Алматыкiтап баспасы 2014 Өнер



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата11.05.2022
өлшемі0,73 Mb.
#141839
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
21995 921429 16

Ласкодағы жартас кескін-
де 
мелері жария болғанда 
1948 жылы адамдардың басым 
көпшілігі таңырқауларын жасыра 
алмаған. Мүмкіндіктері шектеулі 
жұпыны адамдар осыншама тама-
ша туындыларды қалай ту дырған? 
Әр жолы ашылған жаңалық сайын 
осындай таңырқау қайталанып 
отырған. ХХ ғасырдың 90-жылдарында жартас суреттері бар ең көне 
үңгірлердің жас мөлшері б.д. бұрынғы 30 000 жылдар шамасына өзгерді. 
Алдағы болашақта бұл шек одан да бағзы замандарға шегінеді деуге негіз 
бар. Әзірге, ғылыми жетістіктер – радиокөміртектік тәсілімен мерзім белгілеу, 
жеделдеткішті қолдану арқылы масс-спектрометрия жасау және ДНҚ-ны 
зерттеу – суреттерді де, олардың археологиялық жағдайларын егжей-
тегжейлі түсінудің мүмкіндіктерін барынша қамтамасыз етуде. Суреттермен 
безендіріліп сақталған үңгірлердің орасан зор саны өсу үстінде. Бүгінгі 
таңда тек Батыс Еуропаның өзінде ғана 360-тан астам үңгір тіркеуге алынған. 
Үңгірлердегі кескіндемелердің шын мәнінде әлемдік маңызын дәлелдей 
түскендей, осыған ұқсас нысандар Жер шарының көптеген түкпірлерінен 
табылып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет