Алматы «Сардар» баспа үйі


Фразеологизмдер  құрамындағы  мағынасы  күңгірттенген  сөз-



Pdf көрінісі
бет134/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   144
Фразеологизмдер  құрамындағы  мағынасы  күңгірттенген  сөз-
дерден  этимологиялық  этюдтер.  Мысалы:Мысы  құру  фразеологиз-
мінің жалпы мағынасы елдің бəріне де түсінікті. Сонда мысы дегеніміз 
не?  Бұл  сөз  осы  тұрғанында  тəуелдік  форма  түрінде  келгендіктен, 
оның  негізгі  түбір  тұлғасы  мыс  болмақшы.  Бірак  бұл  мыстың  «медь» 
мағынасындағы  «мыспен»  еш  қатысы  жоқ.  Қазақ  тілінде  мыс  тек  осы 
фраза  құрамында  ғана  сақталып  қалған  да,  оның  бұрынғы  лексикалық 
мағынасы  ұмыт  болган.  Алайда  бұл  сөздің  көне  түркі,  бірқатар  қазіргі 
түркі тілдерінде де əр түрлі фонетикалық тұлғада (біс ~ быс ~пыс ~ мыс 
~ міс,т. Б.) сақталып, о баста да, қазір де пышақ, қылыш, селебе тəрізді 
кесетін  аспаптардың  өткір  жүзін  білдіретіндігін  тарихи-салыстырма 
əдіспен  толық  дəлелдеуге  болады.  Сонда  тіліміздегімысы  құру//  мысы 
қайту  фразалары  басқаша  айтқанда,  «жүзі  қайту,  жүзі  қайырылу, 
мұқалу»  деген  нақтылы  мағынаның  негізінде  жасалып,  идиоматикаға 
айналған.  Ол  «амалы  таусылу», «беті  қайту», «айла-шарғысы  жет-
пеу», «амалсыздану» тəрізді мағыналарда қолданылғандықтан, о бастағы 
«жүз» мағынасынан мүлдем алыстап кеткен жəне ұмыт болған.
Біз  сөз  етіп  отырған  мыс  сөзі,  сонымен,  түркі  тілдерінің  өзіне 
ғана  тəн  төл  түбірі.  Оның  арғы  төркініне  барсақ,  тілімізде  күнделікті 
қолданылып  жүрген  пышақ,  пішу,  пішен  тəрізді  сөздердің  өздерімен 


195
тарихи  түбірлес  екенін  көреміз.  Басқаша  айтқанда,  мыс  та,піште  бір 
түбірден  өрбіген  сан  алуан  этимологиялық  варианттардың  бір  көрініс-
тері  ғана.  Дəл  осы  сөз,  мысалы,  қазіргі  ұйғыр,  тува,  т.  б.  тілдерде  бис 
түрінде жеке-дара қолданылып жүр. Бұл түбір сөз түркі тілдерінде етіс 
жəне  етістік  мағынасында  қатар  айтыла  беретін  көне  синкретикалық 
түбірлер  қатарына  жататыны  өзінен-өзі  көрініп  тұр:піш  бірде  пышақ-
тың жүзі, кесетін жағы да, бірде кесу, пішу қимылының өзін білдіріп тұр.
Ал  этимологиялық  талдауды  ары  қарата  тереңдете  түссек  піш/
біс  түбірлерінің  өзі  Махмұт  Қашғари  заманында  туынды  түбір  болып 
есептелген;  көне  ұйғыр  жазу  ескерткіштер  тілінде  бі [bi] «пышақтың 
жүзі,  пышақ  сияқты  аспап»  мағынасында  қолданылған.  Мəселен,  bi-
bїčpu деген қос сөз «қол қаруы» (холодное оружие) деген мағынада жиі 
кездесетіндігі  ғалымдарға  мəлім (Uig. II 59
4
).  Егер  бес  ғасыр  бұрын  бі 
деген  сөз  пышақтың  кесетін  жүзін,  пышақ  тəрізді  қаруды  білдірсе, 
кейінгі дəуірлердегі пыш ~ піс ~ быс ~ біс ~ мыс ~ міс тəрізді тұлғалар
с//-ш  форманты  арқылы  жасалған  туынды  түбір.  Дəл  осы  дəуірде  олар 
қимылды да, затты да білдіретін синкретикалық қасиетке ие болған. Мыс 
түбірінің тарихы, міне, осы.
Оқасы  жоқ  немесе  Еш  оқасы  жоқ.  Бұл  фразеологизмнің  жалпы 
мағынасы  бəрімізге  де  түсінікті.  Бірақ  осындағы  оқасы  деген  қандай 
сөз,  қандай  сөздермен  қатысты?  Ол  жағы  біздерге  беймəлім.  Оны  тек 
туыстас тілдердің дəл осы тəрізді фразеологизмімен салыстыру арқылы 
ғана  анықтауға  болатын  сияқты.  Мысалы,  қазіргі  ұйғыр  тілінде  һеч 
вəқəси йоқ тіркесі бар. Ол да «абыржуға, алаң болуға тұрарлық уақиға 
болған жоқ» деген мағынада қолданылады. Сонда бұл фразеологизмдер 
құрамындағы оқа >оқа + сы (қаз.) мен вəқə >вəқə + си (ұйғ.) екеуі бір 
сөз  жəне  ол,  пайымдап  қарасақ,  араб  тілінен  ауысқан  v?q’i?сөзінің 
қазақ  жəне  ұйғыр  тілдерінің  фонетикалық  жүйесіне  сай  өзгеріске 
душар  болған  екі  түрлі  варианты  болып  саналады.  Басқаша  айтқанда, 
бұл  сөздің  екінші  буынындағы  [айн] –жоғарыдағы  тілдерде  бірде  [ғ] 
дыбысы  түрінде  қалыптасса,  бірде  мүлдем  айтылмай,  түсіп  қалуына 
байланысты екі түрде қалыптасқанын көреміз: қазақ тілінде –оқиға жə-
не оқа, ұйғыр тілінде –вəқиə жəне вəқə. Бұлардың екінші варианты ауы-
сып,  тіл  дəстүріне  байланысты  жоғарыдағы  фра зеологизмдер  құра-
мында ғана сақталғанын көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет