АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАРАСАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«О.ИСАЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Бекітемін»
Мектеп директоры:
Ж.А. Жакупбекова
__________________
«____»_________2023ж
«Келісемін»
Тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары:
С.К.Унайбаева
__________________
«____»_________2023ж
2023-2024 - оқу жылында
9 «Б» сыныппен жүргізілетін
тәрбие жұмысының жоспары
Сынып жетекшісі: Жалмырза А.Б
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор,
адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері:
1.Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге,перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
2.Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
3.Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен
әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
4.Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
5.Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |