Алматы «Сардар» баспа үйі


Этимологияның  морфологиялық  критерийлері



Pdf көрінісі
бет17/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   144
Этимологияның  морфологиялық  критерийлері  түркі  тілдерін-
дегі  бір  типті  жəне  бірдей  лексико-семантикалық  топтардың  төменгі 
байланыстарын  айқындауға  көмектеседі.  Ол  ең  алдымен,  диахрондық 
жəне  синхрондық  тұрғыдан  дамытушы  сөзжасамның  əртүрлі  модель-
дерімен байланысты.
1.  Этимолог  нақты  бір  тілдегі  сөздің  құрылымын  анықтау  бары-
сында, тұрақты түрде сол тілдің қолданысындағы сөзжасамның, форма-
жасамның  жəне  сөзөзгертімнің  модельдері  мен  тəсілдеріне  сүйенеді. 
Егер тілде олар жоқ болмаған жағдайда туыстас тірі жəне өлі тілдердегі 
көріністерін іздейді.
Осы тектес этимологиялық реконструкциялардың сəтсіздігі көбіне-
се  əрбір  тілде  немесе  жалпы  түркологияда  сөзжасамның  морфология-
лық  тұлғаларының  ортақ  корпусының  болмауымен  байланысты.  Сон-
дықтан əрбір тілдің ғылыми этимологиясы үшін алдынала грамматика-
лық тұлғалар мен сөзжасам модельдерінің толық тізімі түгендеу жұмы-
сы жүргізілуі тиіс: өлі, бəсең өнімді жəне өнімді.
2.  Аффикстердің  шынайы  мағынасын  лексикалық  негіздердің  ка-
тегориялық  топтарына  байланысты  айқындау;  негіз  жəне  одан  туында-
ған құрылымның мағынасының сəйкестігін, оладың жалғануына қатыс-
ты хронологиясы мен жалғастығын айқындау т.б.
3.  Морфемалық  тұлғаларды  бара-бара  өлі  элементтер  қатарына 
қосатын көнелену (архаизация) мен этимологиясын көмескілендіру (де-


17
этимологизация) нəтижесінде туынды түбір морфемамен бірігіп кеткен 
үдерістердің  заңдылықтарын  ескеру.  Бұл  арадағы  этимологиялық  ре-
конструкцияның  мəні – қазіргі  кезде  құрамы  ажыратуға  келмейтін  тү-
бір-негіздерді,  түбір  жəне  аффикстік  морфемаға  жіктеу.  Осыған  орай 
этимологияның тиімді əдіс-морфемалық, немесе компоненттік мүшелеу 
əдісі.
4.  Этимологияны  ашудың  морфологиялық  критерийлерін  сөз  ту-
дырушы  аффикстердің  «талғап»  жалғанатын  қабілетін  ескеруі  қажет. 
Себебі түбір лексемалардың лексико-семантикалық ерекшеліктеріне жə-
не  атаудың  уəжіне  байланысты  сөз  тудырушының  модельдерінің  бел-
гілі бір топтарын түзеді.
Мысалы,  қазақ  тілінде-қа//-ке //ға//-ге  моделінің  мынадай  семан-
тика-анатомиялық  терминдерді  туғызуы  кездейсоқтық  па?  Қаңқа>
қаң+қа  «скелет», «каркас» (чего-либо);  қолқа>қол+қа  «трахея»;  жүй-
ке>жүй+ке  «нерв», «мозжичок»;  желке>жел+ке  «шея», «затылочная 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет