Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет23/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
Біріншіден,  этимология – тіл  білімінің  қызық  та  қиын  саласы. 
Əсіресе,  қиындығы  басым.  Сондықтан  да  болса  керек,  этимологиямен 
арнайы айналысып жүрген ғалымдар саны саусақпен санарлықтай. Сөз 
төркіні туралы өз ойларын үнемі ортаға салып жүретін ғалымдарымыз-
дан  бүгінгі  таңда  академик  Ə.Т.Қайдаров,  Ғ.Мұсабаев,  Р.Ғ.Сыздықова, 
Ə.Нұрмағамбетов,  Қ.Өмірəлиев,  Е.Жанпейісов,  Ө.Исаев,  Н.Уəлиев  се-
кілді бірнеше ғалымды ғана атап өтуге болады. Көптеп көтермегендік-
тен,  бұл  үлкен  шаруа  кей  жағдайда  ақсап  та  жатады.  Өйткені  халық, 
əсіресе,  қазақ  халқы – сөз  өнеріне  өте  бейім,  талантты, «өнер  алды 
қызыл  тілге  жүйрік»  халық.  Осы  тілге,  сөзге,  оның  тарихына  деген 
қызығушылық  қалың  бұқара,  көпшілік  қауым  арасында  да  үлкен  сұ-
раныс  туғызып  отыр.  Сөз  тарихы,  этимологияға  қатысы  бар  (Мəселен, 
Р.Ғ.Сыздықованың  «Сөздер  сөйлейді»  атты  кітапшасы)  кітаптарды 
халық «пышақ үстінде үлестіріп алады». Кейде осы үлкен сұраныстың 
орнын толтыру үшін тілші-ғалым емес адамдар да тер төгіп, тіпті кітап
та жазады. Мысалы, Б.Кенжебаев пен Т.Қожекеевтің «Сөз туралы сөз»
18
 
деген кітабы. Кітаптың алғашық екі тарауы («Өнер алды – қызыл тіл», «Сөз 
сөзден  туады»)  тіліміздегі  кейбір  күңгірт  сөздердің  түп-төркінін  ашуға 
арналған. Осы екі тарауда (5-33б.) реестрге алына отырып, 70-80 сөзге 
түсінік беріледі. Кітап аз тиражбен (500 экз.) жарық көріп, студенттерге 
ғана арналғанымен, бірақ оны оқып шыққан адамның жалпы тіл тарихы, 
этимология туралы түсінігі өзгеріп, əртүрлі пікірлер қалыптасуы мүмкін. 
мысалдар келтіре кетейік: 1. "Пельмен". Орыс тіліндегі «пельмен» деген 
сөз өзбек тіліндегі «пұл», «мəнті» деген екі сөзден шығыпты. Оның шығу 
тарихы былай көрінеді: Ертеде, Шыңғыс хан билеп тұрған кезде, орыс 
князьдары  Шыңғыстың  ордасына  сый  алып  барып  жүреді  екен.  Сонда 
олар  осы  күнгі  Өзбекстан  жерінің  үстімен  жүріп  өтетін.  Ал  өзбектер 
сол заманда-ақ базарда мəнті пісіріп сатады екен. Бір мəнті бір пұл (бір 
тиынның үштен бірі) тұрыпты. Сатушы бір пұлға бір мəнті берем деген 
мағынада: -Пұл мəнті! Пұл мəнті! Пұл мəнті! Деп айқайлап тұрады екен. 
Сол «пұл мəнтіні» орыстар «пельмен» деп кеткен /20-бет/.
2. «Шоқан. ... Бұрын,  Шоқанның  бала  шағында,  қазақ  арасында, 
өте-мөте,  оқыған  адамдар  арасында  кітапша,  түрік  текті  халықтардың 
ертедегі  əдеби  тілімен  (шағатай  тілімен)  сөйлеу  сəн  болған.  олар  хат 
жазса, «үшбу», «үшбұның  білəн», «шу»  деп  жазған.  Шоқанның  ата-
18
 Кенжебаев Б., Қожакеев. Сөз туралы сөз (филология жəне журналистика акультеттерінің 
сырттан оқитын студенттері үшін көмекші құрал).


38
анасы баласының мінез-қылығына қарап: «Осы балам хан болады» деп 
біліп,  баласын  еркелетіп,  əлгі  кітаби  шағатай  тілі  бойынша, «Шұ  хан» 
(осы  хан)  деп  атаған,  сөйлеген.  Солайша  «Шоқан»  болып  кетуге  тиіс» 
/21-бет/.
3. «Зыр-зыр. Адамда болатын іш өту ауруының əуелгі қазақша аты 
«зыр-зыр»  екен.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  «зыр  қақтым»,  зыр  жүгірдім, 
«түні  бойы  зыр  жүгіріп  шықтым»  деген  сөз  тіркестері  содан  шығып-
ты» /21-бет/.
Маман  емес  ғалымдардың  аузынан  шыққан  «халықтық»  этимо-
логиялардың  тілші  емес  ғалымдардың  еңбектерінде  жиі  кездесіп  қа-
латындығын  атап  көрсеткіміз  келеді.  Этимологияның  өзіндік  зерттеу 
əдістері мен əдістері бар, белгілі ғылыми принциптерге сүйенетін, тіпті 
кез-келген тілші ғалымның да «жүрегі дауалап бара бермейтін» ғылым 
саласы  екендігі  ескеріле  бермейді.  Бұларға  қойылар  негізгі  тосқауыл – 
тілші-ғалымдардың  теориялық-əдіснамалық  ғылыми  негізге  сүйеніп 
жасаған қажырлы еңбегі, көптеп жарық көрер еңбектері болмақ.
Екіншіден,  кейде  сол  тілші  ғалымдарымыздың  өздері  дəлелі  аз, 
бір  қайнауы  ішінде  жатқан  дүниелерді  де  жариялап  жібереді.  Жалпы 
этимологиялар  бұл  жағынан  қысқа  қайырылған  жəне  ұзын-сонар, 
шұбатылма  деп  екіге  бөлінеді.  Мəселе  зерттеудің  ұзын-қысқа,  үлкен-
кішілігінде  емес,  қайта  сол  түп-төркіні  əңгімеленіп  отырған  сөздің  о 
бастағы  тұлғасынан  қазіргі  тілімізде  кездесетін  күйіне  дейін  жүріп  өт-
кен баспалдақтары көрсетіліп, этимологиялық зерттеудің барлық прин-
циптері  сақталуында.  Кейбір  шағын  ғана  мақаланың  ішінде  бірнеше 
ондаған, тіпті жүздеген сөздердің этимологиясы сөз болып жатады. Əри-
не,  бұндай  қысқа  қайырған,  бір  ауыз  сөзбен  айта  салған  «этимология-
лар» əрі ешкімнің есінде қалып жатпайды, əрі сөздің тарихын ашуға да 
еш көмегін тигізбейді.
Сонымен,  біз  этимологияның  негізгі  принциптері  дегенде:  жал-
пы  тіл  білімінде  де,  түркітануда  қалыптасқан  а)  фонетикалық,  ə)  мор-
фологиялық  немесе  фономорфологиялық,  б)  семантикалық  деп  атала-
тын үш принципке сүйенеміз.
Фонетикалық принцип тілдегі түрлі дыбыстық өзгерудің жолдарын, 
дамуын  дəлелдеуге  пайдаланылса,  морфологиялық  принцип  жалғау-
жұрнақтардың  өзгеру  жүйесін  түсінуге  көмектеседі.  Ал  семантикалық 
принцип  сөздің  мағыналық  жағынан  дамуын  зерттеуге  құралады. 
Қазақ  тіл  білімінде  осы  үш  принциптің  үшеуіне  де  жауап  бере  алатын 


39
этимологиялық  зерттеулер  де,  сонымен  қатар  асығыс  айтылған,  дəлелі
аз шолақ қайырылған пікірлер де кездесіп қалады. Мысалы, Г.Жаркешо-
ва «Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі» деген 
еңбегінде  былай  деп  жазады: «...біздегі  некен-саяқ  деген  қос  сөздің 
алғашқы  сыңары  моңғолдың  жалғыз,  жеке  дегенді  білдіретін  нəгəн 
деген сөз. Ал біздің абысын-ажын деген қос сөзіміздің екінші сыңары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет