Алматы «Сардар» баспа үйі


СҮЙЕК // САЙ-СҮЙЕК‚  СҮЙЕК-САЯҚ



Pdf көрінісі
бет90/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   144
СҮЙЕК // САЙ-СҮЙЕК‚  СҮЙЕК-САЯҚ  сай‚  саяқ  сөздері  сой 
түбірінен  туындаған  болар  деп  ойлаймыз.  Өйткені  бұл  сөздер  бұрын-
нан қолданылған. Қалнияз ақын: 
“Бұралып өсер бой қайда‚
Бұрынғыдай сой қайда? ...” – десе‚ Бала Ораз:
“... Падишаның сойындай‚ 
Қашаннан болат сүйегің”‚ дейді. 


152
Ендеше‚ сай-сүйегім деген тіркестің алғашқы тұлғасын сой-сүйегім 
болуы керек. Сонда сай‚ сой дегеніміз «сүйек» деген ұғым береді‚ сай-
сүйегімдеген  қос  сөздің  мағынасы  “сүйек-сүйегім”  болып  шығады. 
Тіліміздегі  “мал  сой”  деген  тіркес  те  “малдың  мүшелерін  жіліктеу»‚ 
яғни  «сүйекте»  деген  ұғым  білдіреді.Сой  түбір  сөзінің  қазақ  тіліндегі 
жергілікті  қолданысы  мен  жыраулар  тіліндегі  архетиптік  мағынасы 
да  «Арғы  заты,  тегі,  сүйегі»  деген  мағынаны  білдіреді:  Бір  тəңірден 
болмаса,  кер  келмес  деп  жүр  едім,  Нағашым  жүйрік  сен  едің,  сойыңа 
тартқан мен едім (Ақберен); Мен кескекті ердің сойылын, Кескілеспей 
бір  басылман  (Махамбет) [Қазақ  əдеби  тілінің  сөздігі, 13-том, 236; 
(Қараңыз: Р.Сыздықова «Сөздер сөйлейді»)]. 
ƏЙЕЛ К.К.Юдахин құрастырған “Қырғызша-орысша сөздікте” (1965 
ж.) аял сөзіне “женщина” деген түсінік беріліп‚ араб тілінен екендігіне 
белгі соғылған. Өзбекше бұл сөз - ая‚ түркіменше - аял. 1970 жылы проф. 
Х.Х.Баранов  жасаған  “Арабша-орысша  сөздіктің” 677-бетінде  ғақаил 
тұлғалы  сөздің  екі  түрлі  мағынасы  бар - 1) жұбай‚  əйел; 2) ерге  тиген 
əйел (дама)‚ ханым (госпожа). Ғақайл сөзі түрк тілдеріне ауысқанда “ғ” 
дыбысы  түсіп  қалып‚  ақаил  шығады.  Түрк  тілдерінде  сөз  ортасында 
дыбыс түсіп қалатынын ескерсек‚ ақайл-дың аайл болып айтылып‚ одан 
əрі қазақ тілінде “əйел” түріне жеткен.
ҚАТЫН Эвенкілерде катун – «үй иесі əйел»‚ «батырдың‚ басшы-
ның  əйелдері»‚  эвендерде:  хотун – «үй  иесі  əйел»;  неждальдарда  ка-
тон – «ауыл ағасының əйелі».
Түркі тілдеріне жақын моңғол тілінде 1) хатуын – «ақсүйек əйел»‚ 
буряттарда хатан – «ақсүйек əйел»‚ «патша əйелі»; қазіргі моғолдарда 
хатан бурят тіліндегі мағынада қолданылады; қалмақша хаты – «ақсү-
йек əйел» [ССТМЯ I‚ 3-385].
Саха тілінде: хотун – «ақсүйек əйел» [48, 116] мағынасында. Өзбек 
тілінде: хотин - əйел [УзбРС, 150]. Ежелгі түркі жазба ескерткіштерін-
де  катун - “ақсүйек  əйел‚  текті  тұқымнан  шыққан  əйел‚  билеушінің‚ 
атақты  адам  əйелі”  делініп  мысал  келтіріледі: “Ұмай  сияқты  менің 
анам - катун‚ соның ұлылығының арқасында менің інім Күлтегін деген 
батырлық атақ алды” [ДТС, 436]. Қазақтан басқа түркі тілдерінің көбін-
де бұл сөз бастапқы текті мағынасында - қатын түрінде қолданылады. 
Тұңғыс-мəнжур тілдерінің кейбіреуінде осы тұлғалас қатлиқ неме-
се  қатлин  сөздері  “дос‚  өмір  серігі”  дегенді  түсіндіреді  [ССТМЯ I‚ 3]. 
Сөйтіп‚ сөздің алғашқы түбірі - қат болар да‚ тұңғыс мағынасы - “дос‚ 
өмір серігі” болса керек. 


153
ЖОСЫҚ«Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі»  бойынша  бұл  сөздің 
мағынасы – «ырым»‚ «салт»‚ «жөн»‚ «ыңғай»‚ «заң»‚ «ереже»‚ «қылық»‚ 
«мінез». “Сатым  бетіне  қараса‚  жөн  жоқ‚  жосық  жоқ ... ыржияды” 
(Ж.Нəжімеденов,  Ақ  шағыл).  Кейде  “жөн”  сөзімен  тіркесе  қолданы-
лып‚ “жөн-жосық” қос сөзінің құрамында да кездеседі.
Қырғыз  тілінде:  жосун - “тəртіп”‚ “ереже” [КиргРС, 263]‚ тува 
тілінде:  езу – «дəстүр» [РусТС, 327]‚ башқұртша:  йосок - “тəртіп” 
[БашРС‚ 227].
Демек,  сөз  төркінін  моңғол  тілінен  деп  қарауға  болатын  сияқты. 
Моңғол  тілінде:  ес - (йос) – «əдет»‚ «салт»‚ «дəстүр» [МонғҚС‚ 87]. 
Бурят тілінің кейбір говорларында: йосо - “дөстүр”. Моңғол тіліндегі осы 
сөздің  басқа: “төртіпсіз”  сияқты  мағынасы  қазақ  тілінен  сол  қалпында 
орын  алғандығын  жосықсыз  сөзінен  де  аңғару  қиын  емес. “Төртіпсіз” 
мағынасының орнына кейде “жосықсыз” сөзі қолданылып‚ тиісті мағы-
на иеленеді.
Сонымен, моңғолдың ес сөзі‚ түрк тілдерінде “дəстүр” мағынасын 
меншіктеген.
ҚОБЫЗ  Ертедегі  түрк  жазба  ескерткіштерінде  қобы  кейде  қовы 
тұлғалы  сөздер  қазіргі  тіліміздегі  “қуыс”‚ “бос”  мығыналарын  берген. 
[ДТС, 451‚ 461]. Сол кездің өзінде іші қуыс ыдыстарға қова (“шелек”‚ 
“күбі”)  сияқты  атаулар  берілген.  Қазіргі  əңгіме  болып  отырған  қобыз-
дың  өзі  М.Қашқари  заманында  да  қобуз  дыбыстық  құрамында  қол-
данылған [ДТС‚ 451].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет