2.4. Ауыспалы егістерді агроэномикалық тұрғыдан бағалау
Ауыспалы егіс типтерінің әр қайсысының ішінен негізгі бір ауыспалы егіске агрономиялық баға беру керек. Онда әр алғы егістің өзінен кейін себілетін дақылдардың өсіп-дамуына, топырақтың қасиеттеріне, оның қарашірінді мөлшерінің өзгеруіне, ылғал ауа және қоректік заттар режимдеріне, танаптың арамшөптенуіне, зиянкес, аурулармен күресу тиімділігіне, топырақтың құнарлығы мен алатын өнімнің артуына тигізетін әсері келтіріліп, дәлелденді. (кесте 11).
Кесте 11
Рет саны
|
Ауыспалы егістегі дақылдардың алмасу реті
|
Агротехникалық баға және олардың көрсеткіштері
|
1
|
2
|
3
|
1-3
|
Жоңышқа
|
Өсіп-өну кезінде дамитын, органнан кейін егістікте қалатын қалдықтардың және тамырлардың әсерінен топырақтағы қарашіріндінің мөлшері артады, нәтижесінде топырақтың агрофизикалық қасиетттері жақсарады, топырақтың құнарлығы жоғарылайды. Егістіктің фитосанитарлық жағдайын жақсартуға үлкен әсер етеді. Жоңышқа егілген ауыспалы егістіктерде ауру, зиянкестердің таралу деңгейі төмендейді және арамшөптер азаяды.
|
4
|
Арпа
|
Арпа ерте пісіп жетіліп, танапты ерте босатады. Сондықтан бұл жағдай топырақты толық сапалы түрде дайындауға мүмкіндік береді.
|
5
|
Сүрлемдік жүгері
|
Сүрлемдік жүгері отамалы дақылдар тобына жатады.
|
6
|
Рапс
|
Ерте пісіп жетіледі, танапты ерте босатады. Сондықтан бұл жағдай топырақты сапалы түрде дайындауға мүмкіндік береді.
|
7
|
Майбұршақ
|
Танаптың құнарлығын жоғарылатып, оның агрофизикалық қасиеттерін жақсартады.
|
2.5 Тұқым шаруашылығы
Тұқымдар-өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық қасиеттерін сақтаушылар, сондықтан тұқым сапасына алынатын өнім мөлшері көп деңгейде тәуелді болып келеді. Тұқым үш топ сапа көрсеткіштерімен сипатталады:
-себу (егістік) сапасы-олардың себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері;
-сорттық сапасы-сорттық тазалығына, репродукциясына және типіне қойылатын талаптарына сәйкес келуі;
-өнімділік сапасы-нақты жағдайларда белгілі бір деңгейде өнім беру қабілеті.
Тұқым шаруашылығының негізгі міндеті-сорттық тұқымды зерттеп, көбейту жолдары жүйесін жасап, таза өалпында сақтау және шаруашылықтарды олармен қамтамасыз ету.
Негізгі бөлім
3.1 Жүгерінің халық шаруашылығындағы маңызы және ботаникалық сипаттамасы
Қазақстанда жүгері негізінен сүрлемдік жемшөп. Республикамыздың барлық облыстарында жүгері егіледі және жалпы (сүрлемге және дән алу үшін) егіс көлемі 2миллион гектардан асады. Жақсы баптап өсірілген жағдайда өнімнің молдығы жағынан жүгері басқа дәнді дақылдардан анағұрлым артық және астық ресурстарын көбейтуге, жемшөп қорын молайтуда бұл дақылдың мүмкіншілігі мол .
Жүгері дәнінде 60–70 процент углевод, 8–12 процент белок 4–7процент май, минералды тұздар мен витаминдер бар. Сондықтан жүгері дәнін барлық мал түлігіне және қүстарға жем ретінде беруге болады.
Жүгерінің көк балаусасасының коректік заттары мол, одан малға жұғымды, спалы сүрлем дайындалады. Бұл өсімдікті барлық өсу кезеңдерінде де сурлемге салуға болады, бірақ ең тиімді кезең-жүгері дәні сүттеніп қамырланған кез. Осы кезеңде дайындалған жүгері сүрлемінде құрғақ заттар, қортылатын протейн көп болады .
Гүлдену кезеңінде жүгеріні көк шөп ретінде малға береді. Бұл уақытта жүгері балаусасы жақсы жапырақтанып, жемшөп құрамында протейн мөлшері артады. Дәнге отырып жинағаннан кейінгі жүгері сабаны (құрғақ жапырақтар мен сабақтар) басқа дақылдар сабағына қарағанда қоректік заттары көп, жемшөптік сапасы артық .
Жүгері собығы салмағының бестен бір бөлігі собық өзегіне тиеді, ал онда қоректік заттары мол. Сондықтан собық өзегін майдалап турап (ұнтақтап), дәнмен араластырып малға жем ретінде береді.
Жүгері дақылының агротехникалық маңызы да үлкен. Көктемде жүгері егілгенше егістікті 2–3 рет тереңдете культивациялауға болады. Бұл шара арамшөптерді, әсіресе қамыс, қоға, доңыз–өлең, қалуен сияқты көп жылдық зиянды арамшөптерді жойып, жүгерінің және одан кейігі егілетін басқа дақылдардың жақсы өсуіне жағдай туғызады .
Шаршы ұялап егілген жүгері егістігін жаз бойы қарама–қарсы культивациялап өңдеуге болады. Жүгері биік өседі, жапырағы мол, жер бетін жақсы көлеңкелейді, ал бұл топырақтағы микробиологиялық процестерді жақсартады. Сондықтан жүгері басқа дақылдарға жақсы алғы дақыл. Республикамыздың оңтүстігіндегі суармалы аймақтарында жүгеріні аңыздық дақыл ретінде егіп, бір жылда екі өнім алуға болады .
Жүгері–астық тұқымдастарға жататын бір жылдық өсімдік оның жапырағы мол, өзі биік. Түрлі сорттарына, климат жағдайына, топырақ құнарлығына, өсіру агротехникасына байланысты биіктігі 0,6–5 метр және оданда биік болады. Қазақстанның оңтүстік-шығыстағы және оңтүстіктегі суармалы аймақтарында ерте пісетін жүгерінің биіктігі 1,5–2 метрден аспайды, ал кеш пісетін сорттар мен гибридтер 4–5 метрге дейн жетеді.
Тамыр жүйесі. Жүгері шашақ тамырлы өсімдік. Басқа дақылдардан айырмашылығы – жүгері өсімдігінде төрт түрлі: ұрық тамыры, алғашқы (буын) тамыр, бас тамыр және қосымша немесе тіреуіш тамырлары бар. Жүгерінің алғашқы даму кзеңінде тамыр жүйесі өте тез өседі мәліметтерде қарағанда көгеріп шыққаннан кейін 7–8 күнде жүгері тамыры 25 см тереңдікке дейін өседі .
Әртүрлі сорттар тамырының тереңге және жан–жақа (қатар аралығында) бойлап өсуі әртүрлі және айырмашылығы көп .
Жүгері бес жапырақты болған кезеңде оның тамыры жан–жаққа 11–13 сантиметрге дейін тамырланып өседі. Топырақтың астығы қабаты жұмсақ болса, бұл дақыл 180–220 см және одан да тереңге бойлап өседі.
Жүгерінің Одесская – 10 сорты мен ВИР–156 гибридінің тамырлары жаз бойы тереңге бойлап өседі. Сондықтан олар қуаңшылыққа төзімді. Буковинский–3 гибридінің тамырлары топырақтың жоғарғы қабатында орналасады. Дегенмен жүгері тамыр жүйесінің негізгі бөлігі (64–67 процентке дейін) жоғарғы 0–30 см қабатта, 15–19 проценті төменгі 30–60 см қабатта, қалғандары 60–180 см қабатта орналасады.
Жүгері тамырының мұндай ерекшелігінің тыңайтқыш енгізу және қатараралығын өңдеу кезеңінде еске алған жөн. Жүгерінің қатараралығын бірінші рет өңделген ұяны қорғайтын загонның ені 10–12 см болуы керек, ал ортасын тереңдетіп өңдей беруге болады. Екінші рет культивация жүргізгенде (9 жапырақты кезең), загон ені 15–20 сантиметрден кем болмағаны жөн. Сабақ орналасқан жерде жүгері тамыры көбірек тарамданып, майда тамырлар мол болады, ал бұл қасиет бір ұяға берілген тыңайтқыштың тиімділігін арттырады .
Сабағы көп буыннан тұрады. Әрбір буын аралығы жапырақ қынабымен қоршалған. Буын саны жүгерінің сорттарына қарай әртүрлі болады. Мысалы, жүгерінің ерте пісетін сорттарында буын саны 8–10, ал кеш пісетін түрлерінде 30–32. Сабақта орналасуына байланысты буын арақашықтығы өзгеріп отырады, яғни садақтың жоғары жағында орналасқан буындар ұзын, ал төменгілері қысқа. Жүгерінің кейбір сорттарында, әсіресе жергілікті ақ дәнді сортында негізгі сабақтан бөлек жанама бұтақтар кездеседі.
Жүгері сабағының биіктеп өсуі әр кезеңде әр түрлі. Мысалы: жүгері 9–10 жапырақты (гибри1д ВИР-156) болған кезеңнен бастап, оның сабағы тез биіктеп өсе бастайды, ал 18 жапырақты кезеңнен бастап шашақшығарып гүлдегенге дейін жүгері сабағының биіктеп өсу жылдамдығы арта түседі. Сонымен, жүгері сабағының биіктеп өсуі бұл далалық шашақ салғаннан кейін де байқалады .
Жапырағы үш боліктен тұрады – жапырақ пластинкалары (алақандары), жапырақ қынабы және тілше. Жапырақтар сабақтың екі жағына кезектесіп орналасқан, ал оның саны 8- ден 45-ке дейін болады. Одақта егіліп жүрген сорттар мен гибридтердің жапырақ саны 25-тен аспайды.
Ерте пісетін жүгерінің жапырақ саны 12–14, орташа мезгілде–16–18, ал кеш пісетін сорттар мен гибридтерде–20–25 дана болады.
Жапырақтардың пайда болуы бір қалыпты емес. Алғашқы үш жапырақ әрбір 1–2 күнде шығады, олардың көлемі кішкене, бірақ жүгерінің өсіп дамуына бұл жапырақтардың әсері үлкен. Кейінгі 4–7-ші жапырақтардың пайда болуы созылыңқы – әрбір 3–5 күнде шығады. Мұның мәнісі, 4-ші жапырақ толық шығуы кезеңінде жүгеді дәндегі қоректік заттарды пайдаланбай, топырақтан өз бетінше автотрофты қоректенеді. Ал бұл кезде жүгерінің тамыр жүйесі мен жапырақтары онша дамып жетілмейді. Кейінгі 8–12 ші жапырақтың өсіп шығуы жылдамрақ.
Жүгері өсімдігі жапырақ алақандарының көлемі сортына сәйкес 0,3–1,2 м2, ал бір гектар егістікте 18–55 мың шаршы метр болады. Жапырақ алақандарының көлемі гектарына 45–55 мың шаршы метр болса, жүгері егістігі мол көк балауса береді .
Жүгері. 1, 2 – көктеу және гүлдену кезеңіндегі өсімдіктер; 3, 4 – аталық гүл шоғыры және масақша; 5, 6 – аналық гүл шоғыры және масақша.
3.2 Жүгері дақылының биологиялық ерекшеліктері
Жүгері –жылылықты сүйгіш дақыл, өсу дәуірі кезінде қоректі активті температура қосындысы 1700–3100o. Өсімдік собығы сүттеніп қамырлану кезеңіне жеткенше 1800 – 2300o, ал толық пісу үшін – 2100 – 2700o керек.
Жүгері дәні толық 8oС жылы болған жағдайда көктеп шыға бастайды, бірақ ұзақ 15 – 20 күн өніп, көгі сирек болады. Тез өніп, 6 – 8 күнде жер бетіне біркелкі жиі шығуы үшін себу тереңдігіндегі топырақ жылылығы 10 – 12oC, ал ауаның жылылығы 18 – 20оС болғаны жөн.
Жүгерінің жер бетіндегі органдарына өсіп дамуына температураның әсері үлкен. Алғашқы кезеңде өсімдіктің өсіп дамуына онша жылы температура керек емес, ал вегетативтік органдардың жылдам өсетін, гүлдеу және пісу кезеңдерінде температура барынша жылы болуы керек.
Жүгерінің өсу дәуірінің ұзақтығы күнделікті орташа температураның мөлшеріне де байланысты. Жүгерінің Воронежская–80 сорты 17,3 температурада көктеп шыққаннан кейін 65 күнде ал, 18,6 градуста 56 күнде гүлдеген. Күнделікті орташа температура 16,3о болғанда собық гүлдегеннен кейін 47 күнде, ал 12,9o градуста 60 күнде піскен.
Өсімдік 6 – 8 жапырақты кезеңнен дән қамырлану дәуіріне дейін 2–3o суықтан жүгері толық өледі. Бірақ жүгері алғашқы өсу кезеңінде (2–4 жапырақты кезеңі) суықтан зақымданса да қайтадан өсіп, жетіліп кететіндігін тәжірибе көрсетті. Мұның мәнісі, осы кезеңде дәндегі қоректік заттарды пайдалану арқылы зақымданған жапырақтардың төменгі жағы қайтадан әлденіп жаңа жапырақ өсе бастайды.
Солтүстік Қазақстан және басқа жерлерде көктемде болатын 2–3 суықта, 5–6 сантиметр тереңдікке егілген жүгерінің жапырақтары зақымданады. Бірақ, 10 – 12 күннен кейін зақымданған жапырақтардың орнына жаңадан жапырақ шығып, өсімдік түзеліп кетеді. Мысалы, Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Гигант» колхозының атақты жүгері өсірушісі Сартай Махамбетова учаскесінде ерте (7 сәуірде) топырақ жылылығы 6- 9 болғандасебілген тұқым 15- 18 күннен кейін көктеп шықты. Өсімдік 3-4 жапырақты кезінде (3-5 мамырда ) 2-3 суық ұрып, жапырақтың жоғарғы жағы үсіп кетті, бірақ зақымданған жапырақ орнына кейін қайтадан жапырақтар шығып, жүгері өсіп жетіле бастады.
Кейінгі жылғы зерттеу нәтижелеріне қарағанда көктемдегі суыққа (төменгі температураға) төзімді сорттар шығаруға болатыны анықталып отыр. Мысалы Бүкілодақтық ғылыми- зерттеу жүгері институты шығарған Днепровский- 247 МВ гибриді суыққа төзімді, әрі құрамында алмастыруға болмайтын аминқышқылды лизин мол.
Басқа дәнді дақылдарға қарағанда, бір мөлшердегі құрғақ заттарды құрастыру үшін жүгері ылғалды аз жұмсайды. Жүгері 1кг құрғақ зат құру үшін шамамен 238 кг судықажетсінеді. Қазақстанның ғылыми- зерттеу егіншілік институтының мәліметі бойынша бір центнер дән құрау үшін жүгері 40- 50 суды пайдаланады.
Жүгерінің транспирация коэффициенті- 250- 350, ал жаздық бидайда бұл көрсеткіш- 450- 500, сұлыда- 430- 570, арпада- 400- 500, күнбғыста -500-570 болады. Бірақ, бұл дақыл өнімі мол және әрқайсысы ірі болып, көк балауса құрғақ заттарды көп құрайтындықтан жұмсалатын жалпы су мөлшері көбейеді. Өсу кезінде 1гектар жүгері егістігі 3500- 5000 ылғал жұмсайды. Топырақтағы ылғалдың аз болуы- жүгері дақылының минералды заттарды бойына нашар қабылдауына және өсімдіктегі физиологиялық процестердің төмендеуіне негізгі себептердің бірі.
Біздің зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша, жүгері көктеп шыққаннан бастап шашақ органогенездің IV сатысы ВИР- 156 гибриді үшін 9- 10 жапырақты кезең аяқталғанға дейін өсімдіктің өсуі, құрғақ заттардың құралуы және фотосинтез өнімділігі баяу болған. Сондықтан бұл кезеңде жүгерінің ылғалды бойына қабылдау қабілеті төмен. Жүгерінің топырақтағы ылғалды өте сезімтал кезеңі шашақ органогенезінің аяқталуы- ВИР- 156 гибриді үшін 16 жапырақты кезеңнен бастап шашақ шығарып гүлдеу және ұрықтану кезеңі аяқталып, дән толыса бастағанға дейін.
Жүгері- топырақ құнарлылығын талғайтын дақыл. Құнарлы, қоректік заттары мен ылғалы мол және арамшөптерден таза жерлерде жүгеріден жақсы өнім алуға болады. Жүгерінің өсіп дамуына жер асты суының деңгейі де үлкен әсер етеді. Тұзданып сорланған, батпақтанған жерлерде жүгері нашар өсіп, аз өнім береді.
Жүгері дақылы жақсы өсіп дамуы үшін минералды қоректік элементтер- азот, фосфор, калий, кальций, магний және микроэлементтер- темір, марганец, бор, мыс,қалайы, молибден және басқаларды керек етеді.
Ескерту: қоректік заттармен өте аз қамтамасыз етілген жағдайда 1кг топырақтағы фосфор 11–15 мг, азот 41– 50, калий 101 – 200 орташа қамтамасыз етілгенде – фосфор 36 – 60мг, 51 – 70,калий 201 – 300 азот 71 – 80 калий 301 – 400 өте көп қамтамасыз етілгенде фосфор 50, азот 80, калий – 400 миллиграмнан артық болады. Топырақтың өңдеу барысында жүгері тамыр жүйесінің дұрыс өсіп дамуына қолайлы жылылық, су, ауа, қоректік заттар түзілу режимдері және микробиологиялық процестерді қалыптасады. Сонымен қатар, топырақты уақытылы және сапалы өңдеу арқылы зиянкес арамшөптерді түгел құртуға немесе олардың өсіп дамуын баяулатуға болады.
Жүгері егуге бөлінген жерлерде өңдеу жұмыстарын күзде зябь жыртудан басталады. Зябь жырту әдістері мен тереңдігі жүгері алғы дақылдары және топырақ түрлеріне сәйкес анықталады. Егер, алғы дақылы жаппай себу әдісімен жүргізілген дақылдар (күздік бидай) немесе жүгері болса, оларды жинап алғаннан кейін, зябь жыртудың алдында, қопсытқыш немесе ауыр дискілі құралдармен екі рет (ұзыннан және көлденеңнен), 12 – 15 сантиметр тереңдікте дискіленеді. Бұл әдістер арқылы бұрын егілген дақылдардың (күздік бидай, жүгері) паялары мне тамырлар қалдықтары әбден майдаланады да содан кейін жер дұрыс жыртылады.
Қазақстанның оңтүстігі (Қызылорда, Шымкент) аймақтарында зябьті тереңдігі 25 –сантиметр, шалғынды батпақты жерлерде27 – 30 см, ал солтүстік-шығыс (Жамбыл, Алматы, Талдықорған) аймақтарында – 25 – 30 сантиметр тереңдікте жырту керек. Алғы дақыл қатарынан 3 – 5 жыл егілген жүгері болса, зябьті мүмкіншілігінше терең (30 – 35см) жңртқан жөн. Күзде зябьті терең әрі сапалы жырту арқылы егістіктегі бір жылдық арамшөптерді 30 – 40 процент, көп жылдық борық тырмалы арамшөптерді 60 процентке дейін құртуға болады. Жүгерінің фузариоз, қаракүйе ауруларымен күресуде де терең жыртылған зябьтің агротехникалық маңызы үлкен.
Топырақтың ерте көктемде (себер алдында) өңдеу жұмыстары күзде жыртылған механикалық құрамына байланысты. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – күзде –қыста түскен ылғалды топырақта сақтау, шығып келе жатқан арамшөп көгін жою, берілген тыңайтқыштарды жерге жақсы сіңдіру, топырақты себу сапалы өңдеп дайындап, жүгері тамырларының дұрыс өсіп дамуына қолайлы жағдай туғызу.
Көктемде топырақ дегдіп егіс даласына шығуға мүмкіндік болғаннан кейін ылғал жабу мақсатында бір – екі күн ішінде 2 рет тырмалау керек. Ал, тоң кесектер болса егістікті дискілеп, ізінше тырмалаған жөн. Ғалымдардың есептеуі бойынша, осы агротехникалық шараларды жүргізуді бір күн кешіктірген жағдайда гектардан 100 тоннаға дейін, ылғал, әсіресе желді күні буланып ұшып кетеді. Себу алдында арамшөптерді жою үшін 10 – 12 сантиметр тереңдікте культивациялау және бір мезгілде тырмалап топырақты катокпен таптау керек.
Топырақ нығыздалған және егістікті борық тамырлы арамшөптер, әсіресе қамыс басқан жағдайда зябьті тереңдігі 15- 16 см тереңдікте қайтадан айдап немесе чизель жүргізіп, бір мезгілде тырмалау керек.
Жүгері тамырларының өсіп дамуына топырақ тығыздығының (г/) әсері үлкен. Жүгері тамыр жүйесінің жақсы өсіп, осының нәтижесінде көк балауса мен собықтан мол өнім алу үшін қолайлы топырақ тығыздығы 1,1- 1,3 г/ Тәжірибеде, жүгері егістігіндегі топырақ тығыздығы 1,1г/ болған жағдайда бір өсімдіктің жалпы салмағы 510 г, ал топырақ тығыздығы 1.4 г/ болғанда тек 256 г болды, осыған сәйкес құрғақ заттар 82 және 49 г, сөйтіп өсімдік салмағы 2 есеге жуық кеміген. Оған себеп, топырақ тығыздығы 1,1- 1,3 г/ аралығында болғанда жүгері тамыр жүйелері жақсы өсіп, ірі, көп тамырлы болады, ал топырақ тығыздығы 1,4 г/ және одан жоғары болғаннан бастап, өсімдік тамыры дұрыс өспей нашарлап, салмағы аз әрі ұсақ болады.
Егістіктегі жер бетінің тегіс болуына көңіл бөлген жөн. Тегістеу үшін арнайы тегістегіштер мен мала жүргізіледі.
Зерттеулер нәтижелері бойынша егістікке шлейфование (тегістеу) жүргізіп және жүгері тамыр жүйесінің өсуіне қолайлы тығыздығы (1,1- 1,2 г/) жеткенше топырақты катокпен таптау жүгері көк балаусасын 24,2- 39,7 процентке көбейтеді. Ал топырақ тығыздығын 1,4 г/ дейін нығыздау жүгері өнімін төмендетеді. Тек тегістеудің өзі жүгері өнімін 17,4 процентке арттырады. Жүгері тұқымы себілгеннен кейін егістікті катокпен таптау да тиімді. Бұл әдіс жүгері көк балауса өнімін гектарына 28,5 процентке дейін көбейтеді .
Кейінгі жылдары, қатарынан бірнеше операцияларды, мысалы, топырақты тұқым себер алдында өңдеу, себу, тыңайтқыш енгізу және таптау операцияларын бір жүргенде орындай алатын агрегаттар ауыл шаруашылығында, оның ішінде жүгері егістігінде де қолдана бастады. Краснодар ғылыми- зерттеу ауыл шаруашылығы институтының мәліметтері бойынша, мұндай агрегаттарды пайдалану бір гектарға жұмсалатын еңбек пен тікелей шығындарды 2,5 еседей азайтады, ал өнім 10 проценттей артады.
Әрбір шаруашылықтың егіс танаптары топырағының құнарлылығына, шаруашылықтағы топырақ өңдеу машиналары және тыңайтқыштармен қамтамасыз етілуіне, жүгері дақылының ауыспалы егістегі орнын және биологиясын еске ала отырып шаруашылықтың бас мамандары жүгері егісін өңдеу жүйесін анықтауы керек.
Тұқымды себуге дайындау, себу мерзімі, әдісі және сіңіру тереңдігі.
Шаруашылықтарға жүгерінің тұқымы арнайы зауыттарда іріктелген, яғни, себуге толық дайындалған күйінде келеді. Олардың өнгіштігі 96%-дан (1-ші класс) кем болмауы керек. Жүгері тұқымын себу алдында жылы ауада 5-6 күндей қыздырады. Себер кезде 34%-дық витавакс 200 ФФ (1,5-2,0 кг/т) немесе дивиденд 030 (2 кг/т) препараттарының бірімен өндейді. Жүгері тұқымын топырақтағы зиянды микрофлорадан қорғау үшін себуге бес күн қалғанда инкрустациялайды-қосымша қабықтайды. Инкрустациялау үшін құрамында хлороформ, фентиурам және полистиролы бар препараттарды пайдаланады. Жүгерінің бір т тұқымына препараттың 11 литрі (2 кг фентиурам, 16,5 кг хлороформ және 0,5 кг полистирол) жұмсалады. Инкрустациялау үшін жаңа "Уныш" (9 кг/т) пен NаКМЦ (0,2 кг/т) қабықтүзгіш препараттары пайдаланылады. Инкрустацияланған жүгері тұқымын нақты мерзімінен 5-6 күн ерте себуге болады.
Суық топыраққа мезгілінен ерте себілген жүгері тұқымы көп уақыт өнбей, шіріп кетеді, кеш себілген жүгері тұқымының көктеп шығуына ылғал жеткіліксіз болып, өнім мөлшері түсіп кетеді. Сондықтан жүгерінің себу мерзімін дәл анықтаудың зор мәні бар.
Жүгері тұқымын себу тереңдігінде топырақ 10-12°С жылығанда себе бастайды. Тез қызатын жеңіл топырақты жерлерге тұқым себуді ауыр топырақтыдан ерте бастайды: осыған сәйкес Алматы облысы жағдайларында кештеу және кеш пісетін жүгері будандарын 20-сәуір - 5- мамыр аралығында, ал ерте пісетіндерін - 1-15 мамырда себеді; Жамбыл облысында ортадан кеш пісетін будандарды 1-15 мамыр, кеш пісетіндерін – 20-сәуір - 5-мамырда, ал ерте пісетіндерін 5-20 мамырда себу ұсынылады; Қазақстанның оңтүстік шығысында суармалы жерлерде оңтайлы себу мерзімі көктем жағдайларына қарай тұрақты қырқаларда - 15–сәуір - 10–мамыр аралығы.
Жүгеріні себудің негізгі тәсілдері – кең қатарлы, пунктирлі және шаршы-ұялы. Қолданыстағы технологиялар бойынша жүгері қатар аралықтары 70 см, ал қатардағы өсімдік арасы 15-20 см етіп себіледі. Мұндай дәл орталастыруды заманауи сепкіштер толық қамтамасыз етеді.
Шаршы-ұялы (ұя аралығы 70×70 см) себу тәсілі қазір көп қолданылмайды, бұл тәсіл топырақты өңдеу екі бағытта да жүретіндіктен армшөптермен өте көп залалданған танаптарда және тұқымдық жүгері өсіргенде қолданылады.
Құрғақшылықты аймақтарда және жүгерінің биік сабақты сорттары мен будандарына себуде қатараралықтар 80-90 см және одан да үлкен арақашықтарға себіледі, ал аласа бойлы жүгері тұқымын себуде арақашықтық 60 см дейін қысқаруы мүмкін.
Жүгері тұқымының себу мөлшері аймақ жағдайы, дақылды пайдалану мақсаты, себу тәсілі мен тұқым ірілігі, буданға және тағы да көптеген жағдайларға байланысты. Шаршы-ұялы тәсілде бір ұяға 2-3 тұқымнан себіледі.
Бағдарламаланған астық өнімін алуда ерте пісетін жүгеріні гектарына 70-75 мың, орташа және орташа кеш пісетін будандарды 65-70, ал кеш пісетіндерді 60 мың тұқым мөлшерінде сепкенде ең жоғары астық өнім қамтамасыз етілген.
Салмақтық себу мөлшері гектарына 10-нан 25 кг-ға дейін өзгереді.
Жүгері тұқымын себу тереңдігі - себу мерзімі, топырақтың механикалық құрамы мен ылғалдылығына байланысты 5-6-дан 10 см-ге дейін.
Топырақ ылғалы жеткілікті жағдайда жүгері тұқымы 7-8 см тереңдікке себіледі. Құрғақшылық аймақтарда себу тереңдігін 10-12 см дейін ұлғайтады, ал ауыр топырақтарда 6-7 см дейін азайтады. Біркелкі тегіс көктеу үшін жүгері егісін сеуіп болысымен бұдырлы немесе басқа осы заманғы катоктармен егістік тығыздалады.
Достарыңызбен бөлісу: |