Алматы облысы Жамбыл ауданы «Ұзынағаш ауылындағы өнер мектебі» мкқк мектептегі әдістемелік қызмет



бет2/8
Дата21.04.2022
өлшемі20,15 Kb.
#140255
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
000d0f55-b95748e4

Нұсқаулық бөлім
Бұл бөлімге мұғалімнің өз қызметіне қажетті оқу-тәрбие үдерісіне байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары (№19,502,570, т.б.) мен әртүрлі жаднамалар кіреді.
Әдістемелік бөлім
1. Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы, мақсаты мен міндеті. Тақырып жалпы мектеп тақырыбымен байланысты болу керек, бұл әр мұғалім мен бірлестіктің бірігіп қойылған мақсатына жетуге мүмкіндік береді.
2. Әдістемелік бірлестік құрамындағы мұғалімдер туралы мәлімет.
3. Әдістемелік бірлестіктің жоспары. Осы тарауға отырысты өткізу күні, теориялық және тәжирибелік сұрақтар, жауапты адамдар енгізіледі.
4. Мұғалімнің жеке жұмыс жоспары. Мұнда әр мұғалімге өз жұмысын нақты жоспарлауға мүмкіндік беріледі.
5. Пән апталығын өткізудің графигі. Бұл графикте өткізілетін орын, уақыт, әр күндегі өткізілетін шаралардың тақырыбы жазылады.
6. Оқушыны түрлі байқауларға, олимпиадаға дайындаудың графигі. Бұл мұғалім жұмысына сипаттама беретін маңызды бөлім.
7. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды өткізудің графигі (жылдық жоспардан алынып жасалады).
8. Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс.


Талдау бөлімі

  • Сыныптағы, топтағы оқушылар туралы мәлімет.

  • Қатысқан сабақтарға талдау. Мұнда сабаққа қатысқанды толық жазып, қорытынды мен ұсыныс та болу керек.

  • Жылдық, тоқсандық бақылау жұмысының бағалары. Бұл жалпы үлгерім мен сапаның өзгерісін қадағалау үшін керек.

  • Емтихан нәтижесі. Бұл кестеге оқушының аты, фамилиясы, сыныбы, алған бағасы, мұғалімнің фамилиясы жазылады.

  • Әдістемелік бірлестіктің жылдық жұмысына талдау. Талдау нақты болуы керек. Орындалмаған міндеттер болса оның себебі жазылады, оны жоюдың жолы көрсетіледі. Әдістемелік бірлестік жұмысының талдауынан және мектептің жылдық жоспарындағы жалпы міндеттерге сай жаңа оқу жылына жаңа міндеттер қойылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет