атмосфера және оқушының қызығушылығы, белгілі эмоция,
сезімдердің барлығы оқушылардың шығармашылық әрекетінің
шарты ретінде эмоциялық шығармашылық атмосферасы болып есептеледі.
4. Кейбір оқушылар үшін эмоциялық қызығушылық белгілі бір пәнді меңгеруге деген негіз болып табылады. Ал кейбір оқушылар үшін эмоциялық көңіл-күй олардың болашақ шығармашылық жұмыстарына бағыт береді.
5. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзінің белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі.
Бұл аталған шығармашылық әрекет сипаттамаларына басқа
Бұл аталған шығармашылық әрекет сипаттамаларына басқа
қосымшалар да болуы мүмкін. Мысалы, ғалымдардың
шығармашылық қабілеттердің белгілері. Осы орайда А.Н.Лук
өз еңбегінде «адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты», -деген пікір айтады.
Ол шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
1 Нерв жүйесін (ақпаратты) код арқылы жіберу;
2 Тасымалдай білу;
3 Ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;
4 Әрекетті бағалауды айтады.
Сондай-ақ ғалым шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін қажетті жағдайдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі бағаламау сияқты
психикалық кедергілерден тұратын қарама-қайшылықтармен
күресу қажет екендігін айтады.
Оқушы шығармашылығының ғылыми-педагогикалық
Оқушы шығармашылығының ғылыми-педагогикалық
проблема ретіндегі өзекті мәселенің бірі – оның
қалыптасуының кезеңдері. Өйткені оқыту барысында
оқушының шығармашылық үрдістің неше кезеңдерден тұратындығын білуді талап етеді. Шығармашылық үрдісті А.Н.Лук бес кезеңге бөледі:
1 «Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
2 Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.
3 Инкубация. Уақытша мәселені қозғамау.
4 Интуация оянуы. Инсаит.
5 Нәтижені жан-жақты тексеру.
Адамдар шығармашылық үрдісті төрт кезеңге бөледі:
1 Дайындық кезеңі
2 Инкубация,
жасырын идеялар
3 Интуицияның
жарқ етуі.
Эврика.
4 Тексеру кезеңі
1 Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2 Шығармашылық белгісіздік,
екіұштылық.
3 Шешімнің жарқ етуі.
4 Шығармашылық акт.
5 Шешімнің дұрыстығын
дәлелдеу
Осы зерттеулерге сүйене отырып
Б.А.Тұрғынбаева
шығармашылық үрдістің кезендерін шартты
түрде төмендегінше топтастырады:
Оқушылардың шығармашылығын арттыруда 2-сыныптан бастап математика, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану пәндері бойынша деңгейлік тапсырмалар беріп 1,2,3,4 деңгейде беріледі.
Оқушылардың шығармашылығын арттыруда 2-сыныптан бастап математика, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану пәндері бойынша деңгейлік тапсырмалар беріп 1,2,3,4 деңгейде беріледі.
1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік –стандарт деңгей, бұны орындауға барлық оқушылар міндетті,
2-3-деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл деңгейлік тапсырманы орындауға оқушылар құқылы.
Ал 4-деңгей оқушының шығармашылықпен жұмыс істей
алатындай , өзіндік пікірін жеткізе алатындай, ойын дәлелдей алатын түгел орындап шығады деу артық.1-2 деңгейді түгелге жуық орындайды да озат оқитын оқушылар алға кетеді. Бағалау « балдық» жүйемен жүзеге асырылады. 1-деңгейді орындаған балаға 5 бал, 2-деңгейге 10бал,3-деңгейге 15бал,4-деңгейге 20 бал. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз-оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады
Баланың қабілеті мен шығармашлығын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса ,соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Егер бала бойындағы қабілетті мұғалім байқамаса,ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады.
Баланың қабілеті мен шығармашлығын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса ,соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Егер бала бойындағы қабілетті мұғалім байқамаса,ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады.
Сондықтан, қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Осындай
жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау қажет.
-математика сабағында оқушылардың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыру білу керек
-берілетін есептің шығарылу тәсілдерін біліп, оны ұғыну керек:
-қосымша әдебиеттер оқып,білімді күнделікті толықтыру керек:
-есеп шығарудың әртүрлі жолдарын,тәсілдерін игеру керек:
-оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында
ойын түрлерін пайдалану керек.
Міне, өз білімін осылайша толықтырып отыратын мұғалім оқушысын
Міне, өз білімін осылайша толықтырып отыратын мұғалім оқушысын
еш уақытта жалықтырмайды деп есептеймін. Әр сабаққа құрылған
тапсырманың міндеті деңгейі өтілген жаңа сабақты бекітуге және
оқушылары толық орындайды, яғни үлгірмеуші жоқ екенін осыдан
анықтауға болады. Келесі деңгейдегі тапсырмалар алдыңғыдан
күрделі және түрлендірілген болады. Осы тапсырмаларды
өз бетімен орындау- шығармашылық жұмыс бастамасы. Келесі
4-деңгейді орындайтын оқушылар бірте-бірте дараланып шыға бастайды.
Басқа оқушылар да осы балаларға еліктеп, сабақтан тыс уақыттарда
да жұмыс істеуге өз беттерімен отырады. Ал 4 деңгей тапсырмаларын
үнемі жеке топтамалар арқылы беріп отырамын. Егер қабілетті оқушы өз жұмысын уақытынан ерте аяқтайтын дәрежеге жетсе, басқа оқушылардың жұмысын тексеруге рұқсат беремін, бұл бастауыш сынып оқушысының өзінедеген сенімділігін, мұғалімнің сенімінен шығу үшін аянбай еңбектенетін көрсетеді.
Ана тілі пәні бойынша көбінесе мәтінмен жұмыс жүргізуді деңгейлік тапсырма арқылы беремін. Бұл жұмыс нәтижесі ауызша тексеріледі.
Ана тілі пәні бойынша көбінесе мәтінмен жұмыс жүргізуді деңгейлік тапсырма арқылы беремін. Бұл жұмыс нәтижесі ауызша тексеріледі.
Әр бала орнында дайындалып отырады. Оның 1-деңгейінде мәтінді мәнерлеп, түсініп оқып отыру тапсырылады. 2-деңгейінде осы мәтіндегі
кейіпкерлерге мінездеме беру, немесе табиғатты суреттеп, тұсын тауып оқу,
3-деңгейде осы мәтінге деген көзқарасы, оны өз ойымен аяқтау, мәтінге баға беру деген сияқты жұмыстар орындалады. Егер өлеңмен таныссақ,осы өлең ұйқасына салып өлең құрау сияқты шығармашылық жұмыстар тапсырамын