3. Педагогикалық шеберлік, кәсіптік құзіреттілік – оқу мен тәрбие сапасын көтеруде біліктілікті арттыру курстарына, семинар, конференцияларға, шығармашылық есеп беруге қатысу; Бұл бағытта да ұстаздарымыз ҚР Білім және ғылым министрлігі «Шығармашылыққа баулу орталығы», ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында», ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталықтарында өз білімдерін жетілдіру курстарына барып тұрады.
4. Жас мамандар мектебі – жас маманның педагогтік қызметтегі кездескен қиындықтарды жеңуін және сабақ беру әдістерін үйрету, тәлімгер-ұстаздар бекіту; Бұл бағыт бойынша мектепке жаңадан қабылданған мұғалімдерге тәлімгерлер тағайындалып, әдістемелік көмек көрсету шаралары жүргізіліп отырады.
5. Шығармашылықпен жұмыс – оқушы бойындағы табиғи дарынның жан-жақты дамуына қолдау көрсетіп, республикалық және халықаралық байқауларға қатыстыру; Бұл бағытта мектеп ұстаздарының аянбай еңбек етуінің арқасында оқушыларымыз көптеген байқаулардан өтіп, тек мектептің ғана емес, Жамбыл ауданының мақтанышына айналды. Атап айтсақ: «Ақбота» бишілер тобы, «Дудыға» домбырашылар ансамблі, ән-терме, вокал, скрипка, саксофон, кларнет, фортепиано сыныбының оқушылары. Қазіргі кезде мектебімізде 4 әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды. Әр бірлестік өзінің алдына қойған мақсат, міндеттеріне және мектептің әдістемелік қызметі белгілеген бағыттарда жұмыс жасап келеді.