8."Кішкентай кеме"
Мекен етіп теңізді,
Жүзіп жүр бір теңізші.
Неге екенін айтпайды,
Ол құрлыққа қайтпайды.
Тыныс шығару барысында "ш-ш-ш"дейді.
Мәтін мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
№9."Баяу музыка әуенімен өлең оқылу кезіндегі жайлану сәті".
Ал, балалар, тұрмайық,
Көзімізді жұмайық.
Қиялдап та алайық,
Ертегіге барайық.
Жылу алған күннен де,
Айналайық гүлдерге.
Самалымен тербелген,
Шайқалайық желменен.
Құстың даусын тыңдайық,
Қосылып біз жырлайық.
(Г.Абдрахимова)
Балалар кілемшелерде көздерін жұмып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |