«Алматы ќ±с» ¦лттыќ Акционерлік Компания (¦АК) µз ќызметін 1998 жылдыњ науырыз айынан бастап, Алматылыќ аоот «Алтын ќ±с»



бет4/4
Дата29.01.2022
өлшемі285,5 Kb.
#115970
1   2   3   4
Байланысты:
Қабылда отчет.docx

Шығын баптарының атаулары

жоспар

нақты

ауытқуы

мың тенге

үлесі %

мың тенге

үлесі %

мың тенге

%

Hy-Line бір тәуліктік балапаны

21 643,4

1,49

20 491,3

1,46

-1 152,1

94,68

жем

1 026 930,9

70,78

990 988,3

70,59

-35 942,6

96,50

инкубатор

4 331,2

0,30

4 098,2

0,29

-233,0

94,62

электр энергиясы

26 154,9

1,80

26 410,9

1,88

256,0

100,98

жылыту

12 486,3

0,86

13 256,3

0,94

770,0

106,17

ветеринарлық қызмет

37 705,1

2,60

33 557,5

2,39

-4 147,6

89,00

басқалары

86 583,1

5,97

88 163,1

6,28

1 580,0

101,82

айналым пайызы (еңбек ақы)

1 630,3

0,11

1 351,0

0,10

-279,3

82,87

сұрыптау шығындары

28 007,1

1,93

24 926,0

1,78

-3 081,1

89,00

сату шығындары

152 766,2

10,53

148 273,0

10,56

-4 493,2

97,06

ОВЗ талдау шығындары

2 719,9

0,19

2 520,8

0,18

-199,1

92,68

айнымалы шығындар жиыны

1 400 958,2

96,56

1 354 036,3

96,45

-46 921,9

96,65

күзет

5 850,0

0,40

5 850,0

0,42

0,0

100,00

жанұя басшысының еңбек ақысы

44 050,7

3,04

44 050,7

3,14

0,0

100,00

тұрақты шығындардың жыны

49 900,7

3,44

49 900,7

3,55

0,0

100,00

Барлығы

1 450 859,0

100

1 403 937,0

100

-46 921,9

96,77



Кесте 4- Құс етінің өндірісіне жұмсалған шығындар






















Шығын баптарының атаулары

жоспар

нақты

ауытқуы

мың тенге

үлесі %

мың тенге

үлесі %

мың тенге

%

Hubbard Isa бір тәуліктік балапаны

11583,7

0,86

10 647,6

0,76

-936,1

91,92

Ross 308 бір тәуліктік балапаны

43 671,8

3,23

46 292,2

3,29

2 620,3

106,00

жем

914 937,2

67,72

942 825,4

67,03

27 888,3

103,05

инкубатор

1 837,0

0,14

1 993,0

0,14

156,0

108,49

электр энергиясы

29 723,0

2,20

31 726,8

2,26

2 003,8

106,74

жылыту

82 439,7

6,10

85 784,3

6,10

3 344,6

104,06

ветеринарлық қызмет

65 626,5

4,86

69 564,0

4,95

3 937,6

106,00

басқалары

32 679,7

2,42

36 352,7

2,58

3 673,0

111,24

айналым пайызы (еңбек ақы)

8 350,3

0,62

9 570,4

0,68

1 220,1

114,61

сою шығындары

48 877,6

3,62

52 787,8

3,75

3 910,2

108,00

сату шығындары

54 885,4

4,06

61 746,0

4,39

6 860,7

112,50

ОВЗ талдау шығындары

11 293,1

0,84

12 140,1

0,86

847,0

107,50

айнымалы шығындар жиыны

1 305 904,9

96,66

1 361 430,4

96,79

55 525,4

104,25






















күзет

6 630,0

0,49

6 630,0

0,47

0,0

100,00

жанұя басшысының еңбек ақысы

38 509,6

2,85

38 509,6

2,74

0,0

100,00

тұрақты шығындардың жыны

45 139,6

3,34

45 139,6

3,21

0,0

100,00

Барлығы

1 351 044,5

100

1 406 569,9

100

55 525,4

104,11

Жұмыртқа өндірісімен айналысатын құс фабрикалары шегінде жинақталған шығындардың жалпы сомасында азаю байқалды 46922 мың тенгеге немесе 3,23%. Бұл ең алдымен құс басы саның қысқаруымен тікелей байланысты.

Құс етін шығаруға жұмсалған шығындардың жалпы сомасы 55525,4 мың тенгеге немес 4,11% өсті. Оған құс басының өсуі және есепті кезеңде құс отырғызулары санының өсуі себеп болған. Кезең бойынша тұрақты шығындар өзгеріссіз болды. Бұл ең алдымен өндіріс көлемінің аса көп өспегендігіне байланысты.

Құс шаруашылығында өндіріске жұмсалған шығындардың алғашқы есебінде әртүрлі құжаттардың үлкен көлемі пайдаланылады, және солардың негізінде ары қарата жазбалар жасалады. Келесідей құжаттар топтарын бөліп көрсетуге болады: еңбек шығындарының есебі бойынша; еңбек заттарын (жем шығынын және басқа да материалдық құндылықтардың шығынын) есептеу бойынша; өнім шығымын есептеу бойынша; еңбек заттарының пайдаланылуы (амортизация, жөндеу жұмыстарына аударымдар) бойынша; өнім шығымын (тірі салмақтың және төлдің өсімін) есептеу бойынша құжаттар.

Құс шаруашылығында еңбеккерлердің жал ақысын есептеу бойынша негізгі құжат болып еңбек төлемінің есебі табылады. Құс өсірумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақысын (кесімді еңбек ақы) есептеу алынған өнім (жұмыртқа, алынған төл, тірі салмақ өсімі) негізінде жүргізіледі. Осыған байланысты жалақыны есептегенде балапандарды кірістеу актісі, құстарды өлшеу тізімдемесі, құстарды бір топтан екінші топқа ауыстыру актісі,


Алғашқы құжаттар
















Еңбек шығын-

дарының


есебі бойынша

қ ұжаттар



Еңбек заттарын

(жем шығынын)

есептеу бойынша

қ ұжаттар



Еңбек заттарын

(басқа да материалдық

құндылықтардың

шығынын)


есептеу бойынша

қ ұжаттар



Өнім шығымын

есептеу


бойынша құжаттар

Өнім шығымын

(тірі салмақтың және төлдің өсімі)

есептеу

бойынша құжаттар


Е ңбек заттарының пайдаланылуын (амортизация, жөндеу жұмыстарына аударымдар) есептеу бойынша құжаттар

















Жинақтау

ведомостары






Жемдер

шығындарын

есептеу журналы





Материалдық құндылықтарының қозғалысы туралы есеп берулер




Құстың қозғалысы туралы есеп берулер





















Құс шаруашылығы бойынша бөлімшелердің бет шоттары (өндірістік есеп берулер)



















Тұтас кәсіпорындағы құс шаруашылығы бойынша жиынтық бет шоты

(жиынтық өндірістік есеп)


С алыстыру



Журнал-ордер № 10






















Салыстыру



Бас кітап



Сұлба 2- Құс шаруашылығында өндірістік шығындар мен өнім шығымы есебінің сұлбасы


жиналған жұмыртқаны түсімінің күнделігі сияқты құжаттар есеп жұмысына тартылады. Оларда тіркелген мәліметтер мен кәсіпорында қабылданған шаруашылық есеп бағаларын (1кг тірі салмақ, 1 жұмыртқа үшін) пайдалану арқылы еңбек ақы есептеледі. Жал ақыны есептегенде сондай-ақ еңбеккерлердің жұмыс істеген уақытын есептейтін жұмыс уақыты табельдерінің ақпараттары қолданылады.

Зерттелген кәсіпорында тұрақты еңбеккерлердің жалақылары оклад негізінде және ай басында бекітілген жоспардың орындалу процентіне сәйкес есептеледі. Сондай-ақ, сыйақы беру жүйесі де қалыптастырылған, өнім өндірісімен айналысатын негізгі жұмысшыларға жоспардың артық орындалуына байланысты негізгі еңбек ақыларына 15% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Жанұя басшыларына шығындарды үнемдеулері үшін негізгі окладтарына 15% мөлшерінде сыйақы қосылады, ал егер де шығын бойынша нормалар сақталмаса, негізгі окладтан 15% мөлшерінде ұстаулар жүргізіледі.

Құс шаруашылығында еңбек заттарын шығындаудың негізгі түрі болып жемдердің шығыны болып табылады, шаруашылықтарда олардың алғашқы есебі жем-шөп шығынын есептеудің тізімдемесінде жүргізіледі. Бұл тізімдеме жинақтық құжат болып табылады, өйткені оның негізінде өндіріске жем беріледі және жемнің шығыстарға қажетсіздендірілуі жүзеге асырылады. Жалпы шаруашылық (жанұя) бойынша жемдердің жиынтық есебі жем-шөп шығынын есептеу журналында жүргізіледі. Мұнда әрбір құс тобы (құс орналасқан орын) үшін жеке парақтар ашылып, жем шығыны сәйкес келетін жем-шөп рецептінің бағанасына физикалық өлшем бірлікте жазылады.

Өзге де материалдық құндылықтардың шығысы (биопрепараттар, дәрі-дермектер, уытсыздандыру заттары және т.с.с.) бекітілген лимиттік-жинақтама тізімдемелері, накладнойлар және басқа да шығыс құжаттарымен рәсімделеді.

Құс шаруашылығында еңбек заттарының шығысы негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеу тізімдемелері, жөндеу жұмыстарына арналған шығындардың сметаларында көрініс табады.

Өнім шығымының есебі үшін құс шаруашылығында әр түрлі құжаттар пайдаланылады, бұл ең алдымен жеке өнім түрлерінің сипаттамаларымен тығыз байланысты. Құжаттарды барлығын екі топқа жіктеуге болады: құс шаруашылығы өнімін кірістеу және тірі салмақ өсімі мен төлдерді (балапандарды) кірістеу бойынша. Бірінші топқа- жұмыртқа түсімінің күнделігі, екіншісіне- құстың бір тәуліктік төлдерін шығару мен іріктеп алу актісі, құстарды өлшеу тізімдемесі жатады.

Құс шаруашылығында құрылымдық бөлімшелер бойынша өндірістік шығындар мен өнім шығымының алғашқы құжаттар мәліметерін жалпылайтын есептік регистр болып бөлімшенің (жанұяның) өндірістік есеп беруі табылады. Ол алғашқы және жиынтық құжаттардың бір ай бойындағы мәліметтерінің қорытындылары бойынша құралады.

Тұтастай шаруашылық шеңберінде шығын есебінің объектілері бойынша жиынтық мәліметтерді алу үшін құс шаруашылығы бойынша жиынтық есеп жасалады. Бухгалтерлік есептің автоматтандырылу жағдайында журнал-ордерлік есеп жүйесі қолданылмауы да мүмкін, оның орнына ай қорытындылары бойынша, барлық шығындар еңгізген соң, автоматты түрде 90 «Негізгі өндіріс» шотының «Құс шаруашылығы» субшоты бойынша карточканы қалыптастыруға болады. Онда негізгі өндіріс шотының дебеті және шығындарды бейнелейтін шоттардың кредиті өз көрінісін табады.



3. Құс шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын есептеу
Өнімнің өзіндік құнын есептеу- бұл тек қана калькуляция емес (өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу, анықтау), бұл сондай-ақ калькуляция үшін қажетті шынайы мәліметтерді қамтамасыз ететін есептік процедуралар мен есептеулердің жиынтығы. Оларға өндіріс шығындарының талдамалық бухгалтерлік есебін ұйымдастыру, шығындарды тарату, шығындарды жинақтау не шығарып тастау, және бірқатар басқа процедуралар жатады.

«Green food» ААҚ өнімнің өзіндік құнын есептегенде № 7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» Бухгартерлік есептің стандарты және оған әдістемелік нұсқаулар, сондай–ақ № 2 «Қорлар» Қаржылық есеп берушіліктің халыкаралық стандартын басшылыққа алады.

Мал шаруашылығының негізгі саласы құс шаруашылығында шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын есептеу мәселесі аса күрделі мәселелердің қатарына жатқызылады. Бұл саладан бірнеше негізгі және жанама өнімдерді алумен байланысты.

Құс шаруашылығында өнімнің өзіндік құнын есептеу шығындар баптарының номенклатурасымен жүргізіледі. Олар алдыңғы бөлімдерде қарастырылып кеткен. Өнімнің өзіндік құнын есептеу әдістемесі ұйымның мамандандырылуына тәуелді. Өнеркәсіптік негізде құс өсірумен айналысатын арнайы мамандандырылған құс шаруашылықтары мен құс фабрикаларында шығындар есебі технологиялық топтар шегінде жүргізіледі. Осы жағдайда келесідей талдамалық шоттар ашылады: аналық топ; инкубация цехы; төлдерді өсіру; мекиен-тауықтардың өндірістік табыны.

Құс шаруашылығы өнімінің өзіндік құны негізгі табын мен төлдерді, оларды өсіру технологиясын есепке ала отырып, күтіп-ұстау бойынша шығындардың бөлек есебінің мәліметтері негізінде есептелінеді. Осыған қарап құс шаруашылығында өнімнің өзіндік құнынның қарапайым (процестік) калькуляциясы қолданылады деп айтуға болады. Көптеген экономикалық әдебиеттерде келтірілген анықтамаларға сәйкес, өндіріс технологиясы тұтас бір өндірістің, процесс деп аталатын, жеке бөлігін жеке өндірістік бөлімшемен орындауын ұйғаратын кәсіпорындарда аталмыш жүйені пайдаланады. Құс шаруашылығы үшін мұндай процестер болып құстарды технологиялық топтар бойынша өсіру процестері табылады. Технологияға сәйкес құс өсірудің әрбір процесінде жаппай біртекті өнім шығарылады және мұндағы өндіріс циклы үздіксіз болып келеді. Осы әдіс бойынша өндіріс циклына қатысатын соңғы бөлімше қоймаға дайын өнімді өткізу қажет. Шығындар белгілі-бір уақыт аралығы үшін, есепті кезеңнің өнімдеріне қатыссыз, әрбір өндірістік бөлімше бойынша жалпыланады.

«Green food» ААҚ-да процестік әдісінің жалпы сұлбасы қосымша ретінде келтірілген.

Құс шаруашылығында өнімнің өзіндік құнын есептеудің объектілері болып: аналық табын бойынша- инкубациялық жұмыртқа; өндірістік негізгі табын-тағамдық жұмыртқа; инкубация цехы- бір тәуліктік балапандар; өсірудегі төлдер- құстың тірі салмағының өсімі. Осы саладағы жанама өнімге-

қауырсын, мамық (өткізудің мүмкін бағасы бойынша бағаланады); инкубация цехының қалдықтары - сойылған бір тәуліктік әтештер, өлекселер, қанды сақина (пайдаланылуы мүмкін болған жағдайда ғана бағаланады); құс саңғырығы (өткізудің мүмкін бағасы бойынша немесе құсты күтіп-ұстау үшін жұмсалған сабан шығындарын қоса алғанда, жинау, тасымалдау және сақтау шығындарың шамасы негізінде бағаланады).

Зерттеліп отырған кәсіпорында өзіндік құнды есептеу үшін шығындарды азайту әдісін қолданады. Осы әдіске сәйкес, құстардың технологиялық топтары бойынша шығындардың жеке есептелуіне байланысты, әрбір топта өзіндік құнды есептеудің объектісі болып бір ғана негізгі өнім табылады, ал қалғандары жана өнімге жатқызылады. Осы жағдайда әрбір топ бойынша негізгі өнімнің өзіндік құны жалпы есептік шығындардан нақты өзіндік құн бойынша есептелген жанама өнімнің құнын алып тастау арқылы анықталады.

Құс шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын келесідей тәртіппен есептеу қажет. Ең алдымен асыл тұқымды жұмыртқалардың өзіндік құнын анықтайды, себебі бұл жұмыртқалар инкубация цехында пайдаланылу мүмкін. Содан кейін бір тәуліктік балапандардың өзіндік құны калькуляцияланады. Құс төлдерінің барлық технологиялық топтары бойынша, ең алдымен, салмақ өсімінің іс-жүзіндегі өзіндік құны, содан кейін төлдердің тірі салмағының өзіндік құны анықталады, бұл салмақ өсімінің өзіндік құны тірі салмақтың өзіндік құнының құрамдас бөлігі болып табылатындығымен байланысты.

Құс шаруашылығындағы жұмыртқаның жәнеқұс етінің өзіндік құнын есептеудің тәртібі төмендегі кестелерде көрсетілген (кесте 5, 6). Мұндағы өнімнің өзіндік құны әрбір кезең үшін анықталады. Бір кезең бойынша анықталған шығындар жиыны келесі кезеңнен алынатын өнімнің өзіндік құнына кіреді. Кестедегі мәлеметтер 2004 жылдың нақты және жоспарлы көрсеткіштерін салыстырудан алынған. Жоспарлы өзіндік құн құстың паспорттық мәліметтері, кәсіпорын басшылығы бекіткен бағалар және шығын бюджеттері негізінде анықталған (қосымша Е-Р)

Кестеден көріп отырғанымыздай жұмыртқаның бір бірлігінің нақты өзіндік құны жоспармен салыстырғанда 33,52% немесе 1,36 тенгеге артық болып шықты. Бұл жем шығындарының артық жұмсалуымен тікелей байланысты, артық жұмсау әртүрлі құндағы (рецепт) жемдерді пайдаланумен және жем өндірісіне жұмсалған шикізаттардың жыл ағымында өзгерісіне тура тәуелді. Жалпы жем шығындары бойынша ауытқу 1,27 тенгені немесе 43,52% құрады. Шығындардың жиыны бойынша ең үлкен ауытқу өнеркәсіптік зонада (ПЗ) байқалады. Бұл процестегі шығындардың жоспардан ауытқуы тағы да жем шығындарының есебінен болып отыр.

Жұмыртқаның өзіндік құнын құрамында ең үлкен үлес жем-шөпке тиесті-77%, бір тәуліктік балапан- 9,8% алады, басқа да үстеме шығындар –4,7% құрады. Еңбек ақының үлесі аса жоғары емес, бұл саладағы құс күтіп-ұстау процесінің толықтай автоматтандырылғанмен байланысты. Сұрыптау цехының қызметтері де өзіндік құнға біршама құн қосады, олар жалпы шығындар құрамында 2,8 % иемденеді.
Кесте –6 дан көріп ортығанымыздай құс етінің бір киллограмының өзіндік құны жоспармен салыстырғанда 30,01 тенгеге немесе 23,6% өсті. Бұл жем шығындарының артық жұмсалуымен тікелей байланысты, артық жұмсау әртүрлі құндағы (рецепт) жемдерді пайдаланумен және жем өндірісіне жұмсалған шикізаттардың жыл ағымында өзгерісіне тура тәуелді. Жалпы жем шығындары бойынша ауытқу 23,31 тенгені немесе 30,52% құрады.

Жұмыртқаның өзіндік құнын құрамында ең үлкен үлес жем-шөпке тиесті-63%, сою цехының қызметі – 4,22% алады, ветеринарлық қызмет –4,55% , жылыту шығындары-5,71 құрады. Еңбек ақының үлесі аса жоғары емес, бұл саладағы құс күтіп-ұстау процесінің толықтай автоматтандырылғанмен байланысты.

Негiзгi табыннан алынатын жұмыртқалардың өзiндiк құнын келесiдей анықтайды:


  1. инкубациялауға және сатуға арналған, асыл тұқымды жұмыртқа- мекиен тауықтарды (әтештермен қоса есептегенде) күтiп-ұстауға жұмсалған шығындар сомасынан жанама өнiмдi шегергендегi соманы асыл тұқымды жұмыртқа санына (сағым жұмыртқаны есептемегенде) бөледi;

  2. тағамдық жұмыртқалар- мекиен тауықтарды (әтештердiң есебiнсiз) күтiп-ұстауға жұмсалған шығындар сомасынан жанама өнiмдi шегергендегi соманы алынған жұмыртқа санына бөледi.

Шығындардың бөлек есебiнiң болмау кезiнде асыл тұқымды және тағамдық жұмыртқалардың өзiндiк құны келесiдей тәсiлмен есептейдi: жем-күндерiнiң саны бойынша есептi кезендегi өндiрушi-әтештердi күтiп-ұстауға жұмсалған шығындар анықталады. Содан кейiн, мекиен-тауықтарды күтiп-ұстауға кеткен шығындар сомасынан әтештерге жұмсалған шығындар сомасы мен жанама өнiм шегерiледi. Осы қалған сома асыл тұқымды және тағамдық жұмыртқаның құнын құрайтын болады. Берiлген құнды барлық алынған жұмыртқа санына бөлсек бiр жұмыртқаның өзiндiк құнын анықтаймыз, соның негiзiнде тағамдық жұмыртқаның бүкiл санының өзiндiк құнын есептейміз. Шығындардың жалпы сомасынан тағамдық жұмыртқалардың өзiндiк құнын алып тастап асыл тұқымды жұмыртқаның өзiндiк құнын аламыз.

Инкубациялық цех өнiмiнiң калькуляциялау объектiсi болып бiр тәулiктi балапандар табылады. Әдетте, инкубациялаудан алынған денi сау бiр тәулiктiк балапан басының құнын анықтайды. Алайда кейбiр жағдайларда, егер бiр тәулiктiк әтештердi жойса (жұмыртқа өндiрiсiнде), бiр тәулiктiк төлдердi калькуляциялайды.

Инкубацияға салынған жұмыртқаларды екі тәртіппен бағалайды: өткен есепті кезеңнен ауысатын жұмыртқалар, нақты өзіндік құн бойынша, сатып алынатын жұмыртқалар, №7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» Бухгалтерлік есеп стандартында көрсетілген шығындарды қоса есептегендегі, сатып алу бағасы бойынша.

Бiр тәулiктiк төлдердiң құны инкубациялауға салынған жұмыртқа құнынан және инкубациялау бойынша шығындардан құралады, осы сомадан жанама өнiмнiң (бiрiншi және екiншi сағымның ұрықтанған жұмыртқалары, әтештер) құны есептен шығарылады. Шығарылған бiр тәулiктiк балапанның өзiндiк құнын инкубациядан шығарылған өнiмнiң жалпы құнын өсiруге жарамды балапандардың санына бөлу арқылы анықтауға болады. Iскерлiк шығымға сатуға берiлетiн және өсiруге жiберiлген бiр тәулiктiк балапандарды қосады, ал сатуға және шаруашылықта пайдалануға жатпайтын әлсiздердi есептен шығарады.

Жұмыртқаны инкубациялаудың технологиялық процесiнiң ерекшелiгi бiр кезеңнен екiншi кезеңге аяқталмаған өндiрiстiң қалыптасуын шарттайды.

Объектiге қатысты инкубация бойынша аяқталмаған өндiрiстi анықтаудың бiрнеше әдiсi пайдаланылады:



  • инкубацилауға салынған жұмыртқа түрлерi бойынша шығындар есебi жеке талдамалық шоттарда жүргiзiледi, және олардағы шығын сомалары аяқталмаған өндiрiстi анықтайды.

  • инкубациялаудың 1 күнінің өзiндiк құнын анықтайды; ол үшiн балапанның есептiк құнын пайдаланады және оны инкубациялау күндерiнiң санына бөледi: тауық балапандары үшiн - 21 күн. Алынған нәтиженi есептi кезеңнiң аяғында салынған жұмыртқалардың әрбiр түрi бойынша инкубациялау күндерiнiң санына көбейтедi.

Аяқталмаған өндiрiстi есепке алғанда инкубация өнiмiнiң құнын келесiдей жолмен анықтаймыз: ағымдағы нақты кезең шығындарына кезең бсындағы аяқталмаған өндiрiс құнын қосады және болашақ кезеңге жатқызылатын аяқталмаған өндiрiстi азайтады.

Бухгалтерлiк есепте аяқталмаған өндiрiстi есептi кезең аяғында шоттардың келесi корреспонденциясымен бейнелейдi: 211 “Аяқталмаған өндiрiс” шотының дебетi және 900 “Негiзгi өндiрiс” шотына ашылатын “Инкубация бойынша шығындар” кредитi. Келесi есептi кезең басында шоттардың керi корреспонденциясы жасалады.

Кезең аяғында инкубатордан алынатын тәулiктiк балапандарды есептiк бағалар бойынша кiрiстейдi, кезең аяғында инкубацияға салынған жұмыртқалардың өзiндiк құны белгiлi болғанда, қосымша жазбалар жасалады (егер iс-жүзiндегi құн есептiк құннан жоғары болса), не шегерiс (сторно) жазбалары жасалады (егер iс-жүзiндегi құн есептiк құннан төмен болса). Құс төлдерiн сырттан сатып алу жағдайында оның құнына шаруашылыққа жеткiзу бойынша шығындар қосылады.

Өсiрудегi төлдер тобы бойынша калькуляциялау объектiлерi болып тiрi салмақ өсiмi және жалпы тiрi салмақ табылады.

Құстың тiрi салмақ көрсеткiшiнiң есепте көрсетiлуi әрбiр шаруашылық операциясының, оның iшiнде құсты қайта санаудың құжаттық рәсiмделуi негізінде жүзеге асады. Бұған қоса, өнiм шығымының есебi мен оның калькуляциясы үшiн құс төлдерiнiң салмағын ай сайын анықтау қажет. Құстың тірі салмағының өсімін анықтау құсты жүйелі өлшеу жолымен жүзеге асырылады.

Құсты қажетсiздендiру, сату және өңдеу цехына жiберу кезiнде толықтай қайта өлшейдi. Құстың салмағын құсты топтан топқа ауыстыру, оның iшiнде iрi табынға қосу кезiндi, материалдық жауапты тұлғаларды ауыстырғанда, сондай-ақ есептi кезең аяғында оның қалдықтарын анықтау үшiн құс басының 5% кем емес мөлшерiн таңдап алу негiзiнде өлшеу жолымен белгiлейдi. Ол үшiн тiрi салмақты өлшенген құстың санына бөлу арқылы анықталған, бiр бастың орташа салмағын топтағы құс санына көбейтедi. Есепті кезең аяғында жалпы не таңдау жолымен құстың тірі салмағы есептегеннен кейін, берілген есепті кезеңнің тірі салмақ өсімін анықтайды.

Бір басқа шаққандағы орташа салмақ өсімін келесі жолмен есептейді:


  1. Есепті кезең аяғыда барлық бастың 14-40% іріктеп өлшейді.

  2. Кезең басындағы (алдағы кезеңнің есеп-қисабынан) және кезең аяғындағы құс салмағының арасындағы айырмашылық есептеледі.

  3. Алынған салмақ өсімін өлшенген құстың санына бөліп, 1 басқа келетін салмақ өсімін анықтаймыз.

  4. 1 бас құстың салмағын құстың жалпы санына көбейтеміз.

Жалпы құстың тірі салмағының өсімін келесі кесте 3 түрінде бейнелеуге болады. Алынған тірі салмақ өсімінің есептелуін «Салмақ өсімінің есебі» атты арнайы құжатта жүргізеді. Құсты өсірудің өнімін анықтау үшін тірі салмақтың жалпы өсімінен құстың өлім-жітімінің тірі салмағын шегереді. Алғашқы құжаттарда тіркелген, құс тобындағы барлық өзгерістер құстың қозғалысы есебінің кітабында бейнелейді.
Кесте 6- Тірі салмақ өсімін есептеу


Есепті кезең аяғындағы құстың тобының тірі салмағы (+)


Кезең ішінде топтан шығып қалған құстардың тірі салмағы (үлкен топқа ауыстыру, сату, мәжбүрлі сою және т.б. соңғы өлшеу бойынша өлген құстың салмағын қосумен бірге (-)


Есепті кезең ағымында берілген топқа келіп түскен құстың салмағы (-)


Есепті кезең басында есепте тұрған құстардың салмағы =



Есепті кезең ағымында топтағы құстың тірі салмағының жалпы өсімі (соңғы өлшеуден өлім-жітімге дейін өлген құс бойынша тірі салмақ өсімін қоспағанда)

Бұл кітапты құстың жастық топтары бойынша жүргізеді. Мәліметтер, сәйкес алғашқы құжаттардың негізінде, өзгерістер орын алған күні кітапқа жазылады. Кіріс бойынша құстың бір топтан екінші топқа ауысуы, ал шығысы бойынша- сату (түрлері бойынша), басқа топтарға көшіру, өлім-жітім, сою цехына жіберу және т.б көрсетіледі.

Төлдердi өсiруге жұмсалған шығындар белгiлi бiр жасқа дейiн өсiруде тұрған төлдердiң (мысалы жұмыртқа бағытындағы құстар бойынша –105 күн, ет бағытындағы бройлерлік балапандар- 46 күн) салмақ өсiмiнiң құнын құрайды. Өсiруге жiберiлген бiр тәулiктiк балапандардың құны мен салмақ өсiмiнiң қосындысы негiзгi өнеркәсiптiк табынға көшiрiлетiн құстың құнын бейнелейдi.

Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығында, төлдердi негiзгi табынға көшiру алдында, құсты күтiп-ұстауға жұмсалған барлық шығындар жиынтығы тiрi салмақтағы құстың және еттің құнын (сою цехының шығындарын қоса алғанда) анықтайды. Төлдердi негiзгi iрi табынға көшiргеннен кейiн (әдетте бұл жұмыртқа беру процесiнiң басталуына сәйкес келедi) негiзгi табынды күтiп-ұстауға жұмсалған шығындар жұмыртқа құнына жатқызылады.

Құс шаруащылығындағы өнiмнiң құнын қалыптастыру бойынша негiзi операциялар бухгалтерлiк есеп шоттарының келесiдей корреспонденцияла- рымен рәсiмделедi:

Құс шаруашлығында алынған өнімнің өзіндік құнын есептеуден басқа құстың әрбір есептік тобы бойынша жем-күндерінің және бір бас құсты күтіп-ұстаудың өзіндік құны есептеледі. Жем-күнінің өзіндік құны берілген құс тобы бойынша шығындарды оларды күтіп-ұстаудың жем-күндерінің санына бөледі. Құсты күтіп-ұстаудың жем-күндері құстың қозғалыс есебінің кітабы мәліметтері бойынша анықталады, мұнда күн сайын әрбір есептік топ бойынша барлық өзгерістерді тіркеп, қалдықты шығарады. Кітап бойынша күнделікті қалдықтар сомасы жем-күндерінің жалпы санын құрайды.

Құстың бір басын күтіп-ұстау шығындарының өзіндік құны есептік топқа қатысты шығындарды, жем-күндерінің есептік санын құсты күтіп-ұстау кезеңіндегі күнтізбелік күндер санына бөлу жолымен белгіленетін, берілген есепті кезеңде ұсталған құстың орташа санына бөлу арқылы анықталады.

Құс шаруашылығы белгілі-бір тұйық процесті бейнелейді, мұнда құс төлдері негізгі табынға көшіріледі, негізгі табынды күтіп-ұстау шығындары алынатын дайын өнімге таратылады, бұл өнімнің бір бөлігі төлдердің ұдайы өндірісіне жұмсалады және т.с.с.

Өндіріс процесінің циклдылығы есепті кезең ағымында шығындарды нақты өзіндік құнмен есептеуге мүмкіндік бермейді. Есепті кезең ағымындағы барлық қозғалыстарды есептік бағамен жүзеге асырады, тек жыл аяғында түзетулер жүргізеді.

Қорытынды
Кез–келген кәсіпорынды тиімді басқару үшін менеджерлерді уақытылы, шынайы және дәл ақпаратпен қамтамасыз ету қажет. Берілген ақпарат кәсіпорынның ішкі және сыртқы жағдайы туралы туралы мәліметтерді беру қажет. Осы ақпарат менеджерлердің өздерінің басқарушылқ функцияларын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ уақытымен және лайықты шешімдерді жасау мен қабылдауға қажет. Мұндай ақпарат түрімен қамтамасыз ету -өзіндік құнды (шығындарды) басқарудың алдыңғы кезектегі міндеті болып табылады.

Өзіндік құнды басқару жүйесінің шегінде жинақталатын ақпарат басқарудың 4 негізгі функциясын іске асыру үшін қажет:



  • стратегиялық басқару;

  • жоспарлау және шешім қабылдау;

  • басқарушылық және жедел шешім қабылдау;

  • қаржылық есептіліктерді әзірлеу.

Стратегиялық басқару, ең басты функция болып табылады, компанияның нарықта берік бәсекелестік позицияларға қол жеткізуге бағыталған шаралар кешенін бейнелейді. Мұндағы шығын туралы ақпарат өнімді, өндіріс технологиялары мен әдістерін таңдауға, маркетингтік құралдар мен өнімді өткізу бағыттарын таңдау және басқа да ұзақ мерзімді сұрақтарға қатысты стратегиялық шешімдерді қабылдауға қажет.

Жоспарлау мен шешім қабылдау кезінде өзіндік құн туралы мәліметтер пайда бюджеттері мен жоспарларын жасауға, ақшалай ағымдарды басқаруға, сондай-ақ құрал жабдықтарды ауыстыру жобаларын таңдау және баға белгілеуге қатысты шешім қабылдауға қажет.

Бақылау функциясын іске асыру барысында пайдаланылатын ақпарат ұйымның әлсіз жерлерін анықтау және әртүрлі бөлімшелердің жұмысын әділетті бақылау мен қызметкерлерді марапаттау үшін негіз ретінде болу қажет.

Шығындарды басқару шегінде кезең ағымында жұмсалған шығындар есебін жүргізу және олар туралы ақпарат жинақталады, компанияның қаржылық нәтижелерін анықтау үшін және қаржылық есептіліктерді әзірлеу үшін қажетті өзіндік құн калькуляцияланады.

Шығындар және өзіндік құн туралы ақпарат тауар немесе қызмет бағасын дұрыс анықтау үшін аса маңызды. Шығындар туралы ақпарат шығындарды басқару шегінде жинақталады, жүйелендіріледі және талданады. Өзіндік құнды (шығындарды) басқару – бұл шығындар туралы ақпаратты жинау мен басқару функцияларын іске асыруда оны пайдалану процесін бейнелейді. Өзіндік құнды басқару шығындарды жоспарлау, есептеу, бақылау және талдаудың көп кезеңді процесін көрсетеді.

Бүгінгі күні басқару есебінде пайдаланылатын әр түрлі әдіс-тәсілдер: жауапкершілік орталықтары бойынша шығын есебі; “көлем-шығындар-пайда” талдауы, бюджеттеу және т.б. кәсіпорын қызметінің ішкі аспектілерін ғана қамтиды. Алайда дамып отырған нарық, бәсекелестік қарым-қатынастардың күшеюі, өндірістік және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, тұтынушыларға бағдарланудың өсуі, ұйымды басқарудың жаңа нысандары компаниядан сыртқы жағдайларды есепке алуға, болашаққа бағдарланған стратегиялық шешімдерді қабылдауды талап етеді.

Осыған байланысты компания шығындарды бақылау мен басқарудың жүйесін өзгерту қажет. Осы жағдайда шығындар есебінің нормативтік әдісі (стандарт-костинг) не бюджеттеусияқты шығындарды басқарудың дәстүрлі құралдарын, сонымен қатар есеп пен калькуляциялаудың нақты әдісін таңдау көп дәрежеде кәсіпорынның алға қойған стратегиялық мақсаттарымен анықталады.

Шығындардың стратегиялық басқаруы келесідей тәсілдерден құралады: құндылықтар тізбегін талдау, стратегиялық айқындамалаудың тұжырымда- масы, шығындар көздерінің тұжырымдамасы.

Стратегиялық тәсілдің тағы бір ерекшелігі стратегияны орындауды бағалау мен бақылау кезінде қаржы көрсеткіштерінен басқа қаржылық емес көрсеткіштерін де пайдалану болып табылады. Бақылау жүйесін ұйымдастыру кезінде стратегиялық тәсіл қызметтін қаржылық нєтижелерін, сондай-ақ қаржылық емес нәтижелерін сипаттайтын теңгерілген көрсеткіштер жүйесін жасауды көздейді.

Осылайша шығындарды басқарудың дәстүрлі әдістері мен стратегиялық талдаудың қосылып ұйымдастырылуы кәсіпорын үшін барынша тиімді қызмет етуіне мүмкіндік береді.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Байбараков Е. Производство яйц на промышленной основа.-Алма-Ата: «Кайнар», 1979.-184 с.

  2. Басқарушы- өндірістік есеп (оқу құралы) / Ә.Д. Дәулетбеков, К.Т. Тайгашинова, Т.А. Тасмағанбетов. –Алматы: Принт, 2000, 180б.

  3. Бухгалтерский учет: Учебник/ А.С. Бакаев, П.С. Безхруких, Н. Д. Врублевский и др.; Под ред. П.С. Безруких.- 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Бухгалтерский учет, 2002.-719 с.

  4. Вахрушина М.А. Бухгалтерский управленческий учет: Учебник для вузов. 2-е изд., доп. и пер. –М.: ИКФ Омега-Л; Высшая шк., 2002. –258 с.

  5. Данилова А.К., Крылова В.С., Найденский М.С., Шпиц И.С. Технология промышленного производства яйц// под ред д-ра с-х наук проф. А.К. Даниловой. – М.: Изд-во «Колос», 1971.-311 с.

  6. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет. Учебн. пособие для вузов/ Пер. с англ. под ред. Н.Д. Эриашвили. –3-е изд., перераб. и доп. –М.: Аудит, Юнити, 1998. –783 с.

  7. Карпова Т.П. Управленческий учет: Учебник для вузов. –2-е изд., перераб. и доп. – М.:ЮНИТИ, 2004. –351 с.- (Серия «Профессиональный учебник: Бухгалтерский учет»)

  8. Керимов В.Э. Управленческий учет: Учебник/ В.Э; Креимов. –2-е изд. изм. и доп. –М.: Изд.-Торговая корпорация «Дашков и К», 2003.-416 с

  9. Ластовецкий В.Е. Учет затрат по факторам производства и центрам ответственности.-М.: Финансы и статистика, 1988, 165с.

  10. Лисович Г.М., Ткаченко И.Ю. Бухгалтерский управленческий учет в сельском хозяйстве и на перерабатывающих предприятиях АПК. –Ростов на Дону: издательский центр «Март», 2000.- 354 с.

  11. Методические рекомендации к стандарту бухгалтерского учета 7 «Учет товарно-материальных запасов» в части формирования состава и класификации затрат, включаемых в себестоимость продукции (работ, и услуг)

  12. Назарова В., Арефьева Н. Учет затрат на производство и выхода продукции животноводства// Файл бухгалтера. -№37.-2003. 11-18 с.

  13. Назарова В., Арефьева Н. Упорядок расчета себестоимости продукции по основным отраслям животноводства// Файл бухгалтера. -№41.-2003. 11-18 с.

  14. Палий В.Ф. Основы калькулирования. –М.: Финансы и статистика, 1987. –288 с..

  15. Пизенгольц М.З. Бухгалтерский учет в сельском хозяйстве. Т.2: Ч.2: Бухгалтерский управленческий учет. Ч. 3. Бухгалтерская (финансовая) отчетность: Учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. –М.: Финансы и статистика, 2003.-408 с.

  16. Промышленное птицеводство/ Ф.Ф. Алексеев, М.А. Асриян, Н.Б. Бельченко и др. : Сост.: В.И. Фисинин, Г.А. Гардатьян. –М.: Агропромиздат, 1991.-544 с.: ил.

  17. Пушкарь М.С. Бухгалтерский учет в системе управления.- М.: финансы и статистика, 1991.-176с.

  18. Петрухин И.В. Применение химических и биологических веществ в кормлении птицы.- М.: Россельхозиздат, 1972.

  19. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: Өңделіп және толықтырылып 3-ші басылуы.- Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002,- 656 б.

  20. Рахметов А.Х. Управленческий учет по сегментам деятельности предприятия// Бухгалтерский учет.- №20, - 2000, – с. 58-59

  21. Риполь-Сарагоси Ф.Б., Моргунов В.И. Комментарий к составу затрат. Анализ и оценка финансового результата: Учебно-практ. пособие. М.: Приор, 2000.-224 с.

  22. Сандрикова Т.С. Исчисление и анализ себестоимости продукции птицеводства.- М.: Колос, 1982. –110с.

  23. Сатмурзаев А.А. Управленческий учет и управление себестоимостью продукции: программно-целевой подход// Қаржы-Қаражат. - №6. -2004. 56-62 с.

  24. Сатубалдин С.С. Учет затрат на произодство промышленности США. М:Финансы, 1980, 141с.

  25. Сатыбалдин С. Учетные системы транзитной экономики. Том 2. Избранные научные труды - Алматы. «Gauhar». - 2003.-320 с.

  26. Тайгашинова К.Т. Методические и теоретические основы управленческого учета (теория и методология): Монография. Алматы: LEM, 2002. -284

  27. Тайгашинова К.Т. Теоретические основы управленческого учета// Вестник КазЭУ.- №3, - 2003, с.91-94.

  28. Ткач В.И., Ткач М.В. Управленческий учет : международный опыт.- М.: Финансы и статистика, 1994.

  29. Трусов А.Д. Калькулирование себестоимости продукции комплексных производств. –М.: Финансы и статистика, 1983.-209 с.

  30. Управленческий учет: Учебное пособие/ Под редакцией А.Д. Шеремета - М.:ФБК-ПРЕСС, 2001, -512 с Чумаченко Н.Г. Учет и анализ в промышленном поризводстве США. –М.:Финансы, 1971,-240 с

  31. Управленческий учет/ Под ред. В.Палия и Р.ВандерВила.- М.:Инфра-М, 1997, 480 с.

  32. Фисин В.И., Отрыгальев Г.К. Птицеводство сегодня и завтра.-М.: Агропромиздат, 1987. –126 с.

  33. Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект/ Пер. с анг.-М.:Финансы и статистика, 2003.- 416 с.

  34. Хоружий Л.И. Проблемы теории, методологии, методики и организации управленческого учета в сельском хозяйстве.-М.: Финансы и статистика, 2004.-496 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет