Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет139/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144
БАРАҢ II ир. көне матаның жұқа түрі; бараңдан қылған көк чепкен
(ф  о  л  ь  к)  бараннан  жасалған  көк  шекпен;  кашгардың  бараң  чепкени
тығыз  етіп  қолдан  тоқылған  мақта  мата  (Юд. II Кр. PC 109). Бірінші 
жəне  екінші  жағдайда  да  «иран  тілдерінен  енген»  жəне  «көне»  деген 
белгімен берілген баран сөздерінің екі түрлі омоним ретінде сипатталып 
тұрғандығы  осы  мысалдардыңөзінен-ақ  байқалып  тұр.  Бұлардың  ма-
ғыналарында ортақ бір арнаға саятындай ұқсастық жоқ.
Алайда  бірінші  жəне  екінші  омонимдерде  оларды  қазақ  тіліндегі 
беренI (мысалы, «мылтық»  мағынасы)  жəне  беренII («матаның  түрі», 
«қымбат  мата»  мағынасы)  сөздерімен  жақындастыратын  жəне  басын 
біріктіретіндей ортақ мағына сақталған.
Берен-бараң  сөзінің  семантикалық  дамуы  мен  игерілуінің  тағы 
бір  қырын  оның  өзбек  тілінде  қолданылуын  қарастыру  арқылы  да 
айқындауға болады.
ФАРАНГ  (п-т-а)  көне1)  Француз; 2) Француздық  немесе  европа-
лық; фаранг милтик – ескі білтелі мылтық;Фаранг румал –жұқа, жеңіл
əрі  жылтырағы  бар  орамал, 3) а  у  ы  с.  шебер  (аударма  –біздікі).  Бұл
жерде  деберен  сөзіне  «көне»  деген  түсінік  беріліп,  əуелде  арабтардан 
тəжік-парсы тіліне енген сөз ретінде қарастырылады.
Фаранг  «мылтық»,  əрі  «орамал»  сөздерінің  тұрақты  анықтауышы 
ретінде  жұмсала  отырып,  сонымен  бірге  сол  заттардың  шығу  тегі,  жа-
салуы «француздық» (европалық) дегенге мегзейді. Сөз болып отырған 
омонимдер семантикасындағы қайшы құбылысты ұйғыр тілінің фактісі 
де  айқындай  түседі.  Қазіргі  ұйғыр  тіліндегі  пəрəң  өзара  байланыссыз 
екі түрлі мағынаны білдіреді: 1) қызыл, ал қызыл, қызғылт: пəрəң яғлиқ 
«қызыл  (жібек,  үлдір,  үлбірек)  орамал»,  пəрəңдəк  қизил  «пəрəңдей 
қызыл» (плеонастық тіркес) жəне 2) «француз/француздық» пəрəң кон-
сул «француз консулы» (Шыңжан ұйғырлары тілінде).


203
Сонымен, жоғарыда қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр тілдерінен келтір-
ген  мысалдарда  берен  (баран),  баран(фаранг),  пəрəң  сөздері  бұл  тіл-
дерде  өзара  байланысы  жоқ  əр  түрлі  ұғымды  білдіретін  тəрізді:
1)  Жауынгердің  жау  жарағы:  сауыт,  мылтық,  семсер,  қылыш  т.  б.  жа-
салатын  жоғары  сапалы  құрыш,  болат; 2) матаның  таңдаулы  түрі, 
барқыт; 3) пистонды мылтық; 4) француз, француз дықнемесе европалық;
5) қызыл, ал қызыл; 6) қара қоңыр, қара кер (жылқы малының түсі).
Шар.  Қазіргі  қазақ  тілінде 20-дан  астам  шар  деген  сөз  кездеседі. 
Олардың  біразы  жеке-дара  айтылса,  көпшілігі  белгілі  сөз  тіркесінде 
немесе  біріккен  сөз  құрамында  қолданылады  екен.Шар  дегенде  бірден 
көз  алдымызға  домалақ,  жұп-жұмыр,  дөп-дөңгелек  зат,  не  үрлеген  қа-
рын тəрізді резина елестеуі мүмкін. Дəлірек айтсақ, шар революциядан 
бұрынғы  би-болыс  сайлауларында  дауыс  беруде  қолданылған  ақ,  қара 
түсті  домалақ  тастар;  осыдан  келіп  шар  салу,  шар  тастау  тіркестері 
пайда  болған;  екінші  бір  шар–  о  бас та  аспанға  көтерілу  үшін  ішіне 
газ  толтырылған  ұлкен  аэростат,  ішіне  жел  толтырылып,  əсемдік  үшін 
жасалған  резина  шар  болса,  үшіншісі  –жұмыр  дүниенің  атауы – жер 
шары.  Бұл  «шарлардың»  барлығы  қазақ  тіліне  орыс  тілінен  енгендігі 
көпшілікке аян.
Тілімізде шар қой, бұқа шар, құнаншар, шар тарту, шар қою, шөп-
шар, дay-шар, шар ете қалу (оқыстан ащы дауыс шығару мағынасында) 
сияқты  «шарлар»  тағы  бар.  Көпшіліктің  назарын  аударып,  біздің 
арнайы тоқтағалы отырған ендігі бір топ «шарлар» (сəр, шəр, шер, шир 
варианттары  да  бар)  мыналар:  шарбақ,  шаруа,  шарайна,  шардақ  (төрт 
тағанды  үйдің  шатыры,  төбесі),  шартарап(дүниенің  төрт  бұрышы), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет