з?һ?рдан >з?һ?р + дан, яғни «зəһəр, у құйған ыдыс», ауыспа мағынада
«өт жолы» («желчный пу зырь»). З?һ?рданның зығырданға айналуы –
қазақ тілі дыбыс жүйесі тұрғысынан дəлелдеуге болатын құбылыс: зəһəр
сөзі [һ] дыбысының ерекшелігіне байланысты бірде зəр (зəр қышады),
бірде зығыр (һ ~ ғ, ə ~ ы) түріне ауыса береді. Сонда зығырданның
қайнауы, яғни у салған ыдыстың қайнауы мен қатты ашуланудың, бой-
ды ыза кернеудің арасында логикалықта, образдылықта байланыс, ұқ-
састық бар. Бұл процестің биологиялық тұрғыдан да дəлелді екені сөзсіз.
Оралыңның барында ойна да күл.Бұл фразеологизмдегі орал
сөзі не? Біздің пікірімізше, ол оралым келмеді дегендегі орал сөзімен
төркіндес. Ал, ол өз ретінде қазақ тілінде жеке-дара айтыла беретін
орай сөзімен түбірлес. Қазіргі қырғыз тілінде орал–«удобный момент»;
«подходящее обстоятельство» (Юдахин, 579). Басқаша айтқанда, [й~н]
дыбыс алмасуы негізінде пайда болган бір сөздің бұлар екі варианты.
Орай қазақ тілінде, орол қырғыз тілінде жеке сақталған. Ал орал
вариантының қазақ тіліндегі белгілі бір фразеологизмдер құрамында
ғана сақталып қалуы заңды нəрсе. Сонда: Оралыңның барында ойна да
күл тіркесіндегі орал сөзі ораймен төркіндес.
Үл болмасаң, бүл бол.Осындағы үл де, бүлде бүгінгі таңда беймə-
лім сөздер жəне олар тек осы фразеологизм құрамында ғана айтылады.
Бір замандағы бұл фразеологизмнің мағынасы – «бөлінбек түгіл, бүлін».
Үл түбірі о баста «бүтіннің бөлшегі», «бөлік», «тиісті үлес» мағынасында
кең түрде қолданылған. Түркі тілдерінің біразында бұ түбірден үле- /
үлі- / үлү түрінде («раздавать, распреде лять»; «разделить на части»
мағынасында) етістік формасы жасалады. Бұл қазақ тілі говорларынан да
198
кездеседі. Сол сияқты бүл сөзі де кейбір түркі тілдерінде осы күнге де-
йін жеке-дара айтыла береді. Ол бірде есімдік, бірде етістік мағынасын-
да айтыла беретін синкретикалық түбір. Мысалы: қазақ тіліндегі бүлік,
бүлдір, бүліну, қырғыз тіліндегі бүл- «раздирать, разбивать, рвать, выр-
вать», ұйғыр тіліндегі була-«отнимать, отбирать, насильно вырвать;
ограбить» сөздерінің түбірлес екеніне таласуға болмайды.
Нілдей бұзылу. Осындағы –дай/дей формалы лексикалық едини-
цаның түбірі ніл «көк», «көгілдір» (индиго), «көк бояу» (синь ка)
мағынасында Орта Азия халықтары тілінде жиі кездеседі. Мыс., өзбек
тілінде: бу сенга буёқчининг нилими? (бұл саған бояушының бояуы ма?),
түрікмен тілінде: нили азан (жалған жолға түсу, азу), т. Б. Зерттеушілердің
пікіріне қарағанда,ніл сөзі –түркі тілдеріне будда дінін уағыздаушы жаз-
ба ескерткіштерді көне ұйғыр тіліне аударуға байланысты енген сан-
скрит сөзі. Мысалы:nilutpal <санскр. Nіlораіа– «көкшіл түсті су лилия-
сы» (Rach III З
110
);nilapusup <санскр.Nilapuspa - «көк тұсті шешек ата-
тын эвкалипт агашы» (Uig. II 25
17
). Тəжік, өзбек тілдеріндегі нилифар
(су лилиясы, лотос) сөзі жоғарыдағы санскр. Формасымен байланыс-
ты. Сонда нілдей бұзылу «көк бояудай бұзылу» деген мағынаны аңғар-
тады жəне оның Ніл өзенімен тікелей байланысы болмауы тиіс.
Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты.Осы фразео-
логизм құрамында тұрып мағынасы күңгірттенген жік сөзінің тіліміз-
дегі: жігі ашылу, жік болу, жігін білдірмеу тəрізді тіркестерде кездесе-
тін «аралық», «жапсар», «шекара» мағынасындағы жік сөзімен үш
қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұл қазақ, тағы басқа түркі тілдерінде
қазірде ұмыт болған, тек кейбір фразеологизм, туынды түбір құра-
мында ғана кездесетін (мысалы:жек көру, жексұрын), көне түркі тілін-
де өте жиі қолданылған «жын», «шайтан» мағынасындағы йек [jek]//
джек [зек] // йік [jik]//джік [зік] сөзі. Мысалы, көне түркі ескерткіштері
тілінде:jekk? tapїn-tїmїz–«по клонились демонам» (Chuast Л
64
); қос сөз:
jek onz?m– «жын-шайтандар» (ТТ ІІІ
91
>«Көне түркі сөздігінде» бұл сөз-
дің түркі тілдеріне ескі парсы тілінен ауысқандығы көрсетіледі (253-б.).
Сөйтіп, жоғарыдағы жек//жік сөздері о баста «жын-шайтан»
мағынасын білдірсе, біздің сөз етіп отырган «жер астынан жік шық-
ты, екі құлағы тік шықты» фразеологизміміз «жер астынан жын-
шайтан шықты, шыққанда да екі құлағы тікірейе шықты» деген ұғымды
білдіреді. Дəл осы сияқты: жек көру– «біреуді жын бейнесінде, жынын-
дай көру»; жексұрын– «түрі жын-шайтан сияқты қорқынышты» мағы-
наны аңғартады.
199
Қорыта келгенде, бүгінгі таңда бізге беймəлім, мағынасы күң-
гірттенген, қолданылуы шектелген сөздердің бірқатарын ғасырлар бойы
қалыптасып, тұрақтанып, біртұтас болып құрылған фразеологизмдер
құрамынан іздегеніміз абзал. Біле-білсек, бұл тəрізді сөздердің мағы-
насының күңгірттенуіне де жəне сол сөздердің құпия-сырын ашып
беруге де себепші болатын фразеологизмдердің өздері болмақшы. Ол
үшін тұспал, жолбар емес, пайымды да, жүйелі зерттеулер қажет.
Қазақ тіліндегі байырғы сөздердің контекстегі
мағынасы жайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |