17 – 18 ғасырларда Қазақстан жерінен өтетін Түркістан, Сауран, Қалмақ, Ноғай жолдары деп аталатын Керуен жолдары болды. Ұлы Жібек жолы мен оның тармақтары тек қана табиғат жағдайы қолайлы жерлермен өтіп қана қойған жоқ, сонымен қоса табиғаты аса қатал Бетпақдала шөлі арқылы да көптеген Керуен жолдары өткенін тарихи-топографиялық зерттеулер дәлелдейді. Кейінгі ғасырларда Ұлы Жібек жолының жеке тармақтары сауда қатынасынан гөрі жорықтар мен саяхат жолдары ретінде танымал болды. Бұған жолдың қазақ даласы арқылы өтетін бөлігінен тарайтын Хан жолы (Түркістан қаласын Шымкент, Тараз, Қарағанды, Ақмола, Көкшетау, Қызылжар өңірлерімен байланыстырған), Хиуа жолы (Маңғыстаудан Хиуа баратын жол), Абылай жолы, Қарқаралы жолы, Сарысу жолы (Отырар, Жаркент, Сығанақ қалаларын байланыстырған), Тарақтылар жолы, Қимақ жолы, тағы басқа деп аталатын Керуен жолдары дәлел бола алады. Назарларыңызға рахмет! 1.Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан. Алматы: Аруна, 2008 2.Жұмаханов Т., Жұматаев Б., Шоңбай Т. Қазақ хандығы. Алматы: Аруна, 2004 3.Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан. Алматы: Аруна, 2007
Достарыңызбен бөлісу: |