Алматы: «Санат» баспасы, 2001. 480 бет



бет29/29
Дата04.11.2016
өлшемі10,86 Mb.
#99
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

ҚОРЫТЫНДЫ



Қазіргі заманда драматургия мен театр - күрделі уақытта өмір сүрген қазақ елінің өмірінен ерекше орын алатын көркемдік игілік, эстетикалық байлықтардың бірі. Қазақ пьесалары алғаш жеке кітапша болып жарияланғаннан бері (1914 ж.) сексен бес жылдан асты. Тарих үшін онша көп мерзім саналмас осы уақыттың ішінде қазақ драматургтері әлемдегі озық, дамыған елдер әдебиетінде бар негізгі, жетекші, басты жанрлық формаларды ұлттық топырағында жаратып, халқымыздьщ рухани байлығының қатарына қосты. Дүние жүзі классикасынан ана тілімізге аударылған шығармалар және бір төбе.

Жаңа жанрлық формаларды тудыруда реализм принциптерін игеру жолында А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, I. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов орасан зор қажыр-қайратпен, ерекше ыждағат шабытпен шығармашылық еңбек етті.

Қазақ драматургиясының бай поэтикалық халық мұрасы мен терең тамырластығы ең алдымен айтылуға тиіс әдеби көркем құбылыс деп білеміз.

Халық эпосы мен драматургиясы арасындағы диалектикалық байланыстың бірнеше аспектісін даралап, ерекше бөліп көрсетуге болар еді. Пьесаларымызға батырлар жырының сюжет желісі, оқиғалар сорабы ғана емес, дәстүрлі қаһармандары, белгілі идеялары, қанықты тартыстары, бір сөзбен, сан алуан әуез-сарыңдары, күллі пафосы рухы ауысқан болатын. Халық өлеңдері (беташар, жар-жар, қоштасу, бата, жоқтау, айтыс, билік) аз ғана тігісі жатқызылып, кейде тіпті өзгертілмеген қалпында көптеген пьесалардың тексіне еніп, сіңісіп кетті. Әрине, халық фольклоры нұсқалары қанша көркем, үздік туындылар болғанмен, жаңа жанрлық түрлерді толық ауыстыра алған жок. Халық байлығын таусылмас қазынаны берік тиянақ ете отырып, жазушыларымыз соны көркемдік ізденістер үстінде әлем әдебиетіндегі жемісті дәстүрлерді зерттеп озық дәстүрлерді игерді. Әлем әдебиетіндегі формаларды адды.



Қазақ драматургтері бірыңғай әсер ықпалына түсіп кетер көрсе кызарлықтан аулақ-ты. Жаңа заман талаптары, жаңа өмір шындықтары туғызған идеялық нысана, көркемдік талғам шарттары дәстүр мен жаңашылдықтың егіз, қатар жасауына мүмкіндік берді.

Іс-әрекет, қимыл-қозғалыс, психологизм орнына тежеу бермес сөз дауы, тізгін тартпас қызыл өңеш дау-дамайдың басып кетуі - бірқыдыру пьесалардьң, әсіресе, алғашқы кезең туындыларының олқылығы болатын. Әрине, көрініс пен әрекеттің есесін сөз толтыра алмақ емес.

Табиғи төркініне жүгінсек, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, I. Жансүгіров, Ж. Шанин, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев драматургиясындағы сан алуан өлең өлшемдері, ағыл-тегіл шешендік кестелерді, түйдек-түйдек бейнелі тіркестер ұлттық сахна ерекшеліктерінен туған-ды. Қазақ театрының алғашқы көрермендері асыл сөз десе, ішкен асын жерге қоятын, көзден гөрі құлаққа сенетін кешегі көшпенділер өкілі, сахара перзенттері еді. Драматургтер кей тұста фольклордың шеңберінде қалып, эпикалық схемалардан шыға алмай, этнографиялық жайттарды, қарабайыр тұрмыс-салт дағдыларын тәптіштеп кетті, сөйтіп, көркемдік жаңа игіліктер жасай алмады.

Қазақ драматургиясының үздік шығармаларындағы қаһармандар өмірдің қат-қабат шытырманында, тағдыр тауқыметі түскен, қияметтің қыл көпірі жағдайларында, орасан күрделі әлеуметтік-саяси тартыстар үстінде, психологиялық арпалыстар, сезім бұрқағы пенде шіркіннің басын тауға, тасқа соққан тар жол, тайғақ кешулерде көрінеді.

Кейіпкерлердің айқын идеологиялық ыждағаты – дәуір сипаттарын, тартыс характерін аңғартатын айқын сапалардың бірі. Әсіресе, революция шындығын әлеуметтік-саяси күрестер табиғатын ашатын драмалық туындыларда негізгі тұтқа жаңа күштердің, жағымды кейіпкерлердің қолында. Мұндай шығармаларда бір тағдырды бейнелеу, бір қаһармаңды тәптіштей суреттеу жағы аз.



Көптеген пьесаларда өз ортасынан ат құйрығын кесіп кету, жаңа жерде шаңырақ көтеру - кісен құлдығы бар ескіліктен құтылудың, азаттыққа қадам басудың бір жолы іспетті көрінеді. Кейіпкердің бұрынғы өз ортасынан кету сарыны "Бақыт жолына", "Еңлік-Кебек", "Ақан сері - Ақтоқты" сияқты сан алуан шығармалардың сюжеттік желісі, композициялық құрылымына ықпал еткен.

Қазақ драматургиясының барлық кезеңдегі басты қаһарманы халық, халық өкілдері болды, фольклор ксйіпкерлері драма тілінде қайта сөйледі, жаңа заманды жасаушы күрескер қаһармандар сахнаға шықты.

Бұл міндет дәуір талабына сай проблемалық драматургияны, өміріміздің көкейкесті тоғыз тарау сырларын шертетін, жас ұрпақты коммунистік рухта тәрбиелейтін толғауы тоқсан сахналық шығармаларды талап етеді. Біздің драматургтеріміз бүгіңде қадыр-халінше осы талаптарға сай шығармашылық ізденіс үстінде. Жетістік жоқ емес. Бар. "Аткөпір кинофильмдер мен толассыз телехабарлар таяу арада театр шіркінді жерлеп тынады-мыс" деген қауіп ақталған жоқ. Өйткені, қазіргі сырлы театр, ойшыл драматургияға ынта мен ықылас, пейіл мен ыждағат, киелі өнер, кәделі дәстүрге деген жүрек тереңінен шымырлап шыққан махаббаттан туған ғой. Ал барлық жанрлық формалары дамудың, толысудың қиын-қатпар асуларынан өткен қазақ драматургиясы қашан да ұлтымыздың текті күлкі, мұңды сыр, жігерлі қайғысын бөлісер, жан жүйесін қозғап, жүрегін тебірентер айнымас асыл рухани досы бола берерінде күмән бар ма?!


ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КӨРСЕТКІШІ


  1. МӘТІНДЕР


Аймауытов Ж. Шернияз. Пьесалар жинағы. А., - 1990.

Ахтанов Т. Бес томдық шығармалар жинағы; 3 т., Пьесалар. А., - 1984.

Әбішев Ә. Бес томдық шығармалар жинағы. 3 т., Пьесалар. А., - 1982; 4т., Пьесалар. А., - 1982.

Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. А., 9 т. Пьесалар. 1981; 10 т., Пьесалар. 11 т., Пьесалар. А., - 1982; 12 т., Драмалық шығармалар. 1983; 13 т. Аударма пьесалар. 1983.

Бодықов О. Қарақұм трагедиясы. Пьесалар. А., 1988.

Дулатов М. Шығармалары. А., 1991.

Жансүгіров 1. Бес томдық шығармалар жинағы. т. 2, Пьесалар. - А., 1988.

Жүнісов С. Қызым, саған айтам. Пьесалар. А., 1978.

Кемеңгеров Қ. Алтын сакина. Әңгімелер мен пьесалар. А., 1965.

Майлин Б. Бес томдық шығармалар жинағы. А., т. 2. Пьесалар. - 1986.

Мұқаметжанов Қ. Таңдамалы шығармалар. Үш томдык. Пьесалар. А., 1988.

Мұқанов С. Тандамалы шығармалар. 16 томдық. 5 т. Пьесалар. А., 1974.

Мүсірепов Ғ. Бес томдык шығармалар жинағы. 2 т. Пьесалар. А., 1973.

Сатыбалдин Қ. Таңдамалы шығармалар. 4 томдьгқ. 2 т., Пьесалар. А., 1973.

Сейфуллин С. Бес томдық шығармалар жинағы. 2 т. Поэмалар мен пьесалар. А., 1987.

Исабеков Д. Жеті желкен. Пьесалар. А.. 1987.

Тарази Ә. Қыз махаббаты. Пьесалар. А., 1982.

Тәжібаев Ә. Шығармалар жинағы. 3 т. Драмалар мен комедиялар. А., 1980.

Тогысов Ә. Надандық құрбаны. Пьеса. Уфа, 1914.

Хасенов М. Пай-пай,жас жұбайлар-ай. Пьесалар. А., 1993.

Хусайынов Ш. Үш томдық шығармалар жинағы. Пьесалар. А., 1986. - 1 т.; 2 т.; 3 т.

Шамкенов А. Сен жалғыз емессің. Пьесалар. А., 1984.

Шанин Ж. Арқалық батыр. Пьесалар мен мақалалар. Кұрастырған Р. Нұрғалиев. А„ 1988.

Шашкин 3. Таңдамалы шығармалар. 6 т. Пьесалар. А., 1979.
II. ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕР
Асанбаев С. Қазіргі қырғыз драмасы. Қырғыз тілінде. Фрунзе, 1980.

Әбіл Ж. Қазақ комедиясы. А., 2000.

Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. А., 1984, 15 т. Мақалалар, зерттеулер. 17 т. Зерттеулер. мақалалар; 18 т. Зерттеулер, мақалалар.

Байтұрсынов А. Ақ жол. Құрастырған Р. Нұрғалиев. А., 1991.

Гайнуллин М. Уақыт. Тартыс. Мінез. Башқұрт тілінде. Уфа, 1972.

Дүйсенов М. Қазақ драматургиясының жанр, стиль мәселесі. А., 1977.

Имамов Б. Өмір және драмалық тартыс. Өзбек тілінде. Ташкент, 1968.

Жақыпов Е. Дастаннан драмаға. А., 1979.

Қазақ театрының тарихы. А., 1975, 1 т. 398 б; А., 1978. -2 т.

Куандықов Қ. Тұңғыш ұлт театры. А., 1969.

Құндақбаев Б. Уақыт және театр. А., 1981.

Нұрғалиев Р. Арқау. Екі томдық. шығармалар. 1 т., Айдын. Қазақ драматургиясының жанр жүйесі. А., 1991.

Нұрғали Р. Драма өнері. А., 2001.

Ордалиев С. Қазақ драматургиясының очеркі. А., 1964.

Рүстембекова Р. Қазак совет комедиясы. А., 1978.

Смағұлов С. Ұлт театры туралы. Қ., 1926.

Сығаев Ә. Сахна саңлақтары. А., 1998.

Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының дамуы мен калыптасуы. А., 1971.

Тоқпанов А. Іңкәр дүние. Режиссердің ой толғамдары. А., 1991.

Тоғжанұлы К, Жансүгірұлы. Қазақ театры туралы. Қ., 1933.

Аникст А.Л. Теория драмы. В 5-томах. М., 1967-88.

Аристотель. Об искусстве поэзии. М., 1957.

Арнольд И.В. Проблема диалогизма, интертекстуальности и герменевтика. Спб., 1995.

Бахтин М.М. Эстетика словесного творчество. М., 1979.

Бентлин Э. Жизнь драмы. М., 1978.

Богатенкова Л. Современное казахское сценическое искусство. А., 1979.

Борев Ю. Комическое. М., 1970.

Борисова Л.М. Характер в драме. М., 1980.

Верли М. Общее литературоведение. М., 1956.

Волькенштейн В. Драматургия. М., 1969.

Гегель Г. Эстетика. Т.3. Драматическая поэзия. М., 1971.

Горбунова Е. Вопросы теории реалистической драмы. М., 1963.

Дидро Д. О драматической поэзии. М., 1951.

Лессин Г. Гамбургская драматургия. М., 1938.

Лотман Ю.М. Структура художественного текста. М., 1970.

Львов Н.М. Казахский академический театр драмы. А., 1957.

Пави И. Словарь театра. М., 1991.

Тынянов Ю.Н. Поэтика. История литературы. Кино. М., 1977.

Уэллек Р., Уоррен О. Теория литературы. М., 1978.

Сахновский-Панкив В. О комедии. М., 1964.

Федь Н.М. Искусство комедии. М., 1978.

Фролов В. Судьбы жанров драматургии. М., 1979.

Фуксон Л.Ю. Комическое литературное произведения. К., 1993.

Хализев В.Е. Драма как род литературы. М., 1999.

Холодов Е.Г. Язык драмы. М., 1978.

Эльсберг Я.Е. Вопросы теории сатиры. М., 1967.

Ярхо В.И. Античная драма. М., 1990.
ТҮСІНІКТЕР
Академик Р.Нұрғалидың тұңғыш өлеңі Семей облысы Шұбартау аудандық газетінде 1956 жылы басылған. Алғашқы мақала, рецензия, очерктері Семей, Қарағанды, Алматы газет-журналдарында жарияланған. Проф. Б.Кенжебаевпен телавторлықта жазған «Сабыр Шарипов» кітапшасы 1961 жылы Қазақ университеті баспасынан шықты. Шығармашылық сапардың әуелгі кезеңіндегі дүниелердің бірталайы, кейін қайта қаралып, өзгертіліп, жүйеге түсіріліп, әртүрлі кітаптарға енген. Тұтас жазылып біткен шығарма-зерттеулердің үзінді тарау бөлімдері мерзімді баспасөзде, жинақ-журналдарда жарияланған. Кітаптар қайта басылым кезінде тағы өзгертіліп, тақырыптық, проблемалық тұрғыдан жүйеленіп, тұтастанып, стильдік өрнегі айқындалып, жаңа сипат тапқан. Бұл дәстүрлі мінез, қаламгерлік машықты автор ұзақ жылдар бойы тұрақты түрде ұстанып келгенін жеті томдық шығармалар жинағына енген туындылардың жазылу, жариялану, қайта басылу, толықтыру тарихынан, түрлі нұсқалардың айырмашылық, өзгерістерінен анық көруге болады.

«Драма өнері» монографиясы - Р.Нұрғалидың бір тақырып, бір проблема бойынша ұзақ жылдардағы ізденістерін қайта қарап, өңдеп, сұрыптап, тұтастырып шығарған үлкен іргелі зерттеуі. Монографияның үзінділері, жеке бөлімдері, тараулары әр жылдары мақала, кітап түрінде басылып отырған. Олардың қатарында: «М.Әуезовтің творчествосы мен қоғамдық қызметінің алғашқы кезеңі (1917-1922)» («Қазақ тілі және әдебиеті мәселелері», Алматы, 1966, т.4, 27-91 беттер), «Қилы заман қандай туынды?» («Қазақ әдебиеті», 1967, сентябрь), «Қарагөз» трагедиясының екі нұсқасы» («Жұлдыз», 1967, № 3, 150-159 беттер), «Драматургияның даму бағдары» («Жұлдыз», 1971, № 11, 141-152 беттер), «Шекспирдің қазақша тұңғыш аудармасы – «Гамлет» («ҚҒА хабарлары, филология сериясы», 1971, № 6, 45-53 беттер), «Комедиядағы тартыс пен мінез. Бейімбеттің күлкісі» («Жұлдыз», 1972, № 8, 197-205 беттер), «Драматургиядағы ақ өлең үлгілері» («Қазақстан мектебі», 1972, № 1, 82-84 беттер), «В.Шекспир және М.Әуезов» («Жалын», 1973, № 2, 122-145 беттер), «Бүгінгі драма өрісі» («Уақыт және қаламгер», Алматы, 1976, ІҮ кітап, 223-242 беттер), «Халықтық-тарихи драма жасаудағы шығармашылық принцип» («Жалын», 1978, 129-139 беттер), «О трагедии Ч.Валиханов, С.Муканова» («Изв. АН КазССР, сер-фил», 1981, № 4, с. 30-37) сияқты ондаған еңбектерді көрсету керек.

Алғашқы «Трагедия табиғаты» монографиясында (Алматы, «Жазушы» 1968, 176 бет) М.Әуезов драматургиясы зерттелді. «Талант тағдыры» кітабы (Алматы, «Жазушы», 1969, 128 бет) қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шанин және театр мәселелеріне арналған. «Күретамыр» монографиясында (Алматы, «Жазушы», 1973, 236 бет) қазақ драматургиясының поэтикасы талданады. «Өнердің эстетикалық нысанасы» кітабында (Алматы, «Мектеп», 1979, 192 бет) Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров драматургиясы сарапталған.

Автор бұрын жазған еңбектерін қайта топтап, бір арнаға салып, редакциялап, жаңа тараулар қосып, қазақ драматургиясының жанр жүйесін көрсететін көлемді монография шығарды («Айдын», Алматы, «Өнер», 1985, 400 бет). Бұл монография қаламгердің «Арқау» атты екі томдық шығармалар жинағының бірінші томына кірді (Алматы, «Жазушы», 1991, 576 бет).

Еңбектің тағы да қайта қаралған, толықытырылған, байытылған соңғы нұсқасы «Драма өнері» деген атпен басылды (Алматы, «Санат» баспасы, 2001, 480 бет). Бұл еңбек бірнеше рет орыс тілінде шықты. Біріншісі – «Поэтика драмы» (Алматы, 1979, «Жазушы», 248 с. ), екіншісі – «Казахская драматургия» (Астана, «Фолиант», 254 с.), үшіншісі – «Эпическая драматургия» (Астана, «Фолиант», 2004, 288 с.)
Қ.Алпысбаев, филология

ғылымдарының докторы, профессор











МАЗМҰНЫ



Кіріспе.................................................................................................3

/ бөлім. ТРАГЕДИЯ
Трагедиялық тартыс және трагедиялық характер............................ 6

Бірінші тарау. Эпикалық трагедия.....................................................8

Екінші тарау. Адамгершілік-тұрмыстық трагедия..........................73

Үшінші тарау. Тарихи трагедия.........................................................106


// бөлім. КОМЕДИЯ
Комедияның жанрлық ерекшеліктері................................................162

Біріпші тарау. Сатиралық комедия ...................................................164



Екінші тарау. Лирикалық комедия ...................................................189
/// бөлім. ДРАМА
Драмадағы жағдай және қаһарман .....................................................203

Бірінші тарау. Қаһармандық драма ....................................................205

Екінші тарау. Саяси-әлеуметтік драма...............................................259

Үшінші тарау. Ғұмырнамалық драма...............................................304

Төртінші тарау. Қазіргі драма..............................................................323

Әдебиеттердің кысқаша көрсеткіші....................................................386

Түсініктер...............................................................................................388


1 М.О. Әуезов одеби мемориалдық музейінің архиві. 271-папка, 58-бет.

2 «Еңбекші қазақ», 10.ХІІ.1925.

3 "Еңбекші қазақ", 5.1.1927.

4 Сонда, 18.11.1928.

5 К. Маркс. Ф. Энгельс. Избр. пр. 2. М., 1955, стр. 444.

6 М. Горький. Собр. соч. в 30 т. т. 26 М. 1953, стр. 415.

7 "Қазақ әдебиеті", 22. III. 1957.

8 "Жұлдыз", 1957, 4.

9 "Ленинская смена", 26. III. 1957.

10 "Қазақстан муғалімі", 4. IV. 1957.

11 "Социалистік Қазақстан" 30.IV. 1957.12 “Известия” 21.ХІІ.1958

13 “Советская культура”. 23.ХІІ 1958. “Театральная жизнь”, 1959, 4




1214 "Советская Киргизия". 25.ҮІІ.1959.15 Қазақ одебиеті", 1.1.1965.


13


14


15


11 Ж. Шанин. Сахнада шындықты тану. «Қазақ әдебиеті», 3 маусым, 1935 жыл.

22 Ж. Шанин. Сахнада шындықты тану. «Қазақ әдебиеті», 3 маусым, 1935 жыл.


16 В.Фролов. О советской комедии. М., 1954; Его же. Судьбы жанров драматургии. М., 1957; В.Волькенштейн. Драматургия. М., 1969; Н. Федь. Искусство комедии. М., 1978; Ю. Борев. Комическое. М., 1970; В. Сахновкий-Панкеев. О комедии. М., 1964.


17 Қараңыз: Я.Е. Эльсберг. Вопросы теории сатиры. М., 1967; Г.Н. Поспелов. Теория литературы. М., 1978.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет