Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет56/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
1. Балама түбірлер. Бүкіл түркі тіліндерінің көпшілігінде кездесетін 
бір  буынды  сөздердің  соңғы  жəне  ортаңғы  дыбыстары  ыңғайлас 
дыбыстарына  өзгеріп,  бірақ  мағынасы  сақталатын  түбірлер.  Соның 
нəтижесінде бір түбірдің мағынасы бір-екі түбірге, кейде үш-төрт түбірге 
айналуы  мүмкін.  Олар  тұрақты  (негізгі),  біреуінің  баламасы  ретінде 
қолданылады.
  Мəселен,  қазақ  тіліндегі  “май”  деген  ұғымның  баламасы  ұйғыр 
тіліндегіjaj деген түбір. Дəл сол түбір қазақ тілінде де jaw түрінде “май” 
мағынасында  қолданылады  екен.  Мысалы,  жауқазын  “дикорастущая 
съедобная  трава”,  жаубүйрек  “название  пищи,  изготовляемая  из  жир-
ной печенки только что зарезанногобарана”[1].
Бұл  келтірілген  мысалдардағы  (жауқазын,  жаужымыр,  жаубүй-
рек  т.б.  сөздердің  уəжі“маймен»  байланысты  екенін  Қ.Жұбанов, 
К.Мусаевтың қазақ тіліндегі «көздің жауын алады» дегендегі қолданыс 
пен салыстырып көрсеткені белгілі [2].
Бұл арада “майдың” мағынасындағы “жау” түбірінің балама ретін-
де  қолданылуын  айқындауға  этимологиялық  мүмкіншілік  берсе,  оның
jaj, jaw-дан басқа вариантта да қолданылатынын көреміз.
Этимологиялық  тұрғыдан  талдағанда  келтірілген  түбірлердің  əр-
қайсысының  өз  ерекшеліктеріне  байланысты  өзіне  əр  түрлі  қырынан 
назар  аударатын  ерекшеліктері  болады.  Мысалы,  этимологиясы  анық-


115
талушы  сөздің  түбірі  есім  түбір  ме,  жоқ  əлде  етістік  түбір  ме.  Осы 
ерекшелігін ажыратып алудың өзі жалпы туынды тұлғаның болмысына, 
мағынасына  əсер  етеді.  Еліктеуіш  сөздер  тілде  көбінесе  түбір  күйінде, 
заттанған  қалпын  білдіретін  тиісті  идеографтармен  бірге  айтылады. 
Мысалы, тарс, шарт, шырт, қарқ, ірк, шолп, қылт, қалт, күрт, сырт, 
былш, тарқ, қылт т.б. Бірақ оларды сөздікте күрделі етістік тұлғасын-
да бергенді жөн деп есептейміз.
Мəселен, қазақ тіліндегі иr түбірі жəне оның əр түрлі (-ur || -uw || өр || 
ur) варианттары тек қазақ тілінің өзінде ғана кездеседі. Мысалы: ру – (ру-
тайпа) сөзінің негізгі түбірі ретінде тайпа құрайтын аталардан тұратын 
этникалық  топты  білдіретіндігін  жақсы  білеміз.  Міне,  сол  түбірдің 
жалпы мағынасын – “адам баласы ұрпағының таралуы, адам баласының 
шығу  тегі,  жаратылысы,  туыстық  қатынасы,  жасөспірім,  ұрпақ”  т.б. 
деген жалпы мағына ауқымында алсақ, осы түбір сөзден өрбіген мына 
төмендегі  туынды  түбірлерді  көрсетуге  болады:  Шу  қазақтарының 
тілінде – “туыс,  сүйектес,  рулас”  мағынасында – ұрық  (<ұр-ық)  сөзі, 
ертедегі ру-тайпалардың ұранын (“клич”) білдіретін ұран (<ұр-ан) сөзі, 
“туған-туысқан,  кейінгі  жас  ұрпақ”  мағынасындағы  ұрағат//жұрағат 
(ұр-ағат)  сөзі, “ұрпақ  тарату  қасиетіне  ие,  ана  мағынасын  білдіретін 
ұрғашы (о баста –ur-uq-st) сөзі”, “нəсіл, тұқым, жұрағат, өрен” мағынасын 
білдіретін ұрпақ (ұр+пақ) т.б.
Сонымен  бірге,  түбір  сөздердің  дауысты  дыбыстардың,  кейде 
дауыссыз  дыбыстардың  да  сəйкес  дыбыстарына  өзгеруіне  байланысты 
балама  түбірлердің  пайда  болуы  да  кездеседі.  Мысалы,  қазақ  тілінің 
өзінде: сөз басындағы үрім (<үр-ім) сөзінің (үрім-бұтақ – “бір адамнан 
тараған ұрпақтар, зəу-заттар, нəсілдер”), “ұ”- ның жіңішке “ү”-ге ауысуы 
арқылы жасалған жаңа сөз, бірақ этимологиялық тұрғыдан үр//ұр екеуі 
де гомогенді (тектес) түбірлер. 
Ұр  түбірінен  тараған  туынды  тұлғалардың  біразын  біз  Махмұд 
Қашғаридың (XI ғ.) “Диванынан”  да  кездестіреміз:  ұрағат  “əйел, 
ұрғашы”, ұран (“боевой клич”), ұры “сын”, “мальчик”, “юноша”, “мужское 
потомство”, ұрылан – “родить мальчика”, ұрұғ – “зерно, семья, косточки”, 
уруғлұғ  “родовитый,  знатный,  благородный”,  ұруғсұз  “без  потомство” 
т.б. Бірақ бұл түбірлер Махмұд Қашғари заманында, тіпті одан бұрынғы 
Орхон-Енисей  ескерткіштері  тілінде  деұр//үр//өр//ыртүбір  нұсқалары 
ретінде жеке-дара кездеспейді. Соған қарағанда, бұл түбірлердің төркіні 
тілдің тереңінде жатса керек. Алайда, олар ерте ғасырға дейін (VI-VII ғғ.) 


116
ұмыт  болса  да,  өзінің  бір  кездегі  жиі  қолданылуы  арқасында  тамырын 
терең  жайып  үлгерген,  сондықтан  да  бұл  түбірлер  күні  бүгінге  дейін 
тіл  қажетін  атқарып,  түркі-моңғол  тілдерінде  сақталып  келеді.  Шет 
тілдерден енген элементтерде мұндай қасиет бола бермейді.
Мұндай  байырғы  түбірлер  тілімізде  көп-ақ.  Сондықтан  эти-
мологиялық  сөздік  жасауда  ерекше  көңіл  бөлетін  нысандардың  бірі  –
бір  буынды,  көп  мағыналы,  фонетикалық  тұлғасы  өзгермей,  мəн-
мағынасы күңгірттенуге ыңғайлы, қолданысы ылғи “жасырын” тұлғалар. 
Тіпті,  кейде  түркі-моңғол  тілдеріне  ортақ  бір  байырғы  түбірдің  сол 
тілдердің 20-30-да өзгерген түрінде кездесетін гомогенді нұсқалары бар. 
Осыдан  байырғы  түбірдің  біреуінің  этимологиясын  айқындау  арқылы 
басқа нұсқаларының сырын ашып беруге болады. Бұл туралы “Словарь 
Б.И.Вербицкого  как  исторический  источник  исследования  структуры 
тюркских моносиллабов” деген мақалада толығырақ айтылған [3]. 
Түркі  тілдерінің  біразында  қолданылатын  бір  буынды  байырғы 
түбірдің 6 түрлі классикалық типінің (Г, ГС, ГСС, СГ, СГС, СГСС) 270-
300  нұсқасын  (туынды  тұлғасын)  салыстырып  келтіргенбіз.  Соларды 
қайталап, байырғы түбір ретінде (дыбыстық өзгерістермен қолданылып, 
ұқсас  мағыналары  да  əр  дəрежеде  жұмсалып  жүрген)  қолданылып 
жүрген мынадай нұсқаларын көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет