Қазақ этимологиясының алғашқы ғылыми негіздері Қазақ тіл біліміндегі этимологиялық зерттеулердің нəр алар бас-
тау-бұлағы, тарихы қазақ тіліне қатысты жазылған алғашқы зерттеу
еңбектерден басталады. Революциядан бұрын жарық көрген еңбектердің
ішіндегі ең құндыларының бірі – П.М.Мелиоранскийдің «Краткая
грамматика казах-киргизского языка»
29
деп аталатын екі бөлімді еңбегі.
Бұл еңбектің құндылығы жөнінде Р.Ғ.Сыздықова былай деп жазады:
«Во всей литературе, относящейся к изучению казахского языка в
дорреволюционный период, особо выделяются труд выдающегося уче-
ного, тюрколога-лингвиста, профессора Петербургского университета
Платона Михайловича Мелиоранского «Краткая грамматика казах-
киргизского языка» в двух частях, изданная в 1894-1897 гг. Эту граммати-
ку акад. А.Н.Кононов считает одним из трудов, вошедших в основной
фонд исследований по тюркологии»
30
. Автор осы кітаптың бірінші
бөлімінде («Фонетика и этимология»
31
) қазақ тіліндегі бірнеше сөздің түп-
төркінін сөз қылады: «Лингвистическое чутье позволило ученому сде-
лать ряд тонких и точных наблюдений. Он отметил, например, обрат-
ное сингармонизму действие гласных в образованиях типа бүгін<бұл + күн (уподобление не по начальному слову, а по второму), выражение
совместного действия формой взаимного залога, трансормацию форм