Білім беру саласы: "денсаулық"
Бөлімі: Денешынықтыру
Мақсаты: балаларды ұжымда тату ойнауға үйрету.
Міндеттері: балаларды ұжымда тату ойнауға үйрету; еліктеу қимылдарын жасай білу дағдысын дамыту.
Жасы:3-4 жас
Өткізілетін орны: топ бөлмесі, зал, ауладағы спорт алаңқайы.
Құрал-жабдықтар: балалардың санына қарай қоян қалпақтары.
Ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Мұғалім балаларға кішкентай "маймылдарға" айналуды ұсынады.
Балалар шеңберге тұрады.
Маймылдар
Ұқсап маймыл балаға,
Жаттығып жүр далада.
Оң аяқпен-топ,топ,топ, (оң аяқтарымен жерді тапырлатады)
Сол аяқпен-топ,топ,топ. (сол аяқтарымен жерді тапырлатады)
Тым жоғары, жоғары,
Созылады қолдары. (қолдарын жоғары көтереді)
Қол тигізіп еденге,
Еңкейеді төменге. (еңкейіп қолдарын еденге тигізеді)
Талай жерді шарлайды,
кешке қарай шаршайды.
Орнына кеп жатады. (орындарына отырады)
(Г.Абдрахимова)
Ойын 2-3 рет қайталанады.
№34."Қайда екенін тап" аз қимылды ойыны
Достарыңызбен бөлісу: |