Алматы «Сардар» баспа үйі


салыстырмалы-тарихи  əдіс



Pdf көрінісі
бет16/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   144
салыстырмалы-тарихи  əдіс  этимологиялық  ізденістердің  басты  тала-
бына жауап беріп, түрколог-компаративистің қолында тарихи шындық-
ты  диахрондық  материал  арқылы  танытуда,  тілдік  фактілерді  байырғы 
күйінде жаңғыртушы əдіс ретінде ешқандай шектеусіз пайланыла алады.
Өзінің  əмбебаптық  сипатына  сəйкес  салыстырмалы-тарихи  əдістің 
бойынан басқа да түрлі əдістер мен зерттеу тəсілдері табылады. Мыса-
лы, екі, я одан да көп буынды құрылымдардың морфемалық мүшеленуі 
түркі тілдерінің салыстырмалы зерттеудің нəтижелеріне сүйенуді қажет 
етеді
8
.
Бұл əдістің артықшылығы этимолог-зерттеушіге тіл дамуының нə-
тижесіндегі  күрделі  құбылыстарды  түсінуге,  олардың  бейнесінің  туыс 
тілдердегі көріністерін, жалғамалылық сипатына сай жəне өзіндік тарихи 
ерекшеліктеріне  сай  құрылымдық-семантикалық  күрделенуін  анықтау-
ға  көмектеседі.  Осының  барлығы  тілдегі  тарихи  құбылыстарды  терең 
түсіндіруде, түркі тілдерінің салыстырылуы нəтижесінде іске асады.
Барлық  этимологиялық  мектептер  мен  бағыттар  этимологизация 
барысында этимологиялық нысанның өлшемдерінің қажеттілігін мойын-
дайды.  Бұл  параметрлерді  этимологиялық  реконструкцияның  үш  ас-
пектісі (фонетикалық, морфологиялық, семантикалық) немесе зерттеудің 
критерийлері деп те атайды.
Бұл критерийлермен қатар этимологияда мəдени аспекті яғни тари-
хи қағида да ескерілуі қажет. Критерийлер бір-бірімен тығыз байланыс-
та болады жəне этимологиялық міндеттерді шешуде олардың əрқайсы-
сы  есепке  алынуы  тиіс.  Кез  келген  этимологияның  толықтығы  мен
тұтастығы  осы  арқылы  анықталады.  Мысалы,  фонетикалық  критерий-
лердің мəніне морфологиялық критерийлер де еніп, екеуі қосылып, кез 
келген  лексикалық  бірліктен  фономорфологиялық  құрылымын  анық-
тайды.  Сол  сияқты  семантикалық  критерий  де  алдыңғы  екеуімен  ұш-
тасады. Кейбір ғалымдар, мысалы, О.Н.Трубачев сөз төркінін анықтау-
7
 
Трубачев О.Н. О семантической теории в этимологическом словаре. Проблемы омонимов 
подлинных и ложных и семантическая типология//Теория и практика этимологических 
исследовании. М., 1985. С. 13
8
Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. Алма-Ата, 1986


15
да,  негізінен,  семантикаға  сүйену  керек  деп,  оны  «тартылыс  нүктесі» 
ретінде санайды
9
.
Ал, этимологияның фонетикалық критерийі белгілі бір тілдің, ия 
тілдік  семьяның  болмысына  тəн  барлық  фонетикалық  заңдылықтарды 
ескеріп отырады.
Түркі  тілдерінде  мұндай  заңдылықтардың 30 түрлі  түрі  бар:  син-
гармонизм  (дауыстылардың  лабиалды  жəне  палаталды  үндестігі),  да-
уыссыздардың  ассимиляциясы,  дыбыстардың  өзгерісі  (дыбыс  алмасуы 
мен  дыбыс  сəйкестігі),  дыбыстардың  түсіп  қалуы  мен  редукция  құбы-
лысы,  дыбыстардың  ұзаруы  мен  кірігуі,  геминация  жəне  созылыңқы 
дыбыстардың жасалуы, метатеза, апакопа жəне элизия, протеза, эпитеза, 
эпентеза, парагота, флексия, фузия, дауыстының шағылысуы жəне ашық 
буын, гиперагглютинация, гаплология, вокализация, дифтонгизация, фо-
нетикалық деформация т.б.
Түркі  тілдерінің  фонетикалық  құрылымын  түзетін  элементтердің 
кешені  төмендегі  заңдылықтар  арқылы  анықталады:  жеке  тілдер  мен 
диалектілердің өздеріне тəн сапалық белгілерімен қалыптасуы мен тари-
хи дамуының үдерістері, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығы т.б.
Бұл  заңдылықтардың  ықпалының  критерийлігі  соншалық  біркел-
кілігін ғажап сақтаған қазіргі түркі тілдері, дегенмен өзіндік фонетика-
лық  бағыттарымен  тармақталып,  тіпті  кейде  мүлдем  алшақтап  кеткен. 
Соның  нəтижесінде  түркі  тілдерінің  көрсетілген  белгілерінің  шынайы 
ататүркілік күйін қалпына келтіру оңайға соқпайды.
Фонетикалық  критерийлердің  көмегімен  тіл  фактілерінің  статика-
лық та, динамикалық та күйін, диахрондық та, синхрондық та тұрғыдан 
зерттеуге болады.
Агглютинацияның  күрделі  үдерісінің  негізінде  байырғы  жалпы-
түркілік  түбірлер  мен  негіздер  жатқандықтан,  жалпытүркілік  базистік 
лексика  саласындағы  фонетикалық  бағыттағы  этимологиялық  ізденіс-
тер  ретроспективалық  түрде  түркі  тілдерінің  генетикалық  туыстығы 
бастау алып, тілдік құбылыстар туындайтын түбірлерге қарай ойысады.
Осы  жолда  этимолог  фонетикалық  заңдар  мен  заңдылықтар  кеше-
нінің сан алуан көріністеріне кездеседі. Мысалы, байырғы түркі түбірі-
нің  құрылымы  мен  мəртебесін  анықтау – субститут  проблемасының 
өзекті  мəселесі.  Ол – жалпы  түркілік  немесе  ататүркілік  нұсқасын,  ия 
белгілі  бір  фонеманың,  ия  морфеманың,  ия  лексеманың  проформасын 
табу.
9
Трубачев О.Н. Көрсетілген еңбек. 6-14 б.


16
Субституттың  көрінісінің  нақты  формалары  бар:  сөз  басы  мен  со-
ңы; түркі түбірінің жарыспалығы мен тұрақсыздығының себептері т.б.
Мұның  барлығы  фонетикалық  реконструкция  үшін  аса  маңызды. 
Түркі  тілдеріндегі  фономорфологиялық  құбылыстарды  анықтаудың 
қиындығы, орхон-енисей жəне көнеұйғыр ескерткіштерінен ежелгі, мы-
салы,  сөз  басындағы  қатаң  немесе  ұяң  дауыссыздардың  байырғылығы 
туралы жорамалды айғақтайтын жазба деректердің болмауы.
Ал,  түркі  фонетикасының  көне  белгілерін  сақтап  қалған  Сібір-
дегі  түркі  тілдеріне  жасалған  сілтемелер  əзірге  қажетті  ғылыми-эти-
мологиялық негізбен толық дəйектеле қойған жоқ. Əлі күнге дейін сөз 
басындағы  дауссыздардың  (и/  д/  т/  з/  ж/  ш/  с/  ц/  н  т.б.)  байырғылығы 
туралы мəселе түпкілікті шешілген жоқ.
Түркі тілдерінің тарихи дамуының əртүрлі кезеңдерінде түркі түбі-
рі тілдің шынайы бірлігі болып, оны зерттеудің этимологиялық аспекті 
фонетикалық критерийлермен тығыз байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет