«Алматы облысы білім бақармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің


Ата-ана балаларын адалдыққа үйретемін десе



бет2/2
Дата23.12.2021
өлшемі23,1 Kb.
#127818
1   2
Байланысты:
баяндама

Ата-ана балаларын адалдыққа үйретемін десе:

* Айтқан сөзінде тұру керек. Қандай да бір жағдайда уәдеңізді орындай алмасаңыз, балаңызға не себепті орындай алмағаныңызды айтып кешірім сұраңыз.

* Егер балаңызға өзіңіз өтірік айтып қойған болсаңыз, мойындап, не себепті өтірік айтқаныңызды айтып түсіндіріңіз.

*Бала шындығын айтқанда қолпаштап отырыңыз. Әсіресе айтуына қиын болған сәттерде.

* Балаға көп талап қоймаңыз және одан қабілетінен тыс көп нәрселерді күтпеңіз. Есіңізде сақтаңыз: Талап көп және қатаң болған сайын, бала жазаланудан қашу үшін өтірікті қорғану әдісі ретінде көп қолданады.

Ата-аналар мектеппен тығыз байланыста болу керек. Кез келген уақытта сабаққа қатысу керек. Барлық сабақтан «5» болып, орыс тілі, әннен «4» болса сізді ойландыруы тиіс. Балаға сол сабақтарға қарауға бағыт беру керек. Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз. Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.

Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:

1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз. 2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз. 3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз; 4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз; 5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз; 6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақайтады; 7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз; 8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі. 9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;

10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз. 11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз. 12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз. 13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін. 14.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» — деген керемет ұлағатты нақыл сөз бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса; ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет.

Ата –ананың міндеті:

1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;

5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;

6. Мектептегі ұйымдастырылған ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;

Ата-аналар кодексінде: Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті; Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес. Баланы жақсы көргендінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз. Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.

Ата-аналарға арналған этикалық кодекс

1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.

2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.

4. Мектеп туралы, мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.

5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.

6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.

7. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз, оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.

8. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін қадағалап отырыңыз.

9. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.

10. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға, байқауларға қатысыңыз.

11. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз: Сынып жетекшісі; Пән мұғалімі (қажет жағдайда); Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; Әлеуметтік педагог; Мектеп басшысы.
Қорыта келгенде,оқушылардың өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар өз іс — әрекетін сараптап, жан – жүрегімен сезіне алатын жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдемін.

Қателігін түсіне білетін,

Дұрыс жүріп, күтіне білетін,

Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,

Білімді жинап, дүниені шолатындай,

— балаларыңыз, үлкен азамат болып өссін!



Сондықтан үш одақ оқушы, ұстаз, ата – ана жұмысындағы сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет