ДАРДАЙ. Қодардың өзі дардай, сөзі дардай, Жүреді жанның
бəрін көңіліне алмай (Батырлар жыры). (Дап-дардай, еңгезердей, сома-
дай, соқтандай, сойдауыттай) Үп-үлкен бола тұрып, дəу, дөкей бола
тұрып деген мағынада қолданылады. «Еңсесі биік үлкен» дегенді
қырғызша – «Дардайған чоң үй» дейді [ҚТФС, 142]. Түрікменстан,
Ташкент тұрғындары дар деп үйдің төбесіне көлденең салынатын,
негізгі ауыртпалықты көтеріп тұратын бөренені атайды, ал Өзбекстан,
Ташкент тұрғындары есік алдына кір жаю үшін керілген жіп не көлденең
тасталған ағашты атайды [ҚТАС, 183]. Біздің түсінігімізше, бұл сөз
биіктікті білдіреді. Ал адамға қатысты айтылғанда оның дене бітімінің
үлкендігі емес, оның атақ-дəрежесі, лауазымы жоғары деген мағына-
да жұмсалады.
Ал Ə.Нұрмағамбетовтің зерттеуінде дардай сөзіне мынадай анық-
тама берілген: «Сөз төркіні боларлық тұлғаны түркі тілдері ішінен
туваларда ғана кездестіреміз: дарға – бастық (лауазым) [РусТС, 2]. Басқа
түркі тілдерінен бұл іспеттес сөз кездеспеуіне қарағанда, туваларға
монғол тілінен ауысқандығы байқалады. Монғолдарда да «бастық»
мағынасын «дарға» тұлғасы бере алады [МонғҚС, 75 б.; ҚазМС, 56].
Осы тұлға қазақ тіліне ауысқанда монғолдарға тəн -га жұрнағы түсіріліп,
оның орнына тілімізде ұқсату, сол іспеттес деген мағынаға мезгейтін
–дай қосымшасы жалғанып «дардай» тұлғасына дейін жеткен деуге
болады. Əрі ой елегінен өткізсек те, өзін зор тұту, қоқилану сияқты мінез
көрсету, лауазым жағынан алғанда, бастықтарға тəн қасиет екені белгі-
лі. Сонда, «дардай» сөзіміз түсініктірек айтқанда, «бастықтай» деген
болып шығады» [38, 67-68].
Достарыңызбен бөлісу: |