Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет30/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   144
«Қызықты  этимологиялар».  Біз  бұл  атауды  əзірге  шартты 
түрде,  орыс  тіліндегі  «занимательная»  сөзінің  баламасы  ретінде  алып 
отырмыз.  Бұл  топқа  негізінен  газет,  журнал  (ғылыми  журналдардан 
басқасы) беттерінде жарық көрген материалдар жатады. Бұл мақалалар 
қалың көпшілік қауымға арналғандықтан, ондағы материалдың берілуі, 
терминологиясы, ғылыми аппараты ғылыми басылымдағы еңбектерден 
өзгешеленіп тұрады. Сөздіктер мен түрлі жазба ескерткіштерге сілтеме 
беру,  өзінен  бұрын  айтылған  пікірлерге  сүйеніп,  олардан  сілтеме 
келтіру  жағы  өте  аз,  шектеулі  болады.  Сондықтан  бұл  еңбектер  ав-
тордың  «өз  тілімен»  көпшілікке  түсінікті  түрде  жазылады.  Əрине,  бұл 
еңбектерден ғылыми тереңдік іздеп, оны талап ету мүмкін нəрсе емес. 
Бұдан  «қызықты»  этимология  қажетсіз  дүние  деген  де  ұғым  тумау 
керек.  Біз  «халықтық»  этимологияны  ғылыми  этимологияға  қарама-
қарсы  қойып,  көбінше,  оны  мансұқ  қылсақ,  ал  «қызықты»  этимология 
ғылыми  этимологияның  көкжиегін  кеңейтіп,  оның  жетістіктерін  үлкен 
айналымға шығарып, қалың бұқара арасына таратар, өте қажетті «елші» 
сала.  Осындай  мақсатта  жазылған  қызықты,  ғылыми-көпшілік  қолды 
туындыларға  (занимательная,  научно-популярная  литература)  жастар, 
əсіресе  мектеп  оқушылары  сусап  отыр.  Бұл  салада  Р.Ғ.Сыздықованың 
«Сөздер сөйлейді»
40
 атты кітабынан басқа еңбектің атын да атай алмай-
мыз.  Этимолог-ғалымдарымызды  осы  салада  да  жүрілмеген  жолдар 
мен  көтерілмеген  тыңдар  күтіп  тұр.  Бұл  салада  орыс  тіл  біліміндегі 
атқарылып жатқан шаруалар баршылық.
39
С.Мұқанов. Жарыссөзде сөйлеген сөзі. Тіл мəдениеті жəне баспасөз. Алматы: Ғылым, 1972, 
134 б.
40
Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді (мұғалімдер мен студенттерге арналған көмекші құрал). 
Алматы: Мектеп, 1980, 126 б.


49
Мектеп  оқушыларына  арналып  шығарылған  этимологиялық  сөз-
діктермен
41
  қатар,  олардың  қосымша  оқып,  ой-өрістерін  ұлғайтуға  ар-
налған  ғылыми-көпшілік  қолды  ондаған  кітап  соңғы  жылдардың  өзін-
де жарық көрді
42
.
Кезінде  «Білім  жəне  еңбек»  журналы  жəне  қазірге  дейін  «Қазақ 
əдебиеті»  газеті  ұзақ  жылдардан  бері  тіл  тарихына,  оның  ішінде  жеке 
сөздер  этимологиясына  байланысты  материалдарды  жариялап,  басып 
келеді. Əсіресе «Қазақ əдебиеті» газетінің «Толғауы тоқсан қызыл тіл» 
рубрикасының мүмкіншілігі өте мол. Тек ескерер бір жайт, жүз мыңда-
ған  оқушысы  бар  газеттің  сенімін  ақтап  əрі  газеттің  беделін  түсірер, 
артық-кем, ұшқары пікірлерге тосқауыл боларлық мекеме (мəселен, Тіл 
білімі  институты)  маман  адамдардың  (газет  қызметкерлері  арасында 
лингвист-ғалымдар жоқ) бекітілгені құба-құп болар еді. Бұл орайда бір 
кездері  «Қазақстан  əйелдері»  журналы  ұйымдастырған  «Тіл  төркіні» 
(материалдар  академик  Ə.Т.Қайдаровтың  редакциясымен  жариялана-
ды)  рубрикасы  іспетті  шаралардан  көп  нəрсе  үйренуге  болар  еді.  Осы 
бөлімнен 1982, 1983 жылдары  жарияланған  материалдардың  дені  дə-
лелді,  сапасы  жағынан  ғылыми  этимологияларға  жақын  болып  келеді. 
Құр жорамал, ғалымдар талқысына салынар пікірталастардан ада, айтар 
ойы  тиянақты,  факті,  дəлелі  көп  мақалаларды  қалың  оқырман  қауым 
əрқашан  сүйсіне  оқиды.  Соңғы  кезде  «Жұлдыз»  журналы  «Алтыншы 
дəптер»  деген  бөлім  ашып,  тіл  тарихы  мен  этимологияға  қатысты 
материалдарды  көптеп  жариялай  бастады.  Этимологиямен  айналысып 
жүрген  ғалымдарымыз  осы  мүмкіншіліктердің  бəрін  толық  пайдалана 
білсе, «қызықты» этимология тек насихат құралы ретінде ғана өмір сү-
ріп қоймай, ғылыми этимологияның құрамдас бір бөлігіне айналар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет