Құрамында -дай, -дей жұрнағы бар атаулардың этимологиясы
Тілдегі сөз байлығының белгілі бір деңгейде тұруына, сөйтіп, оның
қоғамдағы коммуникативтік қызмет атқару міндетін ақтауына екі түрлі
себеп болады: бір жағынан ол жаңа пайда болған, сырттан енген ауыс-
түйіс сөздер арқылы байып, толығып жатса, екінші жағынан қажетті
өтеп барып, көнерген, ескірген сөздердің есебінен азайып отырады.
Тілдің табиғатына тəн осы бір толассыз қимыл-қозғалысты, өзгерісті
мүжілуді ағза клеткаларындағы болып тұратын «өлу-тірілу», «жаңала-
ну» процесімен салыстыруға болатын тəрізді.
Көнерген, ескірген сөздердің бəрі бірдей біржола қолданыстан
шығып қалмайды: олар бейне бір тіл тұлғасындағы ескінің елесі, көне-
нің көзі іспетті өз нақыш-сəнімен, өз жарасымдылығымен көпке дейін
сақталып қала береді. Бүгінгі буындардың біле бермейтін ана тіліміздің
сыр-жұмбағы дегенде, біз оқырмандарды тілдік қордың осы жақтары-
на мегзейміз, оның осындай ерекшеліктеріне назар аударамыз.
158
Демек, тілдің сөздік құрамы үнемі өзгеріп отырады. Тілде бір
қыдыру сөздер ескіріп, қолданыстан шығып жатса, кейбір сөздер тілге
еніп оны толықтырады. Біздің күнделікті тілдік қорымызда өткен өмірді
бейнелейтін сөздер мен сөз тіркестері көптеп кездесетіні белгілі. Бірақ
та олардың біразы күнделікті қарым-қатынаста айтылса да, бəрі бірдей
бүгінгі ұрпаққа айқын бола да бермеуі мүмкін. Олардың арасында
қолданыс аясы тарылып, о бастағы мағынасының күңгірттеніп, не мүл-
дем ұмыт болғандары да аз емес. Бұлардың этнографиялық мазмұнын,
дəстүрлік қолданысын зерттеу этнолингвистиканың үлесіне тисе, тілдік
табиғаты мен даму заңдылықтарын этнолингвистика деректеріне сүйе-
не отырып тарихи лексикология анықтайды.
Ұлттық болмыстың нышанын танытатын тіл деректерінің ана тілі
төріндегі құндылығын тілші-ғалым Р.Сыздық өз еңбектерінде жан-
жақты талдап көрсеткен. Автор: «Көнеден келе жатқан образдарды
пайдалануға, ескі тұрмыс-салтқа байланысты бұл күнде ұмыт бола
бастаған немесе мүлде ұмытылған я болмаса мағынасы өзгерген сөздер
мен сөз тіркестерінің кездесуі табиғи да заңды. Сондай сөздердің сырын
біліп, қолданылған жеріндегі мағынасын түсіну, олардың түп-төркінін
танып отыру өте қажет деп білеміз» [29, 5] – дейді.
Кейбір сөздердің тілдегі қолданыс белсенділігі, заманға сай өзек-
тілігін жоғалтып жатады, тіпті қолданыстан шығып қалып жатады.
Уақыт талабына, заман ағымына байланысты кейбір сөздерді өте жиі
естіп жатамыз.
Қазіргі тіліміздің нормасы тұрғысынан қарағанда мұндай сөздердің
құрамында бірқыдыру лексикализацияланған элементтер кездеседі. Лек-
сикализация процесінде дербестігінен айрылған сөздер қазіргі уақытта
өзінің заттық мағынасынан мүлдем қол үзіп, алшақтап кеткендігі
байқалады.
Бірақ соған қарамастан, олардың тіліміздегі белгілі бір құрылымы
арқылы ғана сақталып қалатынын, мысалы, -дай//-дей, тай-//тей жұр-
нағы арқылы жасалған теңеулік сипаттағы атаулардан көреміз. Бұл
туралы «Структура односложных корней и основ в казахском языке»
деген еңбегімізде былай деп көрсеткенбіз:«Каждый тюркский язык
может оказаться как в роли хранителя архаичного мертвого элемента,
так и хранителя этих же элементов, но уже функционирующих вполне
самостоятельно в виде односложной корневой морфемы. Консервация и
этимологическое затемнение корневого элемента в структуре двух слож-
ных производных основ имен происходят не только в синтетических, но
159
и в аналитических моделях словообразования, где вторыми компонен-
тами выступают превратившиеся в силу своей регулярности не только
в так называемые суффиксоиды, но и в самостоятельные лексические
единицы. √-тай/-тей/-дай/-дей в казахском языке, так же как и другие,
подвергает консервации односложные корневые морфемы: *түй>түйдей
Достарыңызбен бөлісу: |