Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет39/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
3.  Семантикалық  принцип.  Этимологиялық  ізденістің,  жоба-
лаудың  тұяқ  тірер  жері  семантика.  Біз  алдымен  этимонның  діттеген 
мағынасында  қолдануын  айқындап  алуымыз  керек.  Сөздің  қосымша, 


67
ауыс мағыналарына сүйеніп оның белгілі этимонға сəйкестігін анықтау-
ға  болмайды.  Əрқашанда  біз  салыстырылатын  толғаулардың  мағына-
сына  (семантикасына)  сүйенуіміз  керек.  Семантикасы  сəйкес  келетін 
сөздер  ғана  этимологиясы  ашылған  болып  саналады.  Этимологиясы 
сəйкес  емес  этимондардың  келіп  шығуы  тұлғасының  ұқсастығына 
байланысты  емес.  Ол  тұлғалары  өзгеру  арқылы  бір-біріне  ұқсап  кетуі 
мүмкін.  Мысалы, «Байтал  түгіл  бас  қайғы»  дегендегі  байтал  тұлғасы 
жағынан  мүлдем  басқа  сөзге  ұқсап  тұрса  да  (байтал – «жас  бие»), 
мағынасы жағынан онымен мүлде бір емес. Кейінгісі моңғол тілдерінде 
өзгеріп қолданылған байдал сөзі.
  Демек,  басқа  принциптерге  сүйене  отырып,  негізгі  фонетикалық 
принциптің  қорытынды  кезеңі  деп  есептеуге  болады.  Біркелкі  туыс 
омонимдерде  жиі  кездесетін  бұл  құбылысқа  алдын  ала  ұқыптылықпен 
қараған жөн. Тұлғасы ұқсас болып, мағынасы сəйкеспей жататын сөздер 
туыстас  тілдерде,  араб,  иран  тілдерінен  ауысқан  ауыс-түйістерде  көп 
кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет