2. Озық тәжірибе мектебі – тиімді әдістерді жинақтау, қала, облыс, республика көлеміне тарату, баспасөз беттерінде жариялау, семинарларда ой бөлісу. Бұл бағытта қолөнер үйірмесінің жетекшісі Г.Есқожанова Республикалық мәдени-сараптамалық журналында «Өрелі «Өнер» мектебі» атты мақаласын жария етті. 2016 жылы хореография, фортепиано сыныбының мұғалімдері «Қазақ халық биі», «Халық сахналық биі», «Классический танец», «Арнайы фортепиано», «Специальное фортепиано» атты авторлық бағдарламаларын, 2017 жылы қолөнер үйірмесінің мұғалімдері «Шебер қолдар», «Бейнелеу өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Қолөнер» атты авторлық бағдарламаларын жариялады. Мектеп қабырғасында «Функционалдық сауатты тұлғаны қалыптастырудағы өнер мектептерінің маңызы» атты Облыстық семинар, «Қосымша білім беру жағдайында білім алушылардың шағармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында Республикалық семинарлар ұйымдастырып, бірлестік мұғалімдері де «Қазақ-сахналық биін оқытып үйрету әдістемесі», «Қыш өнері», «Сахна тілі», «Қазақ ән өнерінің негіздері», «Қазақ биіндегі ерлер биінің бөлімі» т.б. тақырыптарда шебер сыныптарын жоғары деңгейді өткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |