2.7 Иррационал теңсіздіктерді шешуге үйрету
Әдістемелік әдебиеттерде және оқулықтарда иррационал теңсіздіктерді шешу үшін дәрежелеу амалы, яғни рационалдау әдісі қолдану керектігі көрсетіледі /123, 124, 125, 126,127/. Теңсіздіктерді дәрежелегенде оның құрамындағы өрнектердің құрылымдары өзгеріп жатады. Сол өзгерісті теңсіздіктердің жиыны немесе жинағы арқылы көрсетуге болатындығын топ-топқа бөліп көрсетеді. Бұл жағдайда түрлендірудің және топқа бөлудің мағынасы ашылмағандықтан теңсіздіктердің құрылымын және түрлендірудің түрлерін оқырман жаттап алуға мәжбүрленеді. Қарастырылатын жағдайлардың саны ми сыйымдылығынан асып кеткенде керекті ақпарлар ұмытылады. Сөйтіп оқыту процесі орнықсыздыққа ауысады. Оқыту процесіне орнықты- лық қасиет берудің жолы пайда болған ақпарлық технологияның мағынасын ашу. Бұдан еске сақтайтын ақпардың көлемі азаяр ма? – екен деген күдік тууы мүмкін. Есептер жинағындағы теңсіздіктер топтарына берілген үлгі есептемелеріне қарағанда топтың саны көп емес деп айта аламыз. Әрбір топ- тағы құрылымнан туындайтын жағдай саныда санаулы. Және әрбір топтың құрылымдарының арасындағы сабақтастықты ескерсек, онда студенттердің ойлау жүйесін дамытуға әсер ететіндігі айқын. Осы айтылған ақуалдың ақиқ- аттығын, яғни оқыту процесіне орнықтылық қасиет беретіндігін нақты мыса- лдар арқылы көрсетейік.
Достарыңызбен бөлісу: |