91
насы сезіліп тұрса да, біз оны жеке айта алмаймыз. Өйткені ол біз үшін
ұмыт болған түбір. Бірақ кейбір түркі тілдерінде бұл түбір сақталған.
Мəселен, қазіргі хакас тілінде
чыл- (мағынасы «двигаться, ползать»,
«скользить, кататься на коньках») түрінде
77
, якут тілінде
сыыл- (ползать)
түрінде
78
жеке-дара қолданылып жүрген сөздер.
Ендігі мақсат: «өлі түбірлердің» статусын анықтау, яғни тұлғалық,
мағыналык, дыбыстық, сөз табына қатыстық ерекшеліктерін көрсету,
оларды тарихи тұрғыдан жеке сөз, туынды сөз жасауға негіз болған
дербес түбір, морфологиялық құрамы айқын тілдік единица деп қарап,
консервацияға ұшырау, мағынасыздану себептерін ашып, эволюциялық
даму жолын қарастыру.
Қазақ тіліндегі екі буынды етістіктер құрамында кездесетін өлі
түбірлердің ең басты құрылымдық ерекшеліктеріне, жоғарыда айтыл-
ғандай, олардың бір буынды болып келуін жатқызуға болады. Кез келген
модельді алып, туынды тұлғаны ажыратқанда, біз осыны көреміз.
Мəселен:
дем>демік-, *қыз>қызық-, *қол>қолда-, *сүң>сүңгі- т. б.
Бірақ бұл түбірлердің бір буынды болып келуі əрқашан да олардың
бір бүтін тұтастығына, этимологиялық монолиттігіне кепілдік қыла
алмаса керек. Өйткені ол түбірлердің өздері де бір замандағы туынды
түбір болуы ықтимал. Түрколог ғалымдардың бұл саладағы зерттеулері
осындай бір буынды СГС типті түбірлердің кейбіреулері о баста туынды
болғандығын көптен бері-ақ дəлелдеп келеді. Олардың саны қазіргі кезде
30-дан астам. Мəселен, А.Зайончковский
79
бұл тəрізді бір буынды туынды
түбірлерге жазба ескерткіш фактілеріне сүйене отырып, өз тарапынан
мыналарды жатқызады:
*ad->adyr- «дивиться, изумляться (меняться в
лице)»;
*ad>adyr- «различать, отличать, выбирать». Дəл осы арада
*ad
түбірінің дыбыстық варианты ретінде қазақ тілінде кездесетін
*ай->
Достарыңызбен бөлісу: