0
14
1994 жылдың желтоқсан айында
үш спелеолог Ардеш
өзені (Франция) аңғарындағы үңгірді зерттеп жүріп,
оның ішіндегі бірқатар өрнекті залдарға тап болады.
Радиокөміртектік тестер жүргізіліп, археологтар табылған
суреттердің өзгелерден әлдеқайда көне екенін білгенде,
қатты таңырқайды. Үңгірдің ең көне телімі шамамен
б. д. бұрынғы 30 000 жылдарға жатса, екінші тіршілік ету
кезеңі – б. д. бұрынғы 25 000 ж. шамасы. Үңгір
спелеологтарының бірі Жан-Мари Шове есімімен аталса, оның
әріптестері Эльет Брюнель мен Кристиан Хиллэр өз есімдерін
жеке залдарға берді. Шове үңгірінің ашылуы сарапшы-
ғалымдардың Ориньян мәдениетіне, жартасқа са лынған
суреттер тағдырына деген көзқарастарын қайта қа рауларын
мәжбүрледі. Ондағы бейнеленген жануарлардың одан
кейінгі кезеңдердегі үңгірлердегі табылған жануарлардан
айырмашылықтары бар. Кәдімгі шөпқоректілермен
қатарлас өте сирек аулайтын аюлар, арыстандар мен
жыртқыштар бейнеленген. Бұл жартастағы суреттер
тек аңшылық рәсімдерге арналған деген теорияны
теріске шығарды.
ҚАЙНАР КӨЗІ
Достарыңызбен бөлісу: