Алматы облысы Жамбыл ауданы "Қопа бекетіндегі негізгі орта мектеп" кмм қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі28,02 Kb.
#118974
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
sabaq-kz attachment zhsp-balasani-tty-blk-dastany

Жаңа сабақ: Ислам дәуіріндегі әдебиет қалай бөлінеді? Оларға кімдер жатады? ( Сыр бойы әдебиеті, Қарахан әдебиеті) Қарахан мемлекеті» деген не, оның Баласағұниға қатысы қандай? (X- XII ғасырларда Шығыс Түркістан ( Қазіргі Қытай аймағы) Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірінде Қарахан мемлекеті құрылған. Оның екі астанасы Баласағұн (Талас, Шу бойында), мен Қашқар. Бұл қалаларда мәдениет жоғары деңгейде дамыған. Оның бір көрнісі – осы мемлекеттен екі үлкен ойшыл ғалым –Баласағұни мен Қашқари шыққан. Бұлар – бүкіл түркі әлемі мойындаған тұлғалар.)
Жүсіп Баласағұни – XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне белгілі болған аса көрнекті ойшыл, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері.Ол Баласағұн қаласында туып өскен.Баласағұн –көрікті тас қала деген ұғымды білдіреді.Қарахан мемлекетінің астанасы, әкімшілік және сауда – саттық орталығы болған. Жүсіптің әкесі өнер иесі, күйші екен. Ол Қарахан мемлекетінің қожасы Боғраханға қызмет еткен. Жүсіп те талантты әкенің тәрбиесін алып өскен, жасынан зеректігімен көзге түсіп, сарай қожаларының көңілін өзіне аударады.Сол кезде Шығыс Түркістан ;Жетісу, Қашқар, Баласағұн өлкелерін билеп тұрған Боғрахан Жүсіптен зор үміт күтіп, оны тәрбиелеп, баулыған.Жүсіп кезінде атақты деген білім ордаларында болып, көп тілдерді үйреніп, тез жетілген.өз кезінің білімді адамы саналған, жасынан оқып, түркі тілдеріне қоса парсы, араб,қытай тілдерін жақсы білген.
«Құтты білік» деген кең көлемді дидактикалық «өсиет -өнеге» кітабын 54 жасында 18 ай жазып, ол еңбегін Боғраханға тарту еткені үшін « Хас Хажып» атағын алған. ( Хас –Хажып –сарай минстрі деген ұғымды білдіреді)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет