, елдің ертеңін ойлар патриот болуға баулу.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Сабақ мақсаты шынайы болды.

Мен берілген уақыт ішінде жоспарлаған жұмыстарыма толықтай үлгердім.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Проблемалық сұрақтарды талқылау

2: Сергіту сәті

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Шылауды анықтауда көрнекілікті көбірек қолдану

2: Әлеуметтік желідегі ақпаратты тез табу үшін сілтемені нақтырақ беру

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Кейбір оқушылардың әлеуметтік желіні қолдана алмайтындығынан басқа ресурстардан тапсырманы қарастыру




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет