Алматыда Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президенті жанындағы Қа­зақстан стратегиялық зерттеулер инс­титутында "Қазақстан және қа­зіргі заманғы жаһандық қауіп-қатерлер" атты ғылыми-тәжірибелік конфе­ренция болып өтті



Дата13.01.2022
өлшемі16,28 Kb.
#111541
Байланысты:
Зайткерей Гаухар №4 СРСП (копия)


4 ОБӨЖ

Алматыда Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президенті жанындағы Қа­зақстан стратегиялық зерттеулер инс­титутында “Қазақстан және қа­зіргі заманғы жаһандық қауіп-қатерлер” атты ғылыми-тәжірибелік конфе­ренция болып өтті. Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйым­даст­ы­рыл­ған ғылыми конференция ая­сында “Президент Н.Ә.Назарбаев және бүгінгі Қазақстан” атты үш томдық құжаттар жинағының тұ­сау­ке­сері өтті. Қазақстан стратегиялық зерт­теулер институты ұжымы да­йын­даған “Президент Н.А.Назарбаев и совре­менный Казахстан” атты орыс тіліндегі бұл еңбектің алғашқы то­мында негізінен еліміздің әлеу­мет­тік-экономикалық дамуындағы ең ма­ңыз­ды мәселелер және сыртқы экономикалық ахуалғабайланысты ой-түйіндер мен пікірлер жария­ланған. “Президент Н.Ә.Назарбаев және бүгінгі Қазақстан” атты жаңа жи­нақ­тың келесі томы тәуелсіз мем­ле­кет­тегі дәйектілікпен жүзеге асырылып жат­қан саяси реформалар стра­тегиясына арналған. Оқырмандар бұл еңбекте Мемлекет басшысының саяси жүйені реформалаумен қатар, ұлан-байтақ елімізде қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бағы­тын­дағы ықпалды іс-шараларымен, салмақты ой-түйіндерімен таныса алады. Ал, жинақтың үшінші томында республиканың 1991-2009 жылдар аралығындағы сыртқы саяси бағыты кеңінен қамтылған. Соған орай, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қа­зақ­станның сыртқы саясаты туралы мақалалары мен сұхбаттары бе­ріл­ген. Жаңа жинақ жөнінде өз ойын ортаға салған Қазақстан стра­те­гиялық зерттеулер институтының ди­ректоры Болат Сұлтанов еліміздің тә­уелсіздікке қол жеткізуі және мем­лекеттің қалыптасып, кемелденуі Мем­лекет басшысының атымен ты­ғыз байланысты екендігін атап айтты. “Қазақстан және қазіргі заманғы жаһандық қауіп-қатерлер” атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар бүгінгі күн тәртібінде тұрған ең басты әрі ауқымды мәселе – мемлекет қауіпсіздігі, ішкі саяси тұрақтылық және дағдарыстан ке­йінгі даму төңірегінде өз пікірлерін ортаға салды. Жаһандық қауіп-қатерден сақтану және оның алдын алу бағытындағы ықпалды іс-ша­ра­лар­дың ең тиімдісі біздің қо­ға­мы­мыз­дағы ынтымақтастық пен бірлік және келісім екендігі көпшілікке жақсы белгілі. Бұл орайда кездесуге қатысып, сөз алғандар үш мем­ле­кет­тің Кеден одағына және оның келешегіне үлкен сенім жүктеліп отырғандығын да ашып айтты. Өйт­кені, оның басты себебі Қа­зақстан, Ресей және Беларусь арасындағы ынтымақтастық байланыс бұл мемлекеттердің ғана емес, сондай-ақ ТМД-ның басқа мемлекеттерінің экономикасының дамуына айтар­лы­қ­тай игі ықпал ететіндігінде жатса керек. Жиында сөз алған Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков Қазақстанның әлемдік дағдарысқа қарсы іс-шараларының ұтымды әрі сауатты жүргізілуі мәселесіне кеңінен тоқталды. – Елімізде экономиканың дамуы мен нығаюы Қазақстанның қазіргі таңдағы жаһандық жағдайларға ықпалындағы маңызды фактор­лар­дың бірі болып есептеледі. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы төрт айында ішкі жалпы өнімнің өсуі 7,6 пайызға жетуі көп нәрседен хабар берсе керек. Ашығын айтсам, Қазақстан экономикасы әлемдік экономиканың жаһандану аясында Кеден одағына, ал жақын арада БСҰ-ға енуіне орай бірқатар күр­деліліктерге кездеспек. Олардың арасында ішкі рыноктағы тауарлар мен қызметке тұтынушылар сұра­нысының төмен деңгейі, шикізаттық бағыттылық және өзге де шешімі қиындау мәселелер бар. Ал, енді бұл проблемаларды шешу үшін және тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда еліміздің 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдар­ла­масына үлкен сенім жүктелуде. Осы бағдарламадағы “индустрияландыру кар­тасы мен өндірістік қуатты үнемді орналастыру” ең өзекті құ­рамдас болып табылады. Сондықтан да бұл бағдарламаның дәйектілікпен жүзеге асырылуы еліміздің эконо­микалық қарқынын арттыруға ықпал етпек,– деді Анатолий Башмаков. Сөз реті келгенде атап айта­р­лы­ғы, Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­тығы елдері мен Орталық Азия аймағындағы даму тұрақтылығын қамтамасыз етудегі Қазақстанның рөлі жөніндегі жақын және алыс шетелдердегі саясаткерлер пікірі көпшілік назарын аударарлықтай. Ресейлік белгілі саясаткер Ю.Соло­зо­бовтың тұжырымдауынша, “Ресей шекарасы Орталық Азия жағынан қорғалып тұрса, онда Ресей өз қауіпсіздігіне сене алады. Осы себептен де ұзындығы 7,5 мың километрден астам ортақ шекарасы бар Қазақстан Ресей үшін ма­ңызды геостратегиялық әріптес”. Ресей Федерациясының саяси тұрақ­ты­лығы, экономикалық қауіпсіздігі, тіпті аумақтық тұтастығы көбінесе Ресей-Қазақстан қарым-қатынас тағдырына тығыз байланысты”. “Қазақстан және қазіргі заманғы жаһандық қауіп-қатерлер атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда әлемдегі күрделі жағдайларға Қа­зақ­станның және оған көршілес ел­дердің алаңдаушылық білдіріп, тиімді іс-шараларды ойластыру қа­жеттігі бұл бағыттағы басты та­лаптардың бірі екендігі сөзсіз. Бұл ор­­айда Парламент Мәжілісінің де­путаты Камал Бұрхановтың ой-пі­кірімен келіспеске болмайды. Шын мәнісінде де, Еуразия кон­тинентіндегі қауіпсіздіктің біртұтас жү­йесінің берері мол екендігіне еш­қандай талас болмауы тиіс. Оған қоса, мұның өзі сарапшылар бол­жамындағыдай этностық се­пара­тизмнің өсу ықтималдығы қар­саңында өте қажет және оған тікелей қатысты өзге де мәселелер аз емес. – Көпшілікке жақсы белгілі, бұ­рын Кеңес өкіметі заманында Қа­зақстан ет және сүт өнімдері ша­руа­шылығы жоғары деңгейде дамыған мемлекет болатын. Ал, бүгінде еліміз аталған өнімдердің 50 пайызын ғана өндіреді. Мемлекет басшысының 2010 жылы бұл көрсеткішті 80 пайызға дейін жеткізу туралы міндет қоюы да тегіннен-тегін емес. Дегенмен, 2020 жылға дейін тұр­ғын­дарды өз өндірісіндегі азық-түлікпен толықтай қамтамасыз етудің қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Со­нымен қоса, азық-түлік қауіпсіздігі біздің ұлттық басты міндетіміз болуы тиіс,– дейді Камал Бұрханов. Халық қалаулысының ай­туынша, жаһандық күрделі мә­селелердің біріне айналып отырған энергия ресурстары көлемі төңі­ре­гіндегі қиын түйінді шешу үшін барлық күш-қуатты жұмсау қажет. Қазақстан үшін мұ­ның өзі тек энергетикалық проблема ғана емес, сондай-ақ бұл эко­номикаға да қатысты екені жасырын емес. “Танымал және бейтаныс Ал­маты: бүгіні мен келешегі” тақырыбы төңірегінде сөз қозғаған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов қаржы орталығының қазіргі ахуалы туралы айтып берді. Әсіресе, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету бағытында ілге­ріл­еушілік байқалуда. Өткен жылғы дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша 40 мың адам жұмыспен қамтылды. Сонымен, қазіргі заманғы жаһандық қауіп-қатерлерді барынша терең талдау, ғылыми сараптамадан өткізу, оның алдын алуға дайындық іс-шараларының берері мол.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет