ДҮЛДҮЛ. «Дүлдүл» - (арабша – «Дул-Дул») – Хазірет Əлінің
талай шайқасқа мінген атының есімі. Дүл-дүл шындығында, жылқы мен
есектің буданы қашыр болатын. Мұсылман бейнелеу өнерінде Хазірет
Əлінің мінген Дүл-дүлі қашырға тəн ерекшеліктерімен (ұзын құлағы,
үлкен басы) бейнеленеді. Ерлігімен аты шығып, аңызға айналған,
мұсылмандар арасында əулие саналатын Хазірет Əлінің аты да қасиетті
сипатқа ие болып, жүйріктің символына айналды. Мұсылмандыққа еніп,
Хазірет Əліні пір тұтқан казак батырлары өз тұлпарларын да «дүлдүлге»
теңейтін. Сөйтіп пырақ, дүлдүл сөздері жүйріктіктің символы, жүйрік
аттардың эпитеттері, теңеулері болып қалыптасты.
Антропоөзектік бағыттың тіл~ұлт,
тіл~мәдениет сабақтастығына негізделген қағидасы:
Қазақ тілі этимологиясынан этюдтер
Бүгінгі таңда еркін дамып, толыға да, молыға түскен қазақ тілінің
сөз байлығын, оның сан алуан сыры мен сипатын жан-жақты зерттеу,
табиғатына үңіле, өзіндік ерекшелігін анықтай беру – сол тілдің қа-
дір-құрметін біле-білген жанкүйер қауымның зерделі де, зейінді сөз
зергерлерінің, əсіресе, тамырын тап басып, табиғатын танитын тіл
мамандарының алдында тұрған жауапты да ардақты міндеттердің бірі.
Оның үстіне, халқымыздың баяғы заманнан бері көне тарихын арқалап,
оның барша рухани-мəдени өмірінен сыр шертіп, ұрпақтан ұрпаққа,
атадан балаға ауысып келе жатқан асыл мұра –ана тіліміздің тұла бойын-
да əлі де талай сыр жатыр, біз үшін беймəлім жұмбақтар аз емес.
Ана тіліміздің сол тілде сөйлеуші қауымға, тіпті, оны жіті білетін
ділмар-шешендерге де, сөз өнерін машық еткен зергерлерге де белгісіз
жақтары аз емес. Жеке сөздің немесе сөз тіркесінің, мақал-мəтелдердің
193
тіл қауымындағы қолданылатын, беретін лексикалық мағынасы, жалпы
мазмұны жұрттың бəріне таныс болуы мүмкін. Бірақ осы ыңғайда
қолданылған кейбір сөздерді жеке-дара алып қарайтын болсақ, олар-
дың лексикалық, грамматикалық жəне басқа сөздерге қатыстық ма-
ғынасын ажырату, тұлғалық жағынан түстеп тану, шығу төркінін анық-
тау, тілдік табиғатын ашып беру – кез келген адамның қолынан келе
бермейтін дүние. Сөзіміздің дəлелді болуы үшін мысал келтірейік.
Мəселен, қазіргі қазақ тілінде күнделікті қолданылып жүрген мына
тəрізді тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мəтелдерді алайық: жұрдай
болу, түйдей жасты, міз бақпау, мысы құру, сағы сыну, ту сырт, қоқан-
лоқы, оқасы жоқ, қан базар, зығырданы қайнау, құрақ ұшу, азабойы қаза
болу, сөзге қонақ бермеу, үл болмасаң, бүл бол; басы бапандай, аяғы сапан-
дай//басы – бапан, аяғы – сапан; бармасаң бадал, қара жерге қадал;
жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты; құмырсқаның да
сауыры бар; оралыңның барында ойна да күл; байтал түгіл, бас
қайғы; қонақ кəде; арыстанның аузында, түрікпеннің түбінде, сayран
айналып келу; бəледен машайық қашыпты,т.б. Дəл осы тəрізді факті-
лерді жүздеп келтіруге болады.
Бұл сөздердің мағынасы əр түрлі себептермен күңгірттелінген,
сөздің өзі сақталса да, халықтың есінде, жадында оның бір замандағы
айқын-анық лексикалық мағынасы ұмыт болған.
Осы тəрізді сөздерді мұндай «жағдайға» келтірген обьективтік
себептердін бірі –тұрақты тіркес шеңберімен шектелуіне байланысты,
олардың тілдегі қолданылу жиілігінің азаюы. Сирек қолданылуының
салдарынан бұл тəрізді сөздердің лексикалық мағыналары күңгірттенеді,
бара-бара архаизм категориясына ауысып, этимологиялық объектіге
айналады. Жеке лексикалық элементтердің кейінгі буындар үшін
ұмыт бола бастауына екінші бір себеп – олардың тұлғалық, дыбыстық
өзгерістерге душар болуы. Бұл жағдай көбінесе шеттен кірген кірме
сөздерде байқалады. Тұлғалық, дыбыстық өзгерістер де мағыналық
өзгерістер тəрізді, белгілі морфологиялық жəне фонетикалық
заңдылықтар негізінде пайда болып отырады.
Бірақ тілдің лексикалыққұрамындағы өзгерістердіңөзіндік бір
ерекшеліктері де жоқ емес. Көнерген, ескірген сөздердің бəрі бір-
дей біржола қолданыстан шығып қалмайды: олар бейне бір тіл тұл-
ғасындағы ескінің елесі, көненің көзі іспетті өз нақыш-сəнімен,
өз жарасымдылығымен көпке дейін сақталып қала береді. Бүгінгі
194
буындардың біле бермейтін ана тіліміздің сыр-жұмбағы дегенде, біз
оқырмандарды тілдік қордың осы жақтарына мегзейміз, оның осындай
ерекшеліктеріне назар аударамыз.
Бұл тəрізді сөздердің төркіні мен сырын ашу үшін жобалап айтып,
тұспалдап соғудан да, байыпты түрде жүргізілген ғылыми зерттеулер-
дің, тарихи-салыстырма əдістің ең тиімді, нақтылы жақтарын пайдала-
на отырып жасалған этимологиялық талдаулардың маңызы зор деп
білеміз. Айта кететін бір жағдай, аталмыш əдісті қолдану дегенді біз тек
құр фактіге сүйену ғана деп білмейміз. Бұл жерде ең абзалы – əрбір тіл-
дік фактінің астында жатқан семантикалық, фонетикалық, морфология-
лық, стильдік, тарихи-этнографиялық, т.б. социолингвистикалық заң-
дылықтарға сүйену.
Осы тұрғыдан қарастыра келіп, біз оқырмандар назарына қазақ тілі
этимологиясынан бірнеше этюдтер ұсынбақшымыз. Олар, негізінен,
фразеологизмдер құрамында кездесетін –дай/-дей формалас сөз тіркес-
тері мен мақал-мəтелдерде ұшырайтын мағына жағынан күңгірттен-
ген, дербестігін жоғалтқан кейбір сөздер негізінде жасалмақшы.
Достарыңызбен бөлісу: |