Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, «Бақытты сәт» ойыны арқылы өткен сабақтарды қорытындылау.
Сабақтың барысы. I Ұйымдастыру кезеңі II Өткенді еске түсіру. Ежелгі дәуір әдебиеті бойынша қайталау сұрақтары беріледі.
«Бақытты сәт» ойыны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сынып үш топқа бөлінеді.
Түрік қағанаты, Оғыз дәуіріндегі әдебиет (Y-IX ғ.).
Ислам дәуіріндегі әдебиет (IX-XII ғ.).
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (XIII-XIY ғ.).
Сұрақтар деңгейленіп беріледі. Үш Қатардан, 6 бөліктен тұратын Қызыл, көк, сары бояулармен бөлінген кестеге сұрақтар деңгейленіп орналастырылады.
Сары. 1.Алып Ер Тұңға кім? Оның түркі тарихындағы рөлі «Жоқтауда» қалай көрінеді?
2. Түркі қағанаты қашан құрылды? Оны кім басқарды? Кімнің тұсында түркі қағанаты ыдырап кетті?
3. «Орхон ескерткіштеріне» қандай жырлар жатады?
4. «Орхон ескерткіштерінің» негізгі тақырыбы нендей? Осы жырларды жазған кісі кім?
Көк. 1. Әл Фараби кім? Ғылымның қандай салаларымен айналысқан.
2. Ахмет Иасауи ұстаздары кімдер? Ол нені жырлады?
3. Ахмет Иасауидің Абаймен үндестігі.
4. Білге қаған, Тоңұғық, Күлтегін кімдер?
Қызыл. 1. Алтын Орда мемлекеті қашан құрылды?
2. Осы дәуірде өмір сүрген ата-бабаларымыздың қандай шығармаларын білесіздер?
3. Әл Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңіндегі айтылар ой не? 4.Қорқыт ата қай ғасырда өмір сүрген? Ол кімболған? Қорқыт өлмеудің жолын тапты ма?