√-а/-е: жар>жара рана; язва; чирей; порез; *сын>сына клин;
жаз>жаза наказание; өр>өре перегородка; навес (для сушки курта)
√-аз/-ез: *тай>тайаз//тайыз неглубокий, мелкий (о ручье);
*қай>қайаз усач (рыба); *күй>күйез миозит; ой>ойаз впадина;
перен. худой, впалый
√-ақ/-ек: жат>жатақ общежитие; тұр>тұрақ местожительство,
обиталище; жыр>жырақ далекий, дальний, дальность; құр>құрақ раз-
ные лоскутья; құр>құрақ тростник; *сұр>сұрақ вопрос, спрос; ор>орақ
серп
√-ал/-ел: көк>көгал лужайка, луг; тоқ>тоқал 1) младшая жена
(при байбиче); 2) комолый; *сақ>сақал борода, *сақ<сағал подбородок
(у животных); *жөт>жөтел кашель
√-ан/-ен: саз>сазан сазан; қой>қойан заяц, кролик; *жыл>жылан
змея; *құл>құлан кулан; қап>қабан кабан, дикая свинья; *бұл>бұлан
лось; *шай>шайан скорпион; *күз>күзен хорек
√-аң-ең: тоз>тозаң пыль, пыльца, раструска (мучная); жас>жасаң
моложавый, қарт>қартаң староватый; (?) *кер>керең глухой, туговатый
на ухо; *тер>тереңглубокий; *күр>күрең темно-рыжый (о масти);
кіл>кілең однообразный, однотипный
√-ас/-ес: жал>жалас гребни гор, взгорья; бел>белес холм, невысо-
кий перевал; дөң>дөңес сопка, горка; *топ>топас глупец, тюхтя, тупой
√-ат/-ет: сұу>сұуат водопой, родник, источник; қол>қолат речная
долина, поляна: көш>көшет рассада
√-ау/-еу: жыр>жырау джирау, сказитель, певец; без>безеу прыщ,
угорь; *жел>желеу повод, причина; *қыр>қырау иней;*сұр>сұрау
вопрос
√-жың/-жің: *мыл>мылжың болтун, многословный; *қал>қал-
жың шутка; *тыр>тыржың недовольная гримаса
82
Вамбери Г. Көрсетілген еңбек. 6–8-бб.;Батманов И. А. Көрсетілген еңбек.
141–150-бб.;Юнусалиев Б. М. Көрсетілген еңбек. 227
83
Зайончковский А. Көрсетілген еңбек, 31–32-бб.
94
√қ а/-ке/-ѓа/-ге: қыр>қырқа возвышенность, цепь плоских гор;
*жаң>жаңқа щепка; *жоң>жоңқа стружка; *қан>қаңқа скелет,
остов; *қас>қасқа отметина на лбу, лысина, лысый; *маң>маңқа сопля’;
сап (болезнь лошадей); *жор>жорға иноход, иноходец;*сер>серке
козел-предводитель; *сір>сірке гнида; бүр>бүрге блоха
√-қай/-кей/-ғай/-гей: төс>төскей склон горы; күн>күнгей сол-
нечная сторона; *шал>шалғай 1) дальний, на отшибе; 2) полыпальто,
халата; оң>оңқай правый, правша; *меш>мешкей ненасытный, обжора
√-қақ /-кек/-ғақ /-гек: тоң>тоңғақ 1) мерзляк; 2) помет, едино-
временный приплод животных; *сер>сергек бодрый, энергичный;
ес>ескек весло, весла; *жөр>жөргек пеленки; *əң>əңгек ров, яма;
*ең>еңкек покатый; *шал>шалқақ откинутый назад
√-қар/-кер/-ғар/-гер: тай>тайқар осленок (самец); шал>шалқар
широко раскинувшийся, простирающийся; қый>қыйқар упрямый уп-
рямец *ас>асқар возвышенный, высокий, недостигаемый
√-қау/-кеу/-ғау/-геу: *аң>аңқау ротозей, простофиля; *жал” >
жалқау лодырь, лентяй; *мыл>мылқау немой, глухонемой; *ең>еңкеу
отлогий, покатый, с ложбинами; *сақ>сақау картавый, косноязычный;
*шұл>шұлѓау портянки; *сыр>сырқау больной, хворый
√-қы/-кі/-ғы/-гі үз>үзгі диал. зеркало; қар>қарғы ошейник;
таң>таңқы вздернутый (о носе), курносый; диал. неглубокий ко-
лодец; кер>кергі пяльцы; *шал>шалғы литовка, коса; *еш>ешкікоза;
*жыл>жылқы лошадь, лошади (собир.); ‰с>‰скі стамеска; сүр>сүргі
ширшепка, рубанок, скребок
√-қыл/-кіл/-ғыл/-гіл:боз>бозғыл сероватый, беловатый, белесый;
*қош>қошқыл темно-коричневый, фиолетовый; үш>ушкіл треугольный;
тμрт>төрткіл четырехугольный; *қыш>қышқыл кисловатый, кислый;
*тар>тарғыл полосатый, тигровый (о масти коров, кошек)
√-қын/-кін/-ғын/-гін: тас>тасқын поток, лавина; көш>көшкін
снежный обвал; сүр>сургін ссылка, интернирование; құу>құуғын пого-
ня, преследование; *құз>құзғын коршун; *жұл>жұлғын вид тамариска;
аз>азғын сбившийся с пути, аморальный, морально разложившийся,
предатель; *ай>айқын ясный, явный
√-па/-пе,– ма/-ме: қой>қойма клад, месторождение склад,
ломбард; тер>терме терме, речитатив; кер>керме натянутый аркан для
привязывания коней, коновязь; өр>өрме плетение, плетеный; түй>түй-
ме пуговица и др.
95
√-пақ/-пек/-мак/-мек: жай>жайпақ плоский; *тай>тайпақ
приплюснутый, выровненный (о поверхности чего-л.); *пұш>пұшпақ
шкура ног зверей, края чего-л. ; *сат>сатпак, прилипшая к чему-л.
грязь; шат>шатпақ мазня, каракули; тоқ>тоқпақ колотушка
√-пан/-пен/-ман/-мен: *сүй>сүймен пика, лом; ой>ойман впадина;
*ал>алман вид крысы; оқ>оқпан выпь; *аз>азбан кастрированный самец
животных (лошадей, коров, овец); *ай>айман луноликий, красивый
√-сық /-сі:*тор>торсық бурдюк, кожаная посуда; *қый>қыйсық
кривой, кривизна; *қоң>қоңсық отбросы, грязь; *түй>түйсік вос-
приятие, чувство: *қыр>қырсық невезение, неудача, вредный, тот, кто
делает все наоборот
√-сау/-сеу: жем>жемсау зоб (птиц); *көк>көксау чахотка,
чахоточник; *құр>құрсау ободок, железное кольцо
√-та/-те/-да/-де: *тақ>тақта доска, плаха; *соқ<соқта содержи-
мое чирья, нарыва, гной; *тор>торта вытоп, осадок после топления
масла; *ор>орта середина, средний; *ор>орда орда, ставка, сборище
змей; *кел>келте короткий, куцый
√-тай/-тей/-дай/-дей: дар>дардай большой, взрослый; *жұр>
жұрдай лишенный всего; *тыр>тырдай (жалаңаш) гол как сокол,
совершенно голый; *дың>дыңдай невредимый, здоровый; *пыр>пырдай
(ұйықтау) спать без задних ног; ніл-нілдей (бұзылу) меняться на глазах;
*тійт>тійттей малюсенький
√-ты/-ті:қат>қатты твердый, крепкий, прочный; *мық>мықты.
крепкий, прочный, стойкий; жүк>жүкті беременная; *тəт>тəтті
сладкий, вкусный; *аш>аш (т) шы горький
√-ы/-і: өл>өлі неживой, мертвый; *тір>тірі живой; *ір>ірі> круп-
ный, кіш>кіші меньший, малый; ұл>ұлы великий, величавый, боль-
шой, огромный; *жіт>жіті совершенный
√-ыз/-із:жау>жауыз враг, палач; *қау>қауыз шелуха, скорлупа;
*ау>ауыз рот, отверстие чего-л.; ұуу>ұуыз молозиво; *кеу>кеуіз ше-
луха; *аң>аңыз легенда, сказание; *аң>аңыз убранное хлебное поле;
*тең>теңіз море; *қоң>қоңыз жук;*қым>қымыз кумыс
√-ық /-ік:өл>өлік мертвец, живой труп; тол>толық полный,
сполна; жет>жетік преуспевающий, эрудированный, знающий;-ас>
асық альчик, бабка; *топ>тобықнадколенная чашечка; жап>жабық
закрытый, запертый; *кет>кетік с зазубриной, беззубый; қат>қатық
густое кислое молоко; приправа к супу; *ар>арық худой, исхудалый;
*ар>арық
96
√-ыл/-іл:жас>жасыл зеленый; *дау>дауыл ураган, буря;*көң>кө-
ңіл настрой, настроение, внимание; *жең>жеңіл легкий, легковесный,
нетрудный; *сің>сіңіл младшая сестра
√-ым/-ім: қыс>қысым давление; тіл>тілім ломтик; жұт>жұтым
глоток; ұй>ұйым организация; көр>көрім прекрасный, симпатичный,
диал. некрасивый, уродливый
√-ың/-ің:жау>жауын дождь, сау>сауын 1) доение; 2) этн. приг-
лашение на пиршество, тризну (по поводу годовщины усопшего, куда
приглашенные привозят скот, кумыс, шубат и др. яства); бұ>бұуын ко-
лено, поколение, сустав; құй>құйын смерч, вихрь; тос>тосын нео-
жиданный, неизвестный; *жұл>жұлын спинной мозг
√-ың/-ің: ыз>ызың жужжанье, еле слышный звук насекомых;
қыж>қыжың надоедливый, пристающий с одним и тем же вопросом;
*ыр>ырың пары, ырың-жырың ссора, препирательство;*шыж>шы-
жың диабет, больной моченедержанием
√-ыр/-ір: жат>жатыр матка; *көп>көпір мост; *шый>шыйыр
протоптанные следы; *үй>үйір косяк, табун лошадей; *бүй>бүйір бок;
*шай>шайыр смола
√-ыс/-іс: тап>табыс прибыль, доход, приход, заработок; *қоқ>
қоқыс шлак, отбросы; *ыт>ыдыс посуда; шал>шалыс подножка; *жұм>
жұмыс работа, дело; *қам>қамыс камыш, тростник; жем>жеміс
фрукты; *кеп>кебіс калоши (самодельные); *құу>құуыс ниша
√-ыт/-іт: *шап>шабыт вдохновение, *түп>тубіт пух, козий пух;
*ум>уміт надежда; *ук>угіт агитация, уговаривание; ұу>ұуыт сила,
действие яда, отравы; *ұм>ұмыт забывание, забвение; кій>кійіт вид
подарка в обряде сватовства; *сау>сауыт кольчуга и др.
Сөзжасамдық тұлғалар ретінде оны тек қана морфемалық талдау
арқылы диахрондық тұрғыдан анықтауға болатын қазақ тіліндегі
етістіктердің құралымындағы отыздан аса сөзжасамдық моделін жіктеп,
этимологиялық түбірді анықтауға (жорамалдауға) болады.
97
Қазақ тіліндегі екібуынды етістік негіздердің
сөзжасамдық модельдері
84
1.
√ =а=// =е; ай<айа=,*бал<бала,*бөк<бөге=бөл<бөле=,*ел<е
ле=; *бұл<бұла=*үз<ұза, *жар<жара=, *тап<тапа=, *тақ<тақа=,
*тап<тапа, тон<тона=, күз<күзе= *ор<ора=, *от<ота, түз<
түзе=,*түл<түле=, т.б.
2.
√-ай//-ей-:
-ай//-ей аффиксі арқылы жасалған туынды сөздердің құрамындағы
барлық түбірлер қазіргі қазақ тілінде өлі болып табылмайды. Са-
лыстырыңыз, мысалы: келесі туынды сөздердің құрамынан да тыс
қолдануға қабілетті түбір морфемалар: аз-ай, ес-ей, ет-ей, көб-ей, күш-
ей, қарт-ай, нығ-ай, мұң-ай, мол-ай жəне т.б. Алайда семантикалық
дербестігін жоғалтқан жəне -ай//-ей аффиксінсіз қолданылмайтын
бірқатар түбірлерде кездеседі. Мысалы: *қақ-ай, *құтай, *сақ-ай, *сер-
ей, *соп-ай, *сор-ай, сіл-ей, *тыр-ай, *шош-ай, *қоқ-ай, *шоқ-ай.
Жалпы этимологиялық түбірді теориялық тұрғыдан анықтау үшін
түбірдің көлбеу дамуына сай тереңдей шолу жасау арқылы да, яғни
гомогендік қатарда реконструкциялауға болады. Мысалы: *тыр<тырай;
тырдай; тыраң; тырби=тырти. Осындай түбірлер түрінде толық
жасалмаған аффикстерді көнетүркі ескерткіштерінен кездестіруге бо-
лады. Мысалы, Орхон жазбаларындағы qut «бақыт», «бақытты», «Ди-
ванда» сақ түбірі «ақыл», «тапқырлық» мағынасын білдіреді. (ДТС. 471).
Бұл қосымшалы түбірлердің тарихи туынды болуына əсер еткен
түбірдің қазіргі тілімізде семантикасының күңгірттенуі. Сондықтан
қосымша морфемасыз дербестігін жойып, жеке сөз болу қабілетінен
айырылған бұл түбір морфемаларды ішкі реконструкция арқылы түбір-
лес басқа сөздердің құрамынан да тауып, теориялық тұрғыдан жорамал
түріндегі ортақ түбірін табуға болады. Мысалы: *сақ<сақай.
Сақ түбірі – қазақ тілінің өзінде қолданылатын сау деген дербес
сөздің фонетикалық варианты. Қыпшақ тілдеріне тəн -у мен оғыз, қар-
лық тілдеріне тəн сөз аяғында келетін -ғ дыбыстарының сəйкестігі
негізінде пайда болғант сағ//-сақ//сау варианттарының біреуі (сау-са-
уық-сауығу, саушылық, т.б.), қазақ тілі үшін дербес те, екіншісі (сақ,
сақай) - өлі түбірге айналып, дербестігін жоғалтқан.
84
Brockelmann К.Ostt?rkische Grammatik. Leiden, 1954, §37.
98
3.
√-ал//-ел//-л:
*жөн-е-л=, *жөт-е-л=, *қақ-а-л=, *шаш-а-л=, *кен-е-л=, *ом-а-л= т.б.
4. √-ар//-ер//-р:
диахрондық тұрғыдан жіктеледі, яғни осы сөзтудырушы морфема
мен жорамал түбірді біріктіреді: * без-ер, *доғар, *жіб-ер, *ит-ер, *кез-
ер, *көт-ер, *қаб-ар, *қас-ар, *қоп-ар, *қот-ар, *саз-ар, *ұз-ар, *үд-ер,
т.б.
5. √-ас//-ес//-с:
Қазіргі тілде осы етіс тұлғасы көп жағдайларда дербес түбірлерге
қосылып, ортақ етістің грамматикалық мағынасын білдіреді. Алайда
тілде тек диахрондық тұрғыдан ажыратылатын көптеген етістіктердің
құрамындағы - ас//-ес аффиксінің жіктелуі аса күрделі. Мысалы: * ад-ас,
*ал/ж/-ас, *ег-ес, *жар-ас, *күр-ес, *тал-ас, *ұл-ас, *түг-ес жəне т.б.
Осы қатардағы етістіктердің бəрі бірдей - ас, -ес тұлғасы арқылы ортақ
əрекет мағынасын білдірмейді. Мысалы, адас=, алжас=, жарас= (киімі
жарасу), ұлас=, т.б.
6. √- ба//-бе туындытүбір құрылымынан синхрондық тұрғыдан оңай
ажыратылатын қазіргі тілдегі өнімді сөзжасамдық модель –ма//-ме, -па//-
пе-нің фонетикалық варианты болып табылады. Қараңыз: * ар-ба, *тер-
бе, *көл-бе. Салыст. *жал-ма=; *қар-м=а, *сер-ме=, *шыр-ма=, т.б.
7. √- да//-де:
Қазіргі қазақ тіліндегі -ла//-ле моделі - қазіргі түркі тілдеріндегі
етістікжасамдық ең өнімді модель болса, ал -да, -де соның фонетикалық
варианты. Мысалы: * жал-да=, *аң-да=, *боз-да=, *ал-да=, *дəн-де=,
жаз-да=, *маз-да=, *мең-де, *сыз-да =т.б.
8. √-жы//-жі:
Модель бойынша анықталған осы аффикстер кездесетін тарихи
дериваттар аз емес. Олардың барлығы дерлік синхрондық деңгейде
морфемалық жіктеуге келе бермейді. Мысалы: * аб/ыр/-жы, *ал-жы,
-жыл-жы, *мы-жы, *рен-жі.
Өзінің етістікжасамдық қызметі бойынша - жы//-жі моделі -сы
//-сі, -ы//-і, -шы//-ші тұлғаларымен үйлеседі. Осы аффикс ұяң да-
уыссыз дыбыстарға аяқталатын түбірлерге жалғанады да, қимылдың
созылыңқылығын, үздіксіз қозғалысын береді.
9. √- жи:
Осы модель бойынша жасалған етістіктердің көнелігін оның
негізінен дыбыс бейнелеуіш сөздерден шыққандығын көрсетуі мүмкін.
99
Мысалы: *бақ-жи, *кір-жи, *қыр-жи, *тыр-жи, *ыр-жи, *қыл-жи,
*қон-жи, т.б.
10. √-қа/-ке//-ға/-ге:
Бұл модель де өнімділер қатарына жатпайды. Қазіргі қазақ тіліндегі
құрылымында осындай аффиксі бар етістіктер синхрондық тұрғыда
түбірлер болып саналады. Диахрондық талдау нəтижесінде анықталған
түбір морфемалар дербес мағынасын жоғалтқан. Мысалы: *бай-қа, *бұл-
ға, *бүр-ке, *был-ға, *жай-ға, *жөр-ге, *жыр-ға, *жас-қа, *қар-ға,
*қор-ға, *құр-ға, сү/й/-ке, *тай-қа, *тал-ға, *тір-ке, *шай-қа, *ыр-ға т.б.
11. √-қай//-кей:
Осы аффикс мазмұны мен тұлғасы бойынша –ай/-ей моделіне жа-
қын. Мына мысалдардан көрінеді: *аң-қай, *ең-кей, *қай-қай, *шал-қай,
*ұл-ғай=, *қай-қай=,*қал-қай=, *қас-қай=, *қи-қай=, *мар-қай=, *тоң-
қай= жəне т.б. Салыстырыңыз: шош-ай=, сер-ей=, қақ-ай = жəне т.б.
12. √-қар//-кер:
Осы тұлға –ар/-ер моделінің нұсқасы болып табылады. Мысалы:
*ай-қар=, *аң-ғар=, *ат-қар=, *құт-қар=, *үл-гер=, *ес-кер=, *көм-кер=,
*төң-кер=, *ұй-ғар=.
13. √-қи//-ки: негізінен дыбысбейнелеуіш түбірлерге жалғанады.
Бұлардың мəнінде «бірнəрсеге ұқсату», «бейнелеу» мағынасы бар.
Қараңыз: *қал-қи=, *маң-қи=, *тең-ки=, *дөң-ки=, *қас-қи=, *өң-ки=,
*тың-қи=, *шоң-қи= жəне басқалар.
14. √-қы//-кі:
Бұл аффикс жоғарыда келтірілген -қа//-ке моделінің фонетикалық
варианты ретінде етістік негіздерінің құрамында лексикаланған. Мыса-
лы: *бал-қы=, *бер-к=і, *бүр-кі=, *был-қы=, *қаң-ғы=, *қар-ғы=, *тол-
қы=, *шал-қы=, *шұл-ғы=, *шыл-қы=, *ыр-ғы=, *кер-гі=, *қал-ғы=, *сар-
қы=, *сер-гі=, *көл-к=і, *кіл-кі=, *мөң-кі=, *мүл-гі=, *мүң-кі=, *мыз-
ғы=, *ор-ғы=, *үң-гі=, *ыт-қы= жəне т.б.
15. √-қыр//-кір, -ғыр//-гір:
*а-қыр=, *аз-ғыр=*ба-қыр=, *жаз-ғыр, *жаң-ғыр=, *жым-қыр=,
*ке-кір=, *қа-қыр=, *қай-ғыр=,*қым-қыр=, *қыш-қыр=, *мың-ғыр=, *ос-
қыр=, *ө-кір=, *пыс-қыр=, *ша-қыр=, *шыж-ғыр=, *шың-ғыр=, *тү-
кір=, *түш-кір=, *ыс-қыр=.
Олар семантикалық тұрғыда бір топты құрайды. Осы модель
бойынша жасалған сөздердің өзге тобын дыбыселіктеуіш түбірлер емес,
көнеленген өлі түбірлерден жасалған бірқатар туынды (диахрондық)
100
түбірлер құрайды. Мысалы: *аз>аз-ғыр=, *жаз>жаз-ғыр=, *жаң>жаң-
ғыр=, *қаң>қаң-ғыр= т.б.
Аталған топтарды салыстыра келе, дыбыс еліктеуіш түбірлерінің
шығу төркінінің байырғы екендігін пайымдауға болады.
16. √-ла//-ле:
Бұл сөзжасамдық модель қазіргі қазақ тілінде жəне өзге түркі
тілдерінде де ең өнімді жəне белсенді болып табылады.
Сонымен қатар түбірдің қазіргі тіл деңгейінде морфемалық
жіктелмейтіндері де кездеседі. Осы дерек көптеген аффикстер кірігіп
кетуінің себебі олардың тек пассивтенуінде емес, түбір морфема се-
мантикасының күңгірттенуінде жатқандығын да айғақтай түседі. Мы-
салы: *ай-да=, *ал-да=, *аң-да=, *бау-ла=, *боз-да=, *дəн-де=, *жас-
та=, *күн-де=, *мақ-та=, *өр-те=, *сақ-та=, *сіл-те=, *тас-та=,
*ту-ла=, *ұр-ла=, *ұс-та=, *шар-ла= жəне т.б.
17. √-на//-не
Осы модель бойынша жасалған етістіктер қазір түбір сөздерге
айналған. Мысалы: *ар>ар-на, *жай>жай-на, *қай>қай-на, *тыр>тыр-
на жəне т.б.
18. √-ра//-ре:
Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық жүйедегі бұл аффикстің өнім-
сіздігінің нəтижесінде осы үлгі бойынша жасалған барлық туынды
түбірлер морфемалық жіктеуге жатпайды. *аңыра=, *божыра=,
*былжыра=, *бытыра=, *дүркіре=, *зымыра=, *зырқыра=, *жал-
тыра=, *маңыра=, *мөңіре=, *сырқыра=, *пышыра=, *ажы-ра=, *аңы-
ра=, *асы-ра=, *бау-ра=, *бүй-ре=, *еңі-ре=, *жады-ра=, *жамы-ра=,
*жау-ра=, *күй-ре=, *қай-ра=, *қаңы-ра=, *қақы-ра=, *қи-ра=, *сай-
ра=, *сүй-ре=, *тоқы-ра=, *ту-ра=, *түй-ре=, *ұшы-ра=, *үй-рен=,
*шашы-ра=, *ыды-ра=, т.б.
19. √-са//-се, сы//-сі:
*аң-са=, *ақ-са=, *жұм-са=, *көк-се=, *ұқ-са=, *күй-се=, *бор-
сы=, *бық-сы=, *қақ-сы=, *жіп-сі=, *қаң-сы, *сар-сы=, *сың-сы= т.б.
20. √-сыр//сір:
Осы модельмен жасалған етістіктер өте аз. Бұл дерек оларды
өнімсіздер қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Мысалы: *жап-сыр=,
*қау-сыр=, *қап-сыр=, *қу-сыр=, *тап-сыр=, *тық-сыр=, *ық-сыр=.
21. √-т:
101
Түркітанымдық əдебиеттерде айт= жəне қайт= етістіктері жалпы
белгілі, мұнда –т форманты сөзжасамдық мағынасын жоғалтып,
этимологиялық түбірге кіріккен. Басқа да осындай мысалдарды келтіру-
ге болады. Мысалы: *ар-т=, *бөр-т=, *жор-т=, *қор-т=, *оя-т=,
*тар-т=, *түр-т=, *тін-т=. Осы дериваттардың түбірлік бөлігі қазіргі
тілде мағыналық дербестігін жоғалтқан. Мысалы: *жор-т=. Көне ұйғыр
тілінде жо түбірі бар «шаршағанша жүру», ол М. Қашғари сөздігінде:
aya bϋktϋr ϋza jordїm - «мен тау көтеріліп, тау жоталарының үстімен
жүрдім» /МК, 1 Т. С.445/. Қазақ тілінде ол жорт=, жорық, жорға
сөздерінің құрамында кездеседі.
22. √-та//-те:
-Та//-те моделі -ла/-ле моделінің фонетикалық варианты. Мысалы:
*жас>жас-та, *мақ>мақ-та, *от>от-та, *өр>өр-те, *сақ>сақ-та,
*сық>сық-та, *сіл>сіл-те, *тас>тас-та, *ұс>ұс-та жəне басқалар.
23. √-тар//-тер, -дар//-дер:
Осы аффикстің көмегімен жасалған қазақ тіліндегі етістіктің бəрі
диахрондық тұрғыда морфемаға ажыратылған: *ақ-тар=, *ау-дар=,
*бөк-тер=, *дағ-дар=, *қай-тар=, *қаң-тар=, *той-тар=, *ұл-тар=, т.б.
24. √-ты//-ті, ды//-ді:
Егер а/е жəне ы/і модельдерін параллель тұлғалар ретінде
қарастырсақ, біз осы модельді –та//-те тұлғасының варианты деп са-
най аламыз. Мысалы: *ел-ті=, *ес-ті=, *қам-ты=, *мал-ты=.
25. √-тый//-тій, -дый//-дій:
Сөзжасамдық модель дыбыселіктеуіш моносиллабтық негіздерге
қосылып, бірдеңеге кірігу мағынасындағы етістіктерді тудырады. Мы-
салы: *бат-ты=, *быр-тый=, *мон-тый, *шол-тый=, *ыз-дый=.
26. √-тыр//-тір, -дыр//-дір:
бас-тыр=, кел-тір=, көн-дір=, күй-дір=, қал-дыр= т.б. жəне осы
қатарда, сондай-ақ этимологиясы көмескіленген түбір морфемалары
бар негіздер де кездеседі. Мысалы: *бүл-дір=, *жақ-тыр=, *лақ-тыр=,
*о-тыр=. Ғалымдар (В.Шотт, Н.И.Ашмарин, Г.Рамстедт) осы генезисті
тұр етістігімен байланыстырады.
27. √-ша//-ше:
*ек-ше=, *қор-ша=, *өл-ше=, *шар-ша=.
28. √-шы//-ші:
*теп-ші=, *ап-шы=, *ар-шы=, *қыр-шы=, *өр-ші=, *шор-шы=, *ыр-
шы=, т.б.
102
29. √-ы-//-і-:
*ар-ы=, *айн-ы=, *бек-і=, *дам-ы=, *ер-і=, *жан-ы=, *жар-ы=,
* жан-ы=, *жар-ы=, *жас-ы=, *жек-і=, *жор-ы=, *жос-ы=, *кей-і=,
*қай-ы=, *сас-ы=, *сыл-ы=, *тан-ы=, *шір-і=, *құр-ы=, *нал-ы=, *
мой-ы=.
30. √-ық//-ік:
аш-ық=, бір-ік=, өш-ік=, *ай-ық=, *бұй-ық=, *дəн-ік=, *ел-ік=, *ер-
ік=, *көр-ік=, *тор-ық=, *үр-ік=, *ір-ік=.
31. √-ыл//-іл:
ағ-ыл=, ас-ыл=, ег/к/-іл=, жаб/п/-ыл=, жай-ыл=, жар-ыл=, жой-ыл=,
*ар-ыл=, *ег-іл=, *жаң-ыл=,*жос-ыл=, *құт-ыл=, *саб/п/-ыл=, *сар-
ыл=, *сей-іл=, *түң-іл=, *шағ/қ/-ыл=, *шом-ыл=т.б.
32. √-ын//-ін:
*бағ-ын=, *бүл-ін=, *ем-ін=, *ер-ін=, *жал-ын=, *жүг-ін=, *қаб-
ын=, *өк-ін=, *сағ-ын=, *таб-ын=, *ұс-ын=, т.б.
33. √-ы//-ір:
*ай-ыр=, *аң-ыр=, *ау-ыр=, *бұй-ыр=, *ел-ір=, *ес-ір=, *жап-ыр=,
*жек-ір=, *құт-ыр=, *май-ыр=, *мүд-ір=, *сім-ір=, *сек-ір=, *сем-ір=,
*сый-ыр=, *шұб-ыр=, т.б.
34. √-ыс//-іс:
айт-ыс=, *ау-ыс=, *жар-ыс=, *кел-іс=, *көр-іс=, *қат-ыс=, өб/п/-
іс=, таб/п/-ыс=, ұғ/қ/-ыс=, ұр-ыс=, *күр-ес=, *бүр-іс=, *жаб/п/-ыс=,
*жыл-ыс=, *кір-іс=, *қай-ыс=, *қар-ыс=, *май-ыс=, *тыр-ыс=, *шат-
ыс=. т.б.
Біздің ойымызша, «Структура односложных корней и основ в
казахском языке» еңбегіндегі қазақ тілінің лексикалық байлығының не-
гізгі бөлігін құрайтын жəне 3 мыңға жуық бірлігі бар түбірлер мен
негіздердің жан-жақты талданып, сипатталуы қазақ тіліндегі екібуын-
ды туынды негіздердің құрылымын одан əрі этимологиялық рекон-
струкциялау үшін бағдарлаушы меже болып табылады.
Сонымен бірге түбір морфемалар қалыптасуының фоно-морфо-
семантикалық құрылымының көрінісі ретіндегі архетиптерді қалпына
келтіру мəселесінің зерттелу деңгейін жаңа сапаға көтерген тіл білімін-
дегі ғылыми нəтиженің бірі – түбір генезисін фоносемантикалық ас-
пектіде қарастыру.
Барлық тілдердегі сияқты қазақ тілінің де байырғы лексикасының
маңызды бөлігінің (дыбыселіктеуіштік) түбір морфемасын жаңғырту
103
барысында сөздердің дыбыстық негізі айқындалады. Бұл сипаттағы
түбірлердің шынайы табиғатын, əрі қарай даму ерекшелігін тек лексико-
семантикалық топ (одағайлар) ретінде қарау жеткіліксіз екенін тəжірибе
көрсетіп отыр.
Қазіргі тіл білімінің зерттеу нəтижелерінің негізінде қазақ тіліндегі
дыбыселіктеуіш түбірлердің дыбыстық құрылым компоненттерінің
дыбысбейнелеуіштік қызмет те атқаратыны фонетико-морфологиялық
жəне салыстырмалы-типологиялық талдау арқылы анықталады. Соның
нəтижесінде қазақ тілінің деректері негізінде алғаш рет дыбыстық
символизм жəне дыбысбейнелеуіш сөздердің номинативтік жəне эти-
мологиялық қырлары К.Ш.Хұсайыновтың монографиясында арнайы
қарастырылды.
85
Нақты айтқанда, бұл түбір жəне аффикстік морфемалары тарихи
қалыптасу барысында кірігіп кеткен дыбыселіктеуіш негіздердің
нақты тілдік деректерін сөзжасамдық модельдер жүйесі арқылы түбір
морфеманың байырғы қалпын келтіруге болады. Қараңыз: *бақ-жи=,
*кір-жи=, *қыр-жи=, *тыржи=, *қал-қи=, *маң-қи=, *тең-ки=, *ба-
қыр=, *ке-кір=, *қа-қыр=, *түш-кір=, *ыс-қыр= т.б.
Сөзжасамдық ұядағы түбірдің
этимологиялық реконструкциясы
Этимологиясы көмескіленген екібуынды негіздердің құрамындағы
«өлі түбірлерді» зерттеудің тек түркі түбірінің мəселесін, оның аг-
глютинативтік құрылымын зерттеумен қатар, сондай-ақ жалпы сөздің
негізгі тұлғасы бойынша моно-силлабтық мəселесіне де тікелей қатысы
бар. Талдау барысы екібуынды етістіктерді құраушы морфемалардың
үйлесімділігі олардың көнелігі жəне сөзжасам моделінің шектеулі
шеңберімен ерекшеленетіндігін, соның нəтижесінде олар кірігуге жəне
этимологиялары көмескіленуге бейім екендігін көрсетеді.
Ол үшін түбір морфеманы жеке алынған етістік құрылымынан емес,
қайта семантикасы жақын ортақ түбір болуы барынша айқын гомогендік
туынды түбірлердің қатарында талдау қажет.
Шын мəнінде, əрбір сөздегі түбірдің нақты мағынасын анықтау
əрекеті зерттеушіні ойдағыдай нəтижеге əкелмейді. Əдетте, нақты ма-
85
Кайдаров А.Т. Көрсетілген еңбектің қосымшасы: Қазақ тіліндегі бір буынды түбір негіздердің
сөздігі. 185-311 бб.
104
ғынаны тек негіз ғана табады, бұған қоса оның семантикалық мағынасы
əрдайым өте тар. Туынды негіздердің құрылымындағы түбір жалғанған
аффикстердің нəтижесінде нақтыланады, яғни аффикстік морфеманың
дамуы түбір морфеманың дамуына тікелей тəуелді болады. Бұл деректі
гомогендік қатар бойынша түбір морфеманы талдау процесінде қа-
дағалауға болады. Осы процесте туыстас сөздердің семантикасы мен
фонетикалық тұлғасында ортақтықтың болуы олардың ортақ түбірін
анықтауға мүмкіндік береді. Осындай талдаудың үлгісі Ə.Т.Қайдаров-
тың аталған еңбегіндегі қосымша берілген сөздікте берілген.
Бұл сөздік, біздің ойымызша, этимологиялық зерттеулерге ғылыми
əдіснамалық негіз бола алады. Себебі, ол таза этимологиялық сөздік
болмағанмен, оның мазмұнында сөздің төркінін ашатын көп мəліметтер
бар. Атап айтқанда: тарихи туынды сөздердің құрылымындағы эти-
мологиясы көмескіленген, «сүрленген» (консервацияланған), «өлі
түбірлер» жіктеледі. Жеке түркі тілдерінің ішінде жəне тіларалық
сəйкестіктерін салыстыру негізінде гомогенді моносилабтардың мор-
фонологиялық варианттары, дыбыстық сəйкестіктер, семантикалық
қозғалыстардың түп негізі анықталады, т.б.
Гомогенді етістіктер құрамындағы «өлі түбірлердің» көмескілену
деңгейі бойынша диахрондық морфемалық талдау нəтижесінде олар-
да болып жатқан процестерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
1) толық; 2) ішінара; 3) шартты.
Бірінші топқа екібуынды етістіктің құрамында тек теориялық
болжам негізінде жорамалданып қана қалпына келтірілетін өлі түбірлер
жатады. Мысалы: √ар-на=, √бал-а=, √бор-а=, √сұл-а=.
Екінші топ – бірқатар туынды негіздер құрамында қазіргі тілде
қолданылатын, бірақ қандай-да бір аффикстер жалғанбаса лексикалық
дербестігі болмайтын өлі түбірлер реконструкциясы гомогендік қатар
бойынша талдауға негізделеді:
105
а
*жаң
ғыр=;
ға
*жор
т=
ық
без
гі=
*кер
ең
дең
жи=
ім
Үшінші топ – қазақ тілінде өлі болып саналатын, ал басқа туыстас
тілдерде немесе түркі жазба ескерткіштерінде дербес түбірлер ретінде
қолданылатын түбір морфемалар. Мысалы, егер жыл-жы= құрылымынан
қазақ тілінде жіктелетін *жыл= элементі қазақ тілінде өлі түбір болып,
ал қырғыз тілінде жыл= «қозғалу», «жылжу», «жерге еңкейіп төмен-
деу»; алтайша – чыл= «сырғанау»; татарша – шыл = «жылжу», «сүріну»,
«кетіп қалу»; якутша – шыл «жорғалау» жəне т.б. толық дербес бірліктер
ретінде қолданылады.
Осы үш топ бойынша түбірлес сөздердің гомогенді қатары негі-
зінде жаңғыртылуының үлгілері :
*қаңғы=
Қарастырып отырған түбір төмендегі лексемалардан ажыра-
тылады: қаңғы=, қаңғырла=, қаңсы=, қаңтар=, қаңбақ=, қаңғалақ=,
қаңылтыр=, қаңқа=, қаңылтақ. Түбірдің жалпы мағынасы - «қаңырау»,
«жеңіл», «құрғаған».
106
*қарғы=
Біздің көзқарасымызша, құрамынан көрінетін қарғы=, қарма=,
қарпы=, қарғын, қарқын, қарқ қылу туынды сөздердің құрамынан кө-
рінетін «жылдам», «қарқын», «инерция» жəне т.б. жалпы мағынасы
жорамал түбірдің этимологиясын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
qar түбірі М.Қашғари сөздігінде «жолдың шетімен жүру, жаға-
лаулардан шығу» мағынасында келтіріледі. Қараңыз: Suv arigtan qardi
«су арнасынан шықты» /МК. ІІІ Т. С.182/.
*қауса=
Гомогенді жүйедегі қауди=, қауза=, қауқи=, қауса=, қаудыр=, қауға
туынды негіздерді морфемалар бойынша талдау қазақ тілінде дербес
қолданылмайтын түбір морфемаларды анықтауға мүмкіндік береді
(қараңыз: қау «кепкен шөп», қаудан «егістік шөбі», «түбірімен кепкен
шөп») /ҚТТС. ІІІ Т. 159 Б./. Қазақ тіліндегі қау-дан жасалған туынды
сөздер мағынасы негізінде оның «құрғақ», «кеуіп қалған», «бос» жəне
т.б. оның ең ортақ мағыналары ажыратылады.
Қазақ тілінде сондай-ақ келесі туынды ИЕ негіздерден бөлінетін
қау-дың басқа омонимдік түбірлері бар: қаула=, қауесет, қаулы, қау-
ма, қауырт жəне т.б. Олардың жалпы мағынасы «қарқынмен» жəне
«инерциямен» белгіленеді.
* өрбі=
өр сөзінен басталатын барлық туынды сөздер үшін жалпы мағына-
ны былайша тұжырымдауға болады: өрбі=, өр, өрекпі=, өре, өрле=. Осы
түбірден қазақ тілінде бірқатар туынды атаулы сөздер жасалады: өрелі,
өркен, өріс. Э.В.Севортян атап өткендей, көптеген түркі тілдерінде өр
дербес түбірі қолданылады /ЭСТЯ. 1 Т. С.542/. Ол сондай-ақ көнетүркі
ескерткіштерінде кездеседі: bulit orϋp kok ortϋldi (бұлт көтеріліп, аспан
бұлт жапты) /МК. 1 Т. С.139/. Қазақ тілінде осы түбір «көтерілуді»,
«биікті» жəне «жайылым бойынша тарап кетуді» (қой отары) білдіретін
синкретті болып табылады (Батыс Қазақстан диалектінде: Аман-есен
өрдіңдер ме? (ояндыңдар ма?)).
* шүйіл=
шүй етістік түбірін дербес қолданыста тек эпостар мен жыраулар
шығармаларында ғана кездестіруге болады. Мысалы:
107
Айдын шүйсең, тарлан шүй,
Көтерілген сона құтылмас,
Жауға кисең берен ки
Егеулеген болат өте алмас
Қазіргі қазақ тілінде, негізінен, «бар күшін жиып, екпінмен төмен
қарай бір нүктеге құлдилау» мағынасы шүйіл=, шүйлік= тұлғалары
арқылы беріледі. Осы мағынаның əрі қарай дамуы басқа да бірқатар
туынды атауларда кездеседі: шүйгін «бар құнары жиналған шөп, ет
т.б», шүйде «түйенің, қойдың майы жиналған желке тұсы (бұл арада
коннотаттық сипат бар сияқты. Себебі шүйденің денотаттық мағынасы
«жеке сырт тұсы» да Қазақ тілінің сөздігінде көрсетілген (ҚТС), 741 б.)»,
шүйке - «шаштың, иіруге дайындалған орамы». Шүйгі= «кенелу, қарқ
болу» (ҚТС, 748б.), шүйел= «жетілмей, толық өспей қалу» (ҚТС 744б.),
яғни «жиналып, өспей қатып қалу». Осы қатарда талдау барысында
«бір нəрсенің бір жерге жиналуы» деген мағынадан «сыртқа шығыңқы,
көзге түсетін» деген де мағына өрбігені байқалады. Қараңыз: 1) шүй –
«қабырғаға шеге орнына қағылған ағаш қадаша»; 2) шүй – «жер айда-
ғанда жыртылмай қалған жер» (табан)ҚТС 743-744 бб.). Олай болса,
осы қатарға жоғарыда «бір жерге ұйысып, əрі қарай өспей қалған»
деген мағынада келтірілген шүйел сөзінің тарихи даму барысындағы
бір дыбыстық нұсқасы ретінде (с~ш) сүйел сөзін де жатқызуды болжам
ретінде ұсынуға болады.
Жалпы алғанда, морфологиялық құрылымның дамуының семан-
тикалық сабақтастығы осы түбірдің сөзжасамдық қатарындағы ауыспа-
лы мағыналарынан нақты көрінеді. Ол үшін тағы да «Қазақ тілінің сөз-
дігі» деректеріне жүгінеміз: шүйле= «жану», «қайрау», «жігерлендіру»;
шүйлік= - «қадалу», «қыспаққа алу», «тиісу»; шүйір= «мұрнын шүйіру»;
шүйіркелес= «тіл табысу» т.б.
Аталған лексемаға қырғыз тіліндегі чуйлу «қырғи-тұйғын» сөзінің
жақындығы аңғарылады /ЮКРС. С.886/. Демек, жалпы мағынасы:
«шоғырлану», «жиналу» жəне т.б.
* ырға=
М.Қашқари сөздігінде берілген етістік түбірі қазіргі түркі тілдерінде
«тыныштықты бұзу», «жүргізу» сияқты жалпы мағынадағы бірқатар ИЕ-
терді туғызған: ырға= «əрі-бері шайқап қозғау»; ырғал= «əрі-бері толқу,
жайқала қозғалу», ырғы= «шошу», «селк ету» мағынасындағы /МК. 1
Т. С.72/, «екпінмен тез қарғу», ыршы= «селк етіп ытқып кету». Соңғы
108
екі етістік (ырғы=, ыршы=) М.Қашқаридың сөздігіндегі байырғы түбір
етістікке семантикалық тұрғыдан жақын, бірақ жалпы топтан біршама
ерекшеленеді. Э.В.Севортян келтірген туынды ИЕ де осы мағынаны
береді. Қараңыз: ырға= «селк ету» /ЭСТЯ. 1 Т. 660 Б./.
Ал, керісінше, алдыңғы екі етістік түбірден ырға: ұзын ырғасы;
ырғақ, ырғал: ырғалып-жырғалып т.б. туынды сөздер туған.
*адас=
Э.В.Севортян осы түбірді оның түркімен, əзірбайжан (диал.), қа-
рашай-балқан диалектісіндегі фонетикалық ұқсас азаш= «жолдан ада-
су», «адасу» тұлғасымен салыстырады жəне оны az «жолдан адасу»,
«адасу» түбірінен шығарады, ауыспалы мағынасы «мүдіру», «қателесу»
/ЭСТЯ. 1 Т. С.88./ деп көрсетеді.
Көнетүркі тілінде az түбірінен жасалған көптеген туынды түбірі
кездеседі. Бұл оның бұрынғы белсенділігі мен дербестігін көрсетеді.
Қараңыз: aza «адасқан», «жолдан адасу», az?l= «адасу», «адасып кету»
(жол туралы), azit= «жолдан тайдыру», «аздыру», azm??= «адасқан» /
ДТС, С.72-74/.
Қазақ тілінде *аз түбір сөзі тек ауыспалы мағынасында ғана қол-
данылады, ал тікелей мағынасы тек адас= туынды түбірінде қоланыла-
тын *ad фонетикалық вариантымен беріледі, сондықтан қазақ тілі үшін
ол архетип болып саналады. Көнетүркі тілінде ad көптеген туынды
түбірлерде кездеседі. Мысалы, ad?r= «бөлу», «бір-бірінен ажырату»,
«адастыру», adr?l= «қоштасу», «адасу», «бөліну», «ажырату» жəне т.б. /
ДТС. С.11-13/.
Жоғарыда келтірілген етістіктерге қазақ тіліндегі айыр=, айрыл=
етістіктерінің фонетикалық паралель болатынын түсіну қиын емес
(қараңыз: аδ?r=, aδ??=, аδr?l=, аδr??=), /ДТС. С.15-16 /.
az~ad~aδ~ай түбірлерінің жəне олардан жасалған етістіктердің
семантикалық жақындығы даусыз. Э.В.Севортян осы топқа көне
ескерткіштерде кездесетін жəне қазіргі тілдерде «адасу», «күнəһарлық»
мағынасында сақталынған jaz тұлғасын /ЭСТЯ.1Т.C.95 / жəне *жаз
түбірінен жасалған: жаза: (жаза басу), жазғыр=, жазық, жазықты
жəне т.б. қосады.
*аз нұсқасымен салыстырғанда жаз= етістігі көбінесе ауыспалы
мағынасында қолданылады, ал қазақ тіліндегі тура мағынасы тек көз
жазу тіркесінде ғана сақталған. Қара татарлардың диалектісіндегі дьас=
етістігінде «мүлт кету», «қателесу» мағынасы бар
86
.
86
Кайдаров А.Т. Структура ... 239 С.
109
Сөйтіп, адас= туынды етістігінің байырғы түбірін шамамен бы-
лайша елестетуге болады: /й/ жаз~ад~ай.
* аңқы=
Моңғол тілінде аң лексемасының «саңылау», «қуыс», «жарықшақ»
мағынасы бар. Одан аң+а= «ашық болу» етістігі жасалған. Сондай-ақ,
якутша аң «саңылау», «кіре беріс», «өткел»; ал аң+а= «ашық», қырғыз-
ша – аң «шұңқыр», «жыра»
87
/ЮКРС. С.58/. Қазақ тілінде осы мағына-
дағы аң лексемасы тек диалектіде ғана кездеседі /ҚТТС. 1 Т. 271б./.
Негізгі («ашылу») мағынамен қатар, соған сабақтас 1) «таралу»,
«шығу» (иіс туралы)) жəне 2) «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»
келтірілген мағыналары аңқы – «екпінмен, бар пəрменмен жүру, қозғалу»
(ҚТС. 40б.).
Қараңыз:
Кім жетсін тау баурынан соққан желге,
Дəл сондай аңқыды аттар жазық жерде
Тау төсін дүрсілдетіп, дүбірлетіп,
Таласты осы төрт ат Ерейменге.
Осы мағынаны сондай-ақ қазақ эпостарынан да кездестіруге болады:
Кешегі кеткен қосынға
Жетемін деп Қобыланның
Жоқ еді тіпті есінде
Бұлаңдаған Бурылмен
Артық туған Қобыланды
Аңқып жетті бесінде
88
аң түбірінің жалпы мағынасы – «ашылу», «таралу» (қандай-да бір
«саңылау», «қуыс» жəне т.б., яғни «ашық жер»).
Демек, қазақ тілінде бұл түбірдің жалаң күйінде кездеспейтінін,
тек сөзжасамдық қатардағы ортақ семантикалық арқауын байқап, ортақ
*аң түбірін жорамалдай аламыз: аңғал, аңғал-саңғал, аңқа: аңқысы кебу,
аңқай=, аңқы=,аңырай= , аңырақай «желі көп, құмайт, ашық жер» т.б.
*арба=
*ar түбірі көнетүркі ескерткіштерінде «алдау», «өтірік айту»,
«иліктіру» дегенді білдіреді. Арба= етістігінің *ar түбірімен төркіні
87
Шалкиіз жырау // Бес ғасыр жырлайды. Алматы, 19. 44-б.
88
С.Е.Малов. Памятники древнетюрской письменности. М., Л., 1961. С.362.
110
даусыз сияқты көрінеді. Солай болса да, осы етістік түбірінің эти-
мологиясына қатысты ғалымдар пікірі сан алуан. Бірқатар ғалымдар
арба= негізінің байырғы түбірі «магияны» білдіретін *ab болып табыла-
ды деп тұжырымдайды. Осындай жағдайда арба= туынды түбірін
метатеза нəтижесі деп те қарауға болады. Мұндай жағдайлар түркі тілінде
жиі кездеседі. Қараңыз: тебре?~тербе, өпке~өкпе, қақпа~қапқа жəне т.б.
Бұл тұрғыда ұқса= етістігін талдау қызығушылық тудырады.
Салыстырмалы-тарихи талдаудың көмегімен оның да метатезаға ұшы-
рағандығы анықталуда. Басқаша айтқанда, *ұқса= тұлғасын байырғы
деп санауға болмайды. Дұрысы – осқа=. Мұнда *ос түбірі осы, осындай,
осылай сөздерімен түбірлес болып табылады. Осы нұсқаға дəлел ретін-
де чуваш тіліндегі
89
ошқын «осындай», сондай-ақ алтай тілінде
90
– ошқо=
«осындай болу», «ұқсас», ошқол «ұқсас», ошқош «ұқсас» нұсқалары
қызмет етеді.
Жоғарыда баяндалған көзқарасқа байланысты арба= етістігімен
қазақ тіліндегі мынадай сөздерді түбірлес деп санауға болады: абжылан,
абдыра=, абыржы=, аптық=, абыр: абыр-сабыр, апақ-сапақ, апат,
аптап т.б.
*апшы=
Э.В. Севортян өз сөздігінде сондай-ақ av түбірінің қосымша ма-
ғынасын көрсетеді: 1) ұйғыр тілінде – «қуу», «спорт»; 2) түрік диа-
лектісінде «қуу», «қуып жіберу» /ЭСТЯ. 1 Т./. Бізге түбірдің осы мағына-
сы апшы= туынды түбіріне жақын сияқты. Семантикалық тұрғыда
бұл ойды нақтылайтын осы етістікті басқа да ИЕ-мен жақындастыруға
болады: аптық=, апыл=, абыржы=.
Сондай-ақ қазақ тілінде «əбігершілік», «қарбалас», «асығыс» жəне
т.б. жалпы мағынасындағы бірқатар туынды сөздер бар. Қараңыз: абыр-
сабыр, апай-топай,апақ-сапақ,апы кіріп күпі шықты, апыл-ғұпыл,
апыр-топыр.
*айық=
Тұлғасы түркі тілдерінің барлығында дерлік кездесетін туынды
түбірлердің, соның ішінде қазақ тіліндегі – айық= «өзіне өзі келу»;
айыр= «жару», «анықтау» т.б.; татар тілінің диалектісіндегі – айыл= «есін
жию» /ТРС. С.10/, хакас тіліндегі – айыл= «ояну», айын= «босау»,
89
Баскаков Н.А. Туба ... С.114 .
90
Пекарский Э.К. Словарь якутского языка. СПб., 1907. 1 Т. 100, С.144 .
111
«сауығу»; айығ= «есін жинау» /ХРС. С.21/, көне түркі тіліндегі аδ?γ
«сау», аδ?l=, аδ?n= «сауығу» /ДТС. С.14-15/ т.б. құрамы *ай түбірін
табуға мүмкіндік береді. Бұл түбірдің аффикстік морфемамен сіңіспеген
түбір тұлғасын Э.В.Севортян өз сөздігінде келтіреді /ЭСТЯ. 1 Т. С.113/.
* безе=
Біз қарастырып отырған негізді «əрлеу» мағынасындағы bediz
сөзімен байланысты қарастырған ғалымдардың пікірімен келісеміз.
Бұл безе= жəне bediz тұлғаларының ерекше семантикалық негізімен
дəлелденеді:
1. бедиз «өрнек» (қырғ.), бедер (қаз.)
91
;
2. bedi?=«бірлесіп əрлеу»; bediz «ою», «өрнек», «əрлеу»;
bediz= «безендіру»; bedizči «ағашты, тасты оюшы» /ДТС. С.90/.
* безер=
*без тұлғасын біз, біріншіден, чуваш тілінде
92
кездестіреміз.
Қараңыз: пис.= «салқындау», ауысп. «жатырқау», p?s?r= «қыраулану»
(p?s «қырау»). Екіншіден, татар тіліндегі – «қырау» жəне «қырау түсу»
мағынасындағы безер етістігі
93
/ТРС. С.17/.
Қазақ тіліндегі безер етістігінің мағынасы жоғарыда келтіріл-
гендермен салыстырғанда, ауыспалы деп ойлаймыз.
* бағжи=
*Бақ= түбірі А.М.Щербак көрсеткен жалпытүркілік бірбуынды
сөздердің тізімінде /ЩФ. С.195/, Көнетүркі сөздігінде /ДТС. С.81/, көне
өзбек сөздігінде /ФСЯ. С.197/, қырғыз тілінде /ЮКРС. С.68/ жəне т.б.
деректерде қара= деген мағынада кездеседі. Қазақ тілінде бақ негізі
жалаң күйінде «мал бағу», «күту», «тəрбиелеу», «өсіру» жəне «бір
нəрсені аңғару» (ізін бағу, көзін бағу) сияқты тіркестер құрамында
ауыспалы мағынада қолданылады. Дегенмен, бақыла=, бақырай= туын-
ды етістіктерінің бақ түбірімен мағыналық жақындығы байқалады.
*балқы=
«Оттың қызуынан өзгеру, жұмсару» мағынасындағы балқы етіс-
тігінің қазақ тілінде, сондай-ақ, «елту», «рахаттану», «бал-бұл жану»
сияқты ауыспалы мағынасы бар.
91
Батманов И.А. Язык Енисейских памятников древне-тюркской письменности. Фрунзе, 1959.
С.55
92
Егоров В.Г. Этимологический словарь чувашского языка. Чебоксары, 1964. С.167.
93
Л.С.Левитская. Историческая морфология чувашского языка. М., 1976. С.177
112
Э.В.Севортянның этимологиялық сөздігінде келтірілген бал тү-
бірінің басқа да мағыналарын бірге қарау қисынды сияқты: 1) жылтыр,
жарқырау; 2) жарық, шағылысу; 3) найзағай – түрік диал.; 4) шағылысу;
5) нұрлану, жылтырау; 6) шұғылалану жəне т.б. Осының нəтижесінде
Э.В.Севортян бастапқы тұлға ретінде *бал дыбысбейнелеуші негізін
көрсетеді: чувашша –пал «оттың жануы немесе түтіннің шығуы»,
қырғызша – бал-балжан= «жану», «түтіндеу» (адам туралы), ұйғыр
диал. –бал-балда= «асқақтау», «серпілу» /ЭСТЯ. ІІ Т. С.56-57/. Сонымен
бірге бал түбірінен тараған тағы бір сөзжасамдық қатарды көрсетуге
болады: бал, бала, балапан, балауыз, балауса, балбыра=, балғын, балдыз,
балдыр, балқаш, балшық. Бұл арада жоғарыда көрсетілген бал түбірі-
нің ауыспалы мағынасы айқын көрінеді.
Осы негіздерді *bal түбірінің семантикалық дамуының нəтижесі
немесе өзге омонимдік түбірден тараған деп айту қиын.
*бүлдір=
B?l түбірі М.Қашқари сөздігінде «қираған», «ескірген» дегенді
білдіреді /МК. 1 Т. С.335/. Қазақ тілінде *бүл тұлғасы қосымша
форманттарсыз кездеспейді, қараңыз: бүлдір=, бүлін=, бүлік жəне
т.б. Р.Сыздықова батырлар жырларында Бұқар жырау, Махамбет шы-
ғармаларында жəне басқа да тарихи жырларда бүлу
94
етістігінің
қолданылатынын атап көрсетеді:
Төбесінен ұрды деп,
Шырағым, атқа мін – дейді
Қалың қыпшақ бүлді – деп
Көрмегенін көрді деп,
Қобланды да жеткенді.
* сызда=
М.Қашқаридың сөздігінде siz= «ағу», «сорғалау» мағынасында
кездеседі /МК. ІІІ Т. С.182/, қырғызша – сыз= «тамшылау»/ЮКРС. С.675/.
Бұл тұлғалар мағынасы бойынша қазақ тіліндегі сыздықта=,сыздық-
тап ағу етістіктерімен жақын. Ал сыздап ауыру мағынасындағы аффикс-
сіз тұлғасы алтай тілінде кездеседі /249/
95
, қараңыз: сыс «сырқырау»,
«сүйектің сырқырауы». Қазақ тілінде сызда=«бебеулетіп, солқылдатып
ауыру, ауысп. «шірену», «менменсу», «паңдану» (ҚТС, 594)». Осы
94
Р.Сыздықова. Сөздер сөйлейді. Алматы, 1980. 47-б.
95
Баскаков Н.А. Диалект ... С. 249
113
мағынаны «ағу», «сорғалау» есімдік мағынасының семантикалық да-
муының нəтижесі, яғни ауыспалы деп тұжырымдауға болады. Қазақ
тілінде осындай бірқатар сөздерді табуға болады: сыздан= «маңғазда-
ну», «ызғарлану», сызыл= «сыпайы мінез көрсету», «кербездену»;
сызыл: сызылтып əн салу.
Қорыта айтқанда, түбір негіздер ұшыраған семантикалық өз-
герістерді, сондай-ақ зерттелетін морфемалардың құрылымдық тұл-
ғасын өзгертуде орын алған фонетикалық процестерді, оның ішінде
түркі тілдерінің арасындағы байқалып отырған осы тілдерге тəн нақты
сəйкестіктерді, сондай-ақ «шекаралық құбылыстар» ретінде дəстүрлі
анықталатын, яғни морфемалар тоғысында өтіп жатқан өзгерістерді
анықтау (оның ішінде мағыналардың тарылуы немесе кеңеюі, сөзжасам
элементінің мағынасын жоғалту жəне т.б.) морфемалық жəне модель-
дік талдау негізінде жіктелетін түбір морфемалардың этимологиялық
реконструкциясы сөздің құрылымдық дамуының объективті заңды-
лықтарын ескеру кезінде ең жақсы нəтижелерге жеткізеді.
Қазақ тіл біліміндегі этимологиялық зерттеудің
принциптеріне сай мақала үлгілері
Этимологиялық сөздік жасаудың жалпы жобасы түркология са-
ласында біршама қалыптасқан. Ол туралы қажетті мағлұматты біз
жасаған сөздіктердің үлгісінен де жəне сол сөздіктерді жасаудағы ғы-
лыми зерттеулерден де алуға болады. Бірақ кез келген мағлұмат қазақ
тілінің этимологиясын ашуға жарай береді деуге болмайды. Жалпы
мəселелерді болмаса, этимологияның нақты мəселелерін шешуге ондай
мағлұматтардың бəрі бірдей толық жарамайды.
Міне, сондықтан этимология қағидалары əрбір тіл бойынша жеке
қарауды талап етеді. Мысалы, қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтары
мен тілдік қалыптасуының басқа тілдермен кейбір ұқсастығы болса да,
оған негіз болған тарихи жəне мəдени себептері, қол жеткен өркениеті
əр түрлі. Сондықтан “Қазақ тілі этимологиялық сөздігінің” ғылыми
принциптерін жеке арап, оны дəйектейтін көрнекті тілдік деректердің
этимологиялық үлгілерін көрсетуді жөн көрдік.
Қазақ тілінің де түбір сөздерден тарайтын, жалғамалы тілдердің
тобына жататыны белгілі. Жалғамалы тілдерде түбірге жалғау-жұрнақ-
тар өз тəртібімен, бірінен кейін бірі жалғанып, түбірлер көбіне-көп
114
туынды түбір түрінде қолданылады. Ал ілкі түбірлер тілімізде мағынасы
күңгірттенген, жеке-дара қолданыла бермейтін, дыбыстық өзгерістерге
көп ұшырайтын, т.б. құбылыстарға көп душар болатын элементтер
ретінде сөз құрамында көбіне “ жасырын” күйінде тұрады.
Осы тұрғыдан қазақ тілін этимологиялық тұрғыдан пайымдап
қарайтын болсақ, түбір сөздердің бəрі бірдей, мағынасы өте кең, жеке-
дара қолданылатын элементтер емес. Біздің пайымдауымыз бойынша,
“түбір”, “түбір сөз” деп аталатын элементтердің барлығы – тіл-тілдің
бəрінде де оның даму, қалыптасу тарихымен бірге ең көне замандарда
шыққан жəне əрбір тілдік ортада тілдің ішкі даму заңдылығы мен тілден
тыс себептерге байланысты өзгеріп, қалыптасып, дамып, өзгеріп келген
құбылыс.
Бұл өзгерістердің барлығы – тілдердің тұрақтанған бүгінгі қалпын-
да əлі де сақталып келе жатқан құбылыс. Осыған байланысты қазақ
тіліндегі барша түбір сөздерді ең алдымен төрт түрлі топқа бөліп қарау-
ға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |