Жерұйық негізгі мектебі
Тақырыбы: Сарматтар
Күні: 19.04.2013ж
Класы: 6
Өткізген: Ерғожин М.А
2013жыл
Күні: 19.04.2013ж Класы: 6 Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §28.Сарматтар
Мақсат міндеттері Білімділік: Сарматтардың тарихы, мекендеген орны, басқа тайпалармен байланысы, қоғамдық құрылысы туралы түсіндіру; Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою, тақырыпқа сай білімін толықтыру; Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін Отан сүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Ашық сабақ Сабақтың көрнекілігі: Орта ғасырлардағы Қазақстан картасы, тест сұрақтары, үлестірмелі қағаздар, слайдтар, сызбалар. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, күн диаграммасы; Пәнаралық байланыс: География
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу
Класты түгелдеу
Сабаққа назар аударту
II.Үй тапсырмасын сұрау §27.Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
III.Үй тапсырмасын бекіту.
1.Тест сұрақтары беріледі.
1.Қытай деректерінде "ғұн" атауының пайда болған кезі
А) б.з.б. ІУ ғ. В) б.з.б. У ғ. Ортасы С) б.з.б. ІІІ ғ. аяғы
2.Қытай деректеріндегі ғұн басшысы лауазымы:
А) "Гуньмо В) "Шаньюи" С) "Хан"
3.Ғұндар туралы дерек беретін
А) қытай деректері В) иран жазбалары С) рим жылнамалары
4."Жер дегеніміз - мемлекеттің негізі, оны қалай береміз" деген ғұн басшысы
А) Мөде В) Мұқан С) Аттила
5.Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа
А) сақтар В) қаңлылар С) ғұндар
6.Ғұн шаньюйінің жақын туыстары иеленген лауазым
А) "Тархан" В) "Сұлтан" С) "Түменбасы"
7."Халықтардың ұлы қоныс аударуын" бастаған
А) Сақтар В) Ғұндар С) Үйсіндер
8.Ғұндар жөнінде маңызды дерек қалдырған
А) Марцеллин В) Торг С) Герадот
9."Ғұндар жақсы шыныққан, олар отты да қажет етпейді" деп жазған
А) Ктесий В) Марцеллин С) Герадот
10.Ғұн әміршісінің сарайы туралы сипаттап жазған
А) Страбон В) Герадот С) Прииск
11.Ғұндар бұйымының бетіне түрлі-түсті заттарды жапсыру стилі
А) "Полихромдық стиль" В) "Дәнекерлік стилі" С) "Зерлеу стилі"
IV.Жаңа сабақ.
§28.Сарматтар
Жоспар: 1.Сарматтардың орналасқан жері. 2.Савроматтар. 3.Арал-Каспий теңіздері аралығын мекендеген тайпалар. 4.Қоғамдық құрылысы.
1. «Сармат» деген жұртың аты көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б 3 ғасырдан бастап кездеседі. Осы ғасырда сарматтар күшейіп, басқа тайпаларға үстемдігін жргізе бастаған. Оларды тарихи деректерде алғашқы кезеңде, б.з.б 8 ғасырда савроматтар деп атаған. Арал-Каспий аралығында, одан оңтстікке қарай дах (дай,даг) тайпалары тіршілік еткен. Каспийдің жағалауында каспилер өмір сүрген. Каспий теңізін сол кезде Гиркан теңізі деп атаған, соған байланысты каспилерді кейде гирканилер дейтін.
Сарматтар Батыс Қазақстан жерінен біртіндеп жаулап Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті.
Орталық Азия
Қара теңіз аймағы
Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказ, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады
САРМАТТАР
Сарматтар скиф тіліне жақын тілде сөйлеген
Дах-массагет, иседондармен туыстас келеді
Сарматтардың саны б.з.б 3-2ғ.-да 20 мың, б.з.б 2-1ғ.-да 10 мың, б.з.-дың 1ғ.-да 5-7 мың адам болған
Басқа тайпалармен араласып, бірқатары отырықшылық салтқа көшкен
V.Бекіту.
Сұрақтар; 1.Сарматтар Қазақстанның қай аймақтарын мекендеген? 2.Савроматтар мен сарматтардың байланысы қандай? 3.Сарматтар туралы жазған тарихшыларды ата?
Венн диаграмма
Ғұндар
|
Ұқсастығы
|
Сарматтар
|
|
|
|
Күн диагрммасы
Сарматтар туралы не білдің?
VI.Қорытындылау
VII.Бағлау
VIII.Үйге тапсырма: §28.Сарматтар
Достарыңызбен бөлісу: |