Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет38/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
2.  Морфологиялық  принцип.  Тілдегі  сөздердің  барлығы  түбір 
сөздермен туынды негіздерден тұрады. Егер біз түбір сөздерді бір буын-
ды  классикалық  алты  типтен  тұратын  бір  буынды  «моносиллабикалық 
түбір сөздерден тұрады» деп есептейтін болсақ, (ол шынында да солай 
) (V, VC, CVC, CVCC, VCC, CV ), онда осы мəселенің өзі бір заңдылық. 
Екі буынды түбір сөздер (мысалы, бала, балта, алма, сабын, соқа, қамыс 
т.б.)  дербес  сөз  тілімізде  болды  ма,  жоқ  əлде  бұлардың  жəне  бұлар 
сияқты бір буынды түбірдің баршасы о бастан-ақ бір буынды түбірден 
морфологиялық  жолмен  туындап,  қалыптасып  қалған  сөздер  ме?  Ол 
жағы белгісіз.
Сондықтан  біздің  этимологиялық  талдауымыздағы  сөздердің  ба-
сым көпшілігі о бастағы байырғы төл сөздерден тараған деп жобалаймыз.
Екі буынды сөздерден тараған этимондар төл сөздің арасында жоқ. 
Этимондардың  бұл  түрін  анықтауда  сөзжасам,  сөз  түрлендіру  жұрнақ-
жалғауларының қалыптасқан тəртібі, сингармонизм заңы жəрдем береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет