0
15
ӨЗГЕРІСТІ КЕЗЕҢ
ТАРИХҚА
ДЕЙІНГІ КЕСКІНДЕМЕ
Бизон
(б. д. бұрынғы 16 000-14 000 ж. ш.)
Сантильяна-дель-Марға (Испания) таяу
Альтамира үңгірі
Альтамира үңгіріндегі таңғажайып суреттер 1879 жылы табылған, ал ол
туралы ақпарат ең алғаш рет 1880 жылы жарияланды.
Алайда оларды
қоғамның палеолит кезеңі өнерінің түпнұсқа үлгілері деп тануы үшін
20 жылдан астам уақыт өтті. Бастапқыда сарапшылар ол біздің за-
манымызда шебер орындалған жалған дүние санап, Альтамираны
мойындамады; тым айқын бояулар мен ол кезеңдер үшін
тым мінсіз
техника оларға күмән туғызды. Олардың таңданыстары түсінікті де. Бұл
таңғажайып бизонның сұлбасы қара түспен көмкеріліп, содан кейін
барып түрлі түспен боялған. Қарайту әсерлі болуы үшін
шамалы те-
лімдердегі бояулар қырылып тастап, негізгі бөлшектерді айқындай түсу
үшін – көздері, мүйіздері мен тұяқтары нақышты желілермен қоршалған.
МАҒЫНАЛЫ МӘТІН
Палеолит кезеңін зерттеуге
Достарыңызбен бөлісу: