Алматы технологи



бет1/4
Дата11.05.2022
өлшемі6,72 Mb.
#142652
  1   2   3   4
Байланысты:
ТШИ 19-14 Ізімбергенова Гүлнұр СРСП (копия) (копия)




«Алматы технологиялық университеті» АҚ

«Дизайн, текстиль және киім технологиялары» факультеті


«Бұйым және тауар технологиясы мен конструкциясы» кафедрасы

Тақырыбы:Маусымаралық әйелдер пальосын дайындаудың технологиялық процесі



Орындаған: Ізімбергенова Гүлнұр
(3-подгруппа)
3-курс, ТШИ 19-14
Мамандығы: 6B072004,
Тігін бұйымдарының технологиясы.
Тексерген: Кучарбаева К.Ж.

Алматы. 2021



1)Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге мүдделі. Киім адаға ең қажетті зат болып табылады. Сондықтан да оған қойылатын талаптар күннен күнге өсіп отырады.
Жаңа киім моделін орындау суретші, модельер, конструктор, технолог мамандарының шығармашылық еңбегінің туындысы. Киім кешек ұғымы адамдардың уақытша және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы бір ұғымды бейнелейтін модельімен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқаратар өзгереді, яғни мода да үнемі жаңарып отырады. Адамның киімге деген талғамы әр қашан жоғары болған. Әсіресе қазіргі экономиканың дамуына байланысты адамдардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы және жалпы өркениеттік дамуына байланысты киім негізгі адам қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар сәндік функциясын атқара бастады. Киімге, матасына, оның сапасына қойылатын талаптар жылдан жылға жоғарылай береді. Киімнің әр түрлі ассортиментіне деген сұраныстың жоғарылау жағдайында, әсіресе шағын өндірістер, ательелер адамдары жақсы киініп қоймай ,сонымен қатар басқалардан ерекшеленгісі келеді.
Тігін өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі мен сапасын арттыру үшін отандық және шетелдік ең алдыңғы қатарлы тігін технологиялар мен киімдердің әлемдік модельдерін жасау арқылы Қазақстан халықаралық киім үлгісінің көрмелерінде жақсы көрсеткіштермен әлемге танымал.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрағат міндеттерінің бірі - өзінің өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеуге, ұрпақ тәрбиесі келешектегі қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан – жақты жетілген, ақылпарасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық азамат ретінде тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.Осыған орай, бүгінгі заман талабына қарай жастарды киім үлгілерін модельдеуге, пішуге, тігуге, көркемдеп сәндеуге әрі эстетикалық талғамын арттырып, көркемдік білім деңгейін көтеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Конструкциялау нәтижесінде киімнің сыртқы пішіні мен құрылымы анықталатын процесс. Киім конструкциясын қалыптастыруда дененің барлық мүшелерінің өлшемдерінің бірдей мәнге ие бола бермейді. Киім үлгісін
Киім өндірісі – адамның тұрмыстық талаптары мен көркемдік талаптарына сай қызмет ететін индустрияның қуатты саласы. Ғылыммен техниканың даму нәтижесінде киім адам тұлғасын сыртқы ортадан қорғау үшін ғана емес, қолданбалы өнер обьектісі ретінде қолданылады.
Киім – утилитарлық және эстетикалық қызметтерді атқаруға, адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйым, бұйымдардың жиынтығы.
Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететінмаңызы бар. Киім белгілі бір дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен энтикалық ортасын танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет