04 Төртінші — Әулиеата – Қараханға тұрғызылған кесене (ХІ-ХІІ ғ.ғ. сәулет ескерткіш) мен Бабаджа Хатун кесенесі де қайта қалпына келтірілді. Енді, міне, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында күмбір күмбезді ескерткіштеріміз де еңселерін қайта тіктеуде. Қарахан мазары-ХІ ғасырда салынған сәулетті күмбез, бірақ ескіріп, тозуына байланысты 1906 жылы қайта салынған. Жаңадан салынған кезде оның ертедегі сәулеттік, декоротивтік көркемдігінің қалдықтары жойылған, сонымен бірге алғашқы жобасы да бұзылған. Қазір бұл күмбезді, жобасы төртбұрыш болып келген құрылыс. Керуен жолдары Керуен жолдары– ежелгі дәуір мен орта ғасырларда Батыс Еуропа мен Шығыс елдерінің арасындағы сауда қатынастарының дамуына ықпал еткен аса ірі халықаралық қатынас жолдары.Қазақ жеріндегі Керуен жолдарының тарихы б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шеніндегі «далалық сақ жолдарынан» басталады. Геродоттың жазуы бойынша, бұл жол Қаратау маңынан Дон (Дөң) жағалауына дейін, одан Оңтүстік Оралдағы сарматтар жеріне бағытталып, Ертіс бойы мен Алтайға, Зайсан көліне дейін созылған. Кейбір деректерге қарағанда, ежелгі Керуен жолдарынана «Ұлы Жібек жолы» атауы кейін берілген. Бұл атау осы жолмен тасылған негізгі тауар – жібекпен тығыз байланысты. Керуен жолдары арқылы алғаш рет император Удидің тапсыруымен Батысқа саяхат жасаған дипломат Чжань Цянь (б.з.б. 103 жыл) жүріп өткен. Қытай елшісінің соңынан іле-шала жібек артқан керуендер Батысқа қарай бет алған. Уақыт өткен сайын Керуен жолдарының жеке тармақтары жергілікті саяси-экономикалык жағдайға орай, жанданып немесе керісінше құлдырау кезеңдерін басынан кешірген. 5 ғасырдан бастап Ұлы Жібек жолының Қытай мен Орталық Азия арасын жалғастырып жатқан, Жетісу мен қазіргі Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен тармағы жақсы дамыған. 6 ғасырдың 2-жартысында бұл Керуен жолдары көшпелі түркілердің құдіретті империясы – Түрік қағандығының құрамына кірді. Осы кезеңнен бастап Жетісуда аса ірі қалалар жүйесі қалыптаса бастайды. Керуен жолдары
Достарыңызбен бөлісу: |