Біріншіден, түбірдің ұзарып, ия морфологиялық элементтерінің
кіріккенін анықтау үшін, оның жалаң, ежелгі вариантын табу қажет. Оны
ескі-түркі ескерткіштерінің материалдарынан, ескі-түркілік қасиетін
көбірек сақтаған алтай, чуваш тілдерінен кездестіреміз. Мысалы, ескі-
түркі сөздігінде -са- (санау), -кыд (қыдыр), -мақ (мақ-та) т.б. деп қол-
данылған. Сол сияқты қазіргі ал-тай тілінде -ит (итер), -тоз (тозан),
-так, (тақыр) т.б. Чуваш тілінде -қай (қайт), -жал (жалын) т.б. фактілер
сақталған. Бұл тəсіл тіл білімінде сыртқы қалпына келтіру (реконструк-
ция) тəсілі деп аталады.
Түбір сөздердің морфологиялық, фонетикалық, семантикалық ың-
ғайдағы өзгерістері негізінен Енисей, Орхон, ұйғыр ескерткіштерінің
жазылу кезеңіне дейін болғанын көрсетеді. Көбінесе, ескерткіштер
тілінде түбір екі тұлғасында да (еш қосымшасыз, қарапайым ежелгі
түрі, косымша жалғанған жаңа түрі) берілген: са- сан -"сан", сана, ба-
бан - ө - "ойлау", өг -"ой" т.б. Бұл екі форманың біразға шейін қатар
қолданылғанын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |