Алматы «Сардар» баспа үйі


Этимологиялық  зерттеулердегі  тарихи  қағида



Pdf көрінісі
бет20/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
Этимологиялық  зерттеулердегі  тарихи  қағида.  Зерттелуші  тіл-
дің  жəне  оны  тұтынушының  шынайы  тарихының  жазба  ескерткіштер 
немесе басқа көздерден (фольклор, археология, тарих, этнография т.б.) 
деректерін  білмей  тұрып,  этимологияны  ашу  барысында  фоно-морфо-
семантикалық  критерийлердің  ең  сыналған,  ең  сенімді  қолданысы 
ойлаған  нəтижеге  жеткізбейді.  Тек  сонда  ғана  лингвистикалық  жəне 
филологиялық этимология өзінің этномəдени негізіне сай, территориял-
ды-географиялық  шегі  жəне  əлеуметтік-экономикалық  алғышарттары 
бар тарихи, сенімді этимологияға айналды.
Этимологиялық зерттеулердің нысанына қатысты тарихи деректер-
ді дұрыс бағалап жəне түсіндіру үшін тарихи қағида қолдану қажет. Кез 
келген  тілдің  мəдениет  тарихының  экстралингвистикалық  мəліметтері 
этимологиялық реконструкция жасауға мүмкіндігі бар бақылаушы фак-
торлардың ролін атқарады.
Көп  жағдайда  археологияның,  этнографияның  мəліметтері  эти-
мологтың бағдарын этимологиялық зерттеулерде таңбаланған релийлер 
мен ұғымдардың белгілі бір хронологиясына бұрады
10
.
Тіл  ең  алдымен  этникалық  ұжымның  рухани  жəне  материалдық 
мəдениетпен  тығыз  байланыста  болады.  Сондықтан  этимологтың  эт-
номəдени  деректерге,  тілдің  этнографиялық  фоны  мен  материалдың 
негізіне тұрақты түрде назар аударуының этимология үшін маңызы зор.
Сөзжасамның  тарихи  модельдері  мен  ұлттық  релийлердің  атау-
ларының уəждері осы халықтың дүниетанымын бейнелейді. Обьективті 
құбылысты бағалауда оның көпғасырлық тəжірибесі,  оның дүниетаны-
мы,  мифологиялық,  діни,  идеологиялық,  этникалық,  эстетикалық  түсі-
ніктері  өздерін  қоршаған  шындықты  көрсетеді.  Мұның  барлығы  эти-
10
 Климов Г.А. К семантической реконструкции//Теория и практика этимологических 
исследовании. С. 17


21
мологиялық зерттеулер назарында болады. Өз кезегінде этимологиялық 
зерттеулердің нəтижелері, тілді тұтынушылардың этникалық, азаматтық 
тарихын, шығу тегін, өмір сүретін аймақтарын, шаруашылық түрлерін, 
қоғамдық  өмірдің  укладын  дұрыс  тануға  көмегін  тигізеді.  Этногенез-
ді анықтау жəне тарих пен этимология өзара байланысы туралы белгілі 
этимолог-ғалым  В.И.Абаев  былай  деп  санайды: «Бұл – халық  тарихы-
ның ең терең қыры. Осы тереңдіктің деңгейінде этногенез бен этимоло-
гия  жақындасып,  бір-біріне  қол  созады:  этимология  этногенетикалық 
мəселелерді шешуге көмектессе, ал экстралингвистикалық (археология, 
этнология, антропология), тарихи деректерге сүйенген этногенетикалық 
зерттеулер этимологиялық ізденістерге дұрыс бағыт береді»
11
.
Жалпы  алғанда,  түркі  этимологиясының  деңгейіне  тарихи-тал-
дамалық  шолу  жасай  келіп,  қазіргі  деңгейін  түркі  тілдері  бойынша 
этимологиялық  еңбектердің  мынадай  топтарын  көрсетуге  болады.  Бі-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет