Алматы облысы,
Панфилов ауданы,
«Көктал орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен »
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі Г.Қ.Қабылбекова
Ұстаздық қабілет және оны дамыту жолдары
Қазіргі уақыт талабы –білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Бала арқылы, ой- сезімі мұғалмнің ерік – жігері, таусылмас мол қажырлы мен сабырлы, еңбекқорлығы арқасында жетіледі. Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі- болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Қазақстан республикасының 2015 жылға жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «орта білімді берудің мақсаты- жылдам өзгертіп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамтығуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапкершілік шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп көрсеткені де осындай көкейкесті міндеттерден туындайды. Бұл міндеттер оқушылардың өз бетінше білім алуын ұйымдастырғанды және олардың өз халқының ұлттық құндылықтары қоршаған орта туралы ұғым түсінігі болып, ол туралы айтып бере алуына мүмкіндік жасалғанда ғана шешімін табады. Сондықтан ашық әлеуметтік жүйе ретінде жаңа білім беру үрдісінде әрбір азаматтың тұлғалық дамуын күшейту көзделеді. Дара тұлғаның еркін, үйлесімді дамуы және креативті ойлай алу қабілетін олардың мүмкіндіктеріне орай дамытуда қазақ тілінің мәртебесі арта түседі. Төрткүл дүниедегі кез-келген үлкенді - кішілі ұлттардың ұйытқысы болар тұлғалы азаматтардың барлығы ең алдымен тілін ардақтауға, ана тілін сақтауға баса назар аударған. Демек, мемлекетіміздің Ата заңын сыйлайтын әрбір азамат ұлтына, тегіне қарамай, қазақша үйренуге іс-қағаздарын жүргізуге міндетті. Тілге деген құрметті дамытуға орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиет сабағын беретін мұғалімдегерге түсетін жүктің салмағы ауыр. Жас ұрпақ сапасы білім мен сапалы тәрбие оқу тектік қорымызды сақтаудың алғы шарты. Сондықтан бүгінгі күні мектебіміздің ең негізгі мақсаты – зерделі, білімді, адамгершілігі мол, туған жері мен тарихының ұлылығын құрметтей білетін, жас ұрпақты тәрбиелеу.
Бұл орайда адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудің ең озық тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашан да жалғаса бермек.
Жаңа ғасырдағы адамзат өркениеті өз дамуының жаңа кезеңіне білім беру үрдісінің ең маңызды факторларының біріне саналатын кезеңіне келіп жетті. Ол бағала оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Бұл педагогикалық үрдістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер оқытушысы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып саналады.
Тұлғаның кәсіби бағыттылығы кәсіпке деген оң көз қарас арқылы қызмет нәтижелігін арттыру болып табылады. Ал мұғалімнің өз пәні мен оқыту әдістемесін меңгеруі педагогика мен психологияны білуі педагогикалық шеберліктің негізін құрайды. Педагогикалық шеберлік дегеніміз мұғалімнің дидактикалық, ұйымдастырушылық эмоционалдық көңіл күйі мен сөйлеу техникасын басқара білу дағдысы.
Тұлғаны дамытуда қазіргі оқушы келбеті оқушы қандай болуы керек:
Сұлулықпен сусындаған әстет, алған білімін өмірде қолдана алады, жан-жақты, логикалық ойы терең, ізденімпаз, терең қазыналы білімпаз. Қазақ тілі сабағында алға қойған мақсатымыз: «Білемін», «Үйрендім», «Білгім келеді»- стратегиясын басшылыққа алу. Осы стратегия баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуына көп ықпал етеді. Осы мақсатта бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді шоғырландыру, ізгілікті тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, тірек сигналдар арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, модульдік технологиялар кеңінен танымал. Осы технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мұғалім.
Оқушылар өздері ықылас білдіріп, өз еркімен сөйлеуі үшін олардың өз көзқарастарына, қызығушылығына сай ситуациялық жағдайлар туғыза білуіміз керек. Яғни өзара әрекет жасау тәсілі оқушыларды сабақтан әлдеқайда бұрын қызықтырып, құштарлығын сабақ үстінде арттырмаса кеміттірмейді. Істеген істерін көрсетіп, баға алу оқушының негізгі мақсатына айналады.
Оқытушыға сабақты алдын ала шешіліп келген мәселе арқылы құру үлкен жеңілдік береді, ал оқушыларға сабақ жеңіл, қызықты болып көрінеді. Тәжірибенің нәтижесінде сабақ құштарлықпен қызығушылықпен өтеді деп айта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |